Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 212-VIII ҚРЗ.

      2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

      _______________________________________________________________________________________

  ҚАРЫЗ НӨМІРІ 96490-KZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

мен

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ Арасындағы қарыз туралы келісім (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") арасында жасалған келісім.

      Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласты:

I БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтырудағы анықтамаға сәйкес) осы Келісімге қолданылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      1.02. Егер мәнмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер оларға Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда берілген мағынаға не болады.

II БАП — ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге ("Жоба") 1-қосымшада келтірілетін жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында Валюта конверсиясы арқылы кезең-кезеңімен конвертациялануы мүмкін он үш миллиард сексен үш миллион бір жүз мың жапон иені (¥13 083 100 000) мөлшеріндегі соманы ("Қарыз") беруге келіседі.

      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның III бөліміне сәйкес алуға құқылы.

      2.03. Қарыз бойынша біржолғы комиссия Қарыз сомасының төрттен бір пайызын (0,25 %) құрайды.

      2.04. Қарыз қаражатын резервке қою үшін комиссия жылына Қарыздың алынбаған қалдығының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды.

      2.05. Пайыздық мөлшерлеме Референттік мөлшерлеме мен Ауыспалы спредтің қосындысына немесе Конверсиядан кейін қолданылуы мүмкін мөлшерлемеге тең; Жалпы шарттардың 3.02 (е) бөліміне сәйкес айқындалады.

      2.06. Әр жылдың 15 сәуірі және 15 қазаны төлем күндері болып табылады.

      2.07. Қарыздың негізгі сомасын өтеу осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

III БАП — ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын ұстанатынын мэлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жалпы шарттардың V бабының, осы Келісімге 2-қосымшаның және Жобалау келісімінің ережелеріне сәйкес Жобаны орындаушының Жобаны іске асыруын қамтамасыз етеді.

IV БАП — БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

      4.01. Әрекетті тоқтата тұруға алып келетін қосымша оқиға мынаны, атап айтқанда, Банктің пікірінше, Жобаны орындаушыға қатысты Заңнама Жобаны орындаушының осы Келісім мен Жобалау келісімі бойынша өз міндеттемелерінің кез келгенін орындау қабілетіне елеулі және қолайсыз әсер ететіндей өзгеріске, тоқтатып қоюға, тоқтатуға, жоюға немесе күшін жоюға ұшырау оқиғасын қамтиды.

      4.02. Жеделдетуге алып келетін қосымша оқиға мынаны, атап айтқанда, осы Келісімнің 4.01-бөлімінде көрсетілген оқиға Банк Қарыз алушыны оқйға туралы хабардар еткеннен кейін алпыс (60) күн бойы болатынын және жалғасатынын қамтиды.

V БАП — КҮШІНЕ ЕНУІ; БҰЗУ

      5.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мыналарды білдіреді:

      (a) Жобаны орындаушы Жобаны басқару тобын ("ЖБТ") құрды және ЖБТ жетекшісін, Жобаның 1-бөлігінің үйлестірушісін, қаржылық басқару жөніндегі маманды және сатып алу жөніндегі маманды олардың әрқайсысын Банк үшін қолайлы техникалық тапсырма, біліктілігі мен тәжірибесі негізінде жалдады; және

      (b) Жобаны орындаушы нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да Банк үшін қолайлы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама мен Үлестік гранттар жөніндегі нұсқаманы қабылдады.

      (c) 2. Қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады.

VI БАП — ӨКІЛ; МЕКЕНЖАЙЛАР

      6.01. Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.

      6.02. Жалпы шарттардың 10.01-бөлімінің мақсаттары үшін:

      (a) Қарыз алушының мекенжайы:

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Астана, 010000

      Мәңгілік Ел даңғылы, 8; және

      (b) Қарыз алушының электрондық мекенжайы:

      Факс:

      (7) (7172) 750201

      6.03. Жалпы шарттардың 10.01 -бөлімінің мақсаттары үшін:

      (a) Банктің мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі

      Америка Құрама Штаттары

      Вашингтон, Колумбия округі, 20433

      1818 Н көшесі, N.W.; және

      (b) Банктің электрондық мекенжайы:

      Телекс: Факс:

      248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391

      64145(МСІ)

      Қол қойылған күні КЕЛІСІЛДІ.

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
________________________
уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.: Мәди Такиев
  Лауазымы: Қаржы министрі
  Күні: 2024 жылғы 12 желтоқсан
  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
____________________________
  уәкілетті өкіл
  Т.А.Ә.: Андрей Михнев
  Лayазымы: Қазақстандағы тұрақты өкіл
  Күні: 2024 жылғы 12 желтоқсан

1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты Қарыз алушы аумағының қызмет көрсетілмейтін және жеткіліксіз қызмет көрсетілетін жекелеген аудандарында сапасы жоғары және климаттың өзгеруіне төзімді кеңжолақты байланыс инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

      Жоба мынадай бөліктерден тұрады:

      1-бөлік: Төзімді цифрлық инфрақұрылым

      Транзиттік желілер мен қолжетімділік желілерін өрістету арқылы цифрлық инфрақұрылымға тең құқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін интернет-қызметтерді іріктелген берушілердің кіші жобаларына Үлестік гранттар беру арқылы үй шаруашылықтарын, мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды кеңжолақты байланысқа қосу үшін сапасы жоғары, климаттың өзгеруіне төзімді және томен көміртекті цифрлық инфрақұрылымды өрістетуді қолдау.

      2-бөлік: Жобаны басқару және іске асыруды қолдау

      Жобаны іске асыруды үйлестіру мен техникалық қадағалауды, қаржылық басқаруды, сатып алуды, Жобаны мониторингтеу мен бағалауды, әлеуметтік-экологиялық стандарттардың сақталуын басқару мен қадағалауды, азаматтармен коммуникация мен өзара іс-қимылды қоса алғанда, Жобаны басқаруды қолдау.

2-ҚОСЫМША

Жобаны орындау

I бөлім. Іске асыру тетіктері

      A. Институционалдық тетіктер

      1. Қарыз алушы:

      a) Жобаға жалпы стратегиялық жетекшілік ету үшін ЦДИАӨМ-нің жауапты болуын қамтамасыз етуге;

      b) Жобаны іске асыру үшін Жобаны орындаушыға Қарыз қаражатын беруге;

      c) Жобаны орындаушының Жобаны іске асыру үшін жауапты болуын және Банк үшін қолайлы құрамы, ресурстары, техникалық тапсырмалары және функциялары бар ЖБТ-ны Жоба іске асырылатын бүкіл кезең бойы қолдауын қамтамасыз етуге;

      d) Жобаны орындаушының Күшіне енген күннен кейін отыз (30) күннен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маман мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманды жалдауын қамтамасыз етуге; және

      e) Жобаны орындаушының Күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей Жоба шеңберінде қаржылық есептілікке және бухгалтерлік есепке Банктің қоятын талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік бағдарламалық қамтылымды орнатуын; жоғарыда санамаланғандардың барлығын - Банк үшін қолайлы техникалық тапсырмаларға сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

B. Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама

      1. Қарыз алушы Жобаны орындаушының Жобаны іске асыруын қамтамасыз етуге және өзгелермен қатар: (а) қаржылық басқару, сатып алу, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық мәселелерді басқару тетіктерін; (b) ЖБТ кадрлық қамтамасыз етуді, басқаруды және оның міндеттерін; (с) аудиттелмеген аралық қаржылық есептер форматын қоса алғанда, Жоба шеңберінде қаражатқа қол жеткізу, игеру, қаражатты есепке алу және аудиттеу рәсімдерін; (d) Жобаны мониторингтеу, қадағалау және бағалау рәсімдерін; және (е) Жобаны тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін басқа да техникалық, әкімшілік, фидуциарлық немесе үйлестірушілік шараларды қоса алғанда, нысаны мен мазмұны бойынша Банкті қанағаттандырарлық Жобаны іске асыруды Жобаны іске асыруға қатысты операциялық және әкімшілік рәсімдер мен талаптар жазылған Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқамаға сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      2. Банк өзгеге жазбаша нысанда келіскен жағдайларды қоспағанда, ЖІН-ді немесе оның кез келген ережесін басқаға беруді, өзгертуді, одан бас тартуды, оны тоқтата тұруды, оның күшін жоюды немесе өзге де түрде оның сақталуын қамтамасыз етпеуді жүзеге асыруға Қарыз алушының құқығы жоқ және Жобаны орындаушының осыларға құқығы болмауын қамтамасыз етеді.

      3. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, ЖІН-нің қандай да бір ережелері мен осы Келісімнің ережелері арасында кез келген сәйкессіздік болған жағдайда, осы Келісімнің ережелерінің күші басым болады.

C. Жобаның 1-бөлігі шеңберіндегі Кіші жобаларға арналған үлестік гранттар

      1. Жобаның 1-бөлігін іске асыру мақсатында Қарыз алушы Жобаны орындаушының:

      (a) Күшіне енген күннен кейін отыз (30) күннен кешіктірмей Кіші жобаларды (Кіші жобаларды үйлестіруді, мониторингтеу мен бағалауды қоса алғанда) іске асыруға байланысты негізгі функцияларды орындау мақсатында Банкті қанағаттандыратын ЖБТ персоналымен тікелей жұмыс істеу үшін ЖБТ құрамында қосымша арнаулы персоналды тағайындауын немесе жалдауын;

      (b) Күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей Үлестік гранттарға өтінімдерді бағалау және ИҚБ іріктеу үшін Банкті қанағаттандыратын құраммен Іріктеу жөніндегі комиссия құруын және Жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде одан әрі қолдауын;

      (c) Жобаның 1-бөлігі шеңберінде өзгелермен қатар:

      (i) Іріктелген ИҚБ үшін іріктеу өлшемшарттарын;

      (ii) Кіші жобалар үшін іріктеу өлшемшарттарын;

      (iii) өтінімдер беру, бағалау, іріктеу, мақұлдау, әкімшілендіру және Кіші жобалардың іске асырылуын қадағалау рәсімдерін;

      (iv) Үлестік гранттарды игеру өлшемшарттарын, құқыққа сыйымды шығыстарды, Алып тасталған шығыстарды, тиімділік өлшемшарттарын, мониторингтеу, бағалау және есептілік тетіктерін қоса алғанда, Үлестік гранттар беру шарттарын; және

      (v) Үлестік грант туралы келісімнің үлгісін қоса алғанда, Үлестік гранттарға өтінімдерді іріктеу, бағалау және мақұлдау, сондай-ақ Кіші жобалардың іске асырылуын қадағалау рәсімдері белгіленетін, нысаны мен мазмұны бойынша Банкті қанағаттандырарлық Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамаға сәйкес іс-шаралар өткізуін;

      (d) өзгелерден басқа, осы бөлімде жазылған шарттарды қоса алғанда, Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада жазылған шарттармен Іріктелген ИҚБ-ға Үлестік гранттар беруін;

      (e) Іріктелген ИҚБ Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада көрсетілген деңгейде Кіші жобаны қаржыландыруға қажетті үлес қосуын қамтамасыз етуін;

      (f) әрбір Үлестік гранттың Кіші жобалардың Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамаға сәйкес құқыққа сыйымды деп саналатын іс-шараларын қолдауды қамтамасыз етуін және ешқандай Алып тасталған шығыстарды қаржыландырмауын; және

      (g) Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамаға сәйкес Кіші жобаларды қадағалауды, мониторингтеуді жүзеге асыруын және оларды іске асыру туралы есептілікті ұсынуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      2. Іріктелген ИҚБ-ға қандай да бір Үлестік грант бермес бұрын Қарыз алушы Жобаны орындаушының Үлестік грант туралы келісімнің үлгісі негізінде және Банк үшін қолайлы шарттарда тиісті Іріктелген ИҚБ-мен Үлестік грант туралы келісім жасасуын қамтамасыз етуге тиіс, ол өзгелерден басқа, мыналарды қамтуға тиіс:

      (а) төмендегі 2(c) кіші бөлімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Іріктелген ИҚБ-ға қатысты Үлестік грантты өтеу туралы талап қойылмайды;

      (b) Үлестік гранттың ең жоғары сомасы әрбір Кіші жоба үшін 500 000 АҚШ долларына баламалы болуға тиіс, оған қоса грантқа өтінімдерді бір рет қабылдау шеңберінде кез келген Іріктелген ИҚБ-ға ең көп дегенде екі Үлестік грант берілуі мүмкін;

      (c) Жобаны орындаушы: (і) Іріктелген ИҚБ Үлестік грант туралы келісім бойынша өзінің қандай да бір міндеттемелерін орындамаған жағдайда Іріктелген ИҚБ-ның Үлестік грант қаражатын пайдалану құқығын тоқтата тұру немесе күшін жою, немесе Үлестік гранттың кейіннен кері қайтарып алынған сомасының барлық немесе кез келген бір бөлігінің өтемін алу құқығын; және (іі) әрбір Іріктелген ИҚБ-дан мыналарды:

      (A) Банкті қанағаттандырарлық тиісті адалдықпен және тиімділікпен және тиісті техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік стандарттар мен практикаға сәйкес, оның ішінде Қарыз алушы болып табылмайтын қарыз қаражатын алушыларға қолданылатын Үлестік гранттар жөніндегі нүсқаманың, ӘЭМЖ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес Кіші жобаны іске асыруды;

      (B) Кіші жоба шеңберінде ешқандай Алып тасталған шығыстардың қаржыландырылмауын қамтамасыз етуді;

      (C) Кіші жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстарды қажеттілігіне қарай ақшалай немесе заттай нысанда жедел беруді;

      (D) Үлестік грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық емес қызметтер мен консультациялық қызметтердің (1) Сатып алу қағидаларында жазылған қолданыстағы коммерциялық практикаға сәйкес сатып алынуын; және (2) Жоба бойынша барлық осындай тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық емес қызметтер мен консультациялық қызметтердің Кіші жобалар мен олардың мақсаттарын іске асыру үшін ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуді;

      (E) Қарыз алушы мен Банкке Кіші жобаларға енгізілген Жоба бойынша барлық тауарларды, жұмыстарды, консультациялық емес қызметтер мен консультациялық қызметтерді, сондай-ақ кез келген тиісті жазбалар мен құжаттарды тексеруге мүмкіндік беруді;

      (F) оған Кіші жобаны жүзеге асыру және оның мақсаттарына қол жеткізу барысын мониторингтеу мен бағалауды Банк үшін қолайлы көрсеткіштерге сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін жеткілікті шаралар мен рәсімдерді қолдануды;

      (G) (1) Үлестік гранттың пайдаланылуын көрсету үшін жеткілікті болатын нысанда Банк үшін қолайлы қаржылық есептілікті дайындауды; және (2) Банктің, Қарыз алушының немесе Жобаны орындаушының сұрау салуы бойынша Банк үшін қолайлы, жүйелі қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес Банк үшін қолайлы тәуелсіз аудиторлардың осындай қаржылық есептілікке аудит жүргізуін қамтамасыз етуді және Қарыз алушыға, Банкке және Жобаны орындаушыға осылайша тексерілген есептілікті жедел ұсынуды; және

      (Н) Қарыз беруші мен Банкке жоғарыда баяндалғанға қатысты Қарыз беруші мен Банк негізді сұратуы мүмкін мәліметтің барлығын дайындауды және беруді талап ету құқығын қоса алғанда, өзінің мүдделерін және Банктің мүдделерін қорғау құқығын алады.

      3. Банк жазбаша нысанда өзгеге келіскен жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы Жоба орындаушысының Үлестік гранттар жөніндегі нұсқаманың немесе оның кез келген ережесін басқаға беруді, өзгертуді, бас тартуды, тоқтата тұруды, оның күшін жоюды немесе сақталуын өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыруға құқығы жоқ және Жобаны орындаушының да осындай құқығы болмауын қамтамасыз етеді. Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамаға Банкпен келісу бойынша және ол мақұлдағаннан кейін ғана түзетулер енгізілуі мүмкін. Үлестік гранттар жөніндегі нұсқаманың шарттары мен осы Келісімнің ережелері арасында кез келген сәйкессіздік болған жағдайда осы Келісімнің шарттары басым күшке ие болады.

      4. Қарыз алушы Жобаны орындаушының Үлестік грант туралы тиісті келісім бойынша әрбір осындай Кіші жобаға қатысты өз құқықтарын жүзеге асыруын және өз міндеттемелерін Банктің мүдделері мен өзінің мүдделерін қорғайтындай етіп орындауын қамтамасыз етуге міндеттенеді және Банк өзгеге келіскен жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушының Үлестік грант туралы кез келген келісімді және оның кез келген ережелерін басқаға беруді, күшін жоюды, өзгертуді, тоқтата тұруды, бұзуды, бас тартуды жүзеге асыруға немесе өзге де жолмен сақтауды қамтамасыз етпеуге құқығы жоқ, сондай-ақ Үлестік гранттар жөніндегі нұсқаманың ережелері мен осы Келісімнің ережелері арасында кез келген сәйкессіздік болған жағдайда осы Келісімнің ережелері басым күшке ие болады.

D. Жылдық жұмыс жоспары және бюджет

      Қарыз алушы Жобаны орындаушының:

      (а) Жобаны іске асыру барысында әр жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей мыналарды: (і) келесі жылдың ішінде Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын барлық іс-шараны, сондай-ақ (іі) ұсынылатын сомалар мен қаржыландыру көздерін көрсете отырып, осындай іс-шараларға қажетті шығыстарды қаржыландырудың ұсынылатын жоспарын қамтитын ұсынылатын Жылдық жұмыс жоспары мен бюджетті дайындауын және Банкке ұсынуын;

      (б) Банкке әрбір осындай ұсынылатын Жылдық жұмыс жоспары мен бюджет бойынша Қарыз алушымен пікір алмасуға ақылға қонымды мүмкіндік беруін, содан кейін Жоба Банк мақұлдайтын Жылдық жұмыс жоспары мен бюджетке сәйкес көрсетілген келесі жыл ішінде тиісті адалдықпен іске асырылуын қамтамасыз етуге; және

      (с) бекітілген Жылдық жұмыс жоспары мен бюджетке Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешқандай өзгерістер енгізбеуін және оларға жол бермеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

E. Әлеуметтік-экологиялық стандарттар

      1. Қарыз алушы Банк үшін қолайлы тәсілмен Жобаны Әлеуметтік-экологиялық стандарттарға сәйкес жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді және Жобаны орындаушыны міндеттейді.

      2. Жоғарыда көрсетілген 1-тармақпен шектелмей, Қарыз алушы Банк үшін қолайлы тәсілмен Жобаны Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспарына ("ӘЭМЖ") сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді және Жобаны орындаушыны міндеттейді. Осы мақсатта Қарыз алушы:

      (a) ӘЭМЖ-да көрсетілген шаралар мен іс-қимылдарды ӘЭМЖ-да көзделгендей тиісті адалдықпен және тиімділікпен іске асыруды;

      (b) ӘЭМЖ-ны іске асыруға арналған шығыстарды жабу үшін жеткілікті қаражаттың болуын;

      (c) ережелер мен рәсімдердің сақталуын, ал білікті және тәжірибелі қызметкерлердің ӘЭМЖ-да көзделгендей, ӘЭМЖ-ны іске асыру үшін жеткілікті түрде тұрақтауын; және

      (d) Банк ӘЭМЖ-да көрсетілгендей жазбаша нысанда өзгеше келісетін және қайта қаралған ӘЭМЖ-ның дереу ашып көрсетілуі қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, ӘЭМЖ немесе оның кез келген ережесі өзгерістерге, күшін жоюға, тоқтата тұруға немесе одан бас тартуға ұшырамауын қамтамасыз етуге міндеттенеді және Жобаны орындаушыны міндеттейді.

      3. ӘЭМЖ мен осы Келісімнің ережелері арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, осы Келісімнің ережелері басым күшке ие болады.

      4. Қарыз алушы:

      (а) Банктің сұрау салуы бойынша, ӘЭМЖ талаптарын және онда айтылған экологиялық және әлеуметтік құралдарды сақтаудың жай-күйі туралы ақпаратты жинау, қорыту және ӘЭМЖ-да көрсетілген кезеңділікпен тұрақты есептер арқылы және дереу жеке есепте немесе есептерде ұсыну бойынша барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге, бұл ретте нысаны мен мазмұны бойынша барлық осындай есептер Банк үшін қолайлы болуы тиіс, онда өзгелермен қатар: (і) ӘЭМЖ-ны іске асыру мәртебесі; (іі) егер бар болса, ӘЭМЖ-ны іске асыруға кедергі келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін мән-жайлар; және (ііі) осындай мән-жайларды жою үшін қабылданған немесе қабылдануы қажет түзету және алдын алу шаралары көрсетіледі; және

      (b) Банкті Жобаға байланысты немесе ӘЭМЖ-ға онда аталған экологиялық және әлеуметтік құралдарға, сондай-ақ әлеуметтік-экологиялық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаға, қатысты қоғамдастықтарға, халыққа немесе жұмыскерлерге елеулі қолайсыз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Жобаға ықпал ететін кез келген оқыс оқиға немесе оқиға туралы дереу хабардар етуді қамтамасыз етуге міндеттенеді және Жобаны орындаушыны міндеттейді.

      5. Қарыз алушы шағымдарды қараудың қолжетімді тетігін құруға, жариялауға, қолдауға және пайдалануға, Жобада қозғалған адамдардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауға және оларды шешуге жәрдемдесуге, сондай-ақ Банк үшін қолайлы тәсілмен осындай өтініштер мен шағымдарды шешу немесе шешуге жәрдемдесу үшін барлық қажетті және орынды шараларды қабылдауға міндеттенеді және Жобаны орындаушыны міндеттейді.

      6. Қарыз алушы Жоба шеңберіндегі құрылыс жұмыстарына арналған барлық конкурстық құжаттамаға және келісімшарттарға мердігерлердің, қосалқы мердігерлердің және қадағалау ұйымдарының мынадай: (а) ӘЭМЖ-ның және он да аталған экологиялык және әлеуметтік құралдардың тиісті аспектілерін сақтау жөніндегі; және (b) көрсетілген келісімшарттарға сәйкес тапсырыс берілген немесе орындалатын осындай құрылыс жұмыстарына қолданылуына байланысты экологиялық, әлеуметтік қауіп-қатерлерді, денсаулық пен қауіпсіздік үшін қауіп-қатерлерді, сондай-ақ балаларға қатысты сексуалдық қанау мен қолсұғушылық, сексуалдық қудалау және зорлық-зомбылық қауіп-қатерлерін жою жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, барлық жұмыскерлерге ұсынылуы және олар қол қоюы тиіс мінез-құлық кодекстерін қабылдау және орындау жөніндегі міндеттемелерінің енгізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді және Жобаны орындаушыға міндеттейді.

II бөлім. Жоба есептілігі, оны мониторингтеу және бағалау

      Қарыз алушы Жоба бойынша әрбір Есепті Банкке күнтізбелік жартыжылдықты қамтитын әрбір күнтізбелік жартыжылдық аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей ұсынуға міндеттенеді.

III бөлім. Қарыз қаражатын алу

A. Жалпы ережелер

      Жалпы шарттардың II бабының ережелерін шектемей және Қаражатты игеру рәсімдері туралы хатқа және қаржылық ақпаратқа сәйкес Қарыз алушы Құқыққа сыйымды шығыстарды қаржыландыру үшін Қарыз қаражатын бөлінген сома мөлшерінде және, егер қолданылатын болса, мына кестеде әрбір Санат үшін көрсетілген пайызға дейін алуды жүзеге асыра алады.

Санат

Бөлінген қарыз сомасы (жапон иенімен көрсетілген)

Қаржыландыруға жататын шығыстар пайызы (Жобаның 2-бөлімінен басқа, салықтарды қоса алғанда)

(1) 1-бөлім шеңберіндегі Үлестік гранттар, консультациялық емес қызметтер, консультациялық қызметтер және Жобаның 2-бөлімі шеңберіндегі
Операциялық шығыстар

13 083 100 000

100 % және Үлестік гранттар үшін төленген соманың 100 %

ЖАЛПЫ СОМАСЫ

13 083 100 000


B. Қаражатты алу шарттары; Қаражатты алу кезеңі

      1. Жоғарыда көрсетілген А бөлігінің ережелеріне қарамастан, Қол қойылатын күнге дейін жүргізілген төлемдер үшін қаражатты алуға жол берілмейді.

      2. 2028 жылғы 31 желтоқсан жабылу күні болып табылады.

3-ҚОСЫМША

      Қаражатты резервке қоюмен бірге байланысты Қарызды өтеу кестесі

      Қарыз бойынша негізгі борышты өтеу есебіне төленетін Төлемдер күні және Қарыз бойынша негізгі борышты өтеу есебіне Төлем жасаудың әрбір күнінде төленуге тиіс негізгі борыштың жалпы сомасының пайызы ("Жарна үлесі") мына кестеде көрсетілген.

      Негізгі борыш сомасын тең үлестермен өтеу

Негізгі борышты өтеу есебіне төлем күні

Транш үлесі

2028 жылғы 15 сәуірден бастап
2035 жылғы 15 қазанға дейін жыл сайын 15 сәуір және 15 қазан

6,25 %

ТОЛЫҚТЫРУ

Анықтамалар

      1. "Жылдық жұмыс жоспары және бюджет" осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөліміне сәйкес жыл сайын Жобаны орындаушы дайындайтын және Банк мақұлдайтын жұмыс жоспары мен бюджетті білдіреді. "Жылдық жұмыс жоспарлары мен бюджеттер" біреуден астам осындай Жылдық жұмыс жоспары мен бюджетті білдіреді.

      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама" Жалпы шарттарға Толықтырудың 6-тармағының мақсаттары үшін күні 2006 жылғы 15 қазанмен белгіленген және 2011 жылғы қаңтарда қайта қаралған және 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және олардың жолын кесу жөніндегі нұсқаманы" білдіреді.

      3. "Күрделі шығындар" Кіші жоба шеңберінде, өзгелермен қатар, физикалық активтерді (жабдықтар сияқты) сатып алуға, жөндеуге немесе жақсартуға Іріктелген ИҚБ жұмсаған ақылға қонымды шығыстарды білдіреді.

      4. "Санат" осы Келісімге 2-қосымшаның III.А бөліміндегі кестеде көрсетілген санатты білдіреді.

      5. "Әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспары" немесе "ӘЭМЖ" 2024 жылғы 26 қаңтардағы Жоба бойынша әлеуметтік-экологиялық міндеттемелер жоспарын білдіреді, оған оның ережелеріне сәйкес кезең-кезеңімен түзетулер енгізілуі мүмкін, онда іс-қимылдар мен шараларды жүзеге асыру мерзімдерін, институционалдық тетіктерді, кадрлармен қамтамасыз ету, оқыту, мониторинг және есептілік тетіктерін, сондай-ақ Жоба шеңберінде дайындалатын кез келген экологиялық және әлеуметтік құралдарды қоса алғанда, Жобаның әлеуетті экологиялық және әлеуметтік қауіп-қатерлерді мен әсерлерін жою үшін Қарыз алушы жүзеге асыруы немесе олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс елеулі шаралар мен іс-қимылдар баяндалады.

      6. "Әлеуметтік-экологиялық стандарттар" немесе "ӘЭС" жиынтығында 2018 жылғы 1 қазанда күшіне енген, Банк жариялаған: (і) "1-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Әлеуметтік-экологиялық қатерлер мен әсерлерді бағалау және басқару"; (іі) "2-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Жұмысшы персонал және еңбек жағдайлары"; (ііі) "3-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаның ластануын реттеу және алдын алу"; (iv) "4-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Денсаулық сақтау және қауымдастықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету"; (v) "5-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Жерлерді иеліктен шығару, жерді пайдалануды шектеу және мәжбүрлеп қоныс аудару"; (vi) "6-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Биологиялық әралуандықты сақтау және тірі табиғи ресурстарды орнықты басқару"; (vii) "7-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Жергілікті халықтар/Сахарадан оңтүстікке қарай Африка елдерінің тарихи қорғалмаған дәстүрлі жергілікті қауымдастықтары"; (viii) "8-әлеуметтік-экологиялық стандарт: Мәдени мұра"; (іх) "9-әлеуметтік-экологиялық стандарт:      Қаржы делдалдары"; (х) "10-элеуметтік-экологиялық стандарт: Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және ақпаратты ашу" стандарттарын білдіреді.

      7. "Алып тасталған шығыстар" жиынтығында мыналарды:

      (a) Дүниежүзілік банк/Халықаралық қаржы корпорациясы тобының Ерекшеліктер тізімінде көрсетілген кез келген қызмет түрі немесе онда көрсетілген материалдарды өндіру және (немесе) пайдалану жөніндегі қызметті (https://www.ifc.Org/wps/wcm/connect/topics_ext_content/ifc_extemal_corporate_site/s ustainability-at-ifc/company-resources/ifcexclusion-list қараңыз), сондай-ақ Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада санамаланған және көрсетілген нұсқамада ерекшеліктер тізімінің бөлігі ретінде сыныпталған және аталған басқа да қызмет түрлерін және (немесе) материалдарды;

      (b) Үлестік гранттар жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес әлеуетті экологиялық және әлеуметтік салдарларға қатысты жоғары немесе елеулі қатер ретінде болжанып сыныпталатын қызметті;

      (c) жерді иеліктен шығаруды, жерді пайдалануды шектеуді немесе мәжбүрлеп қоныс аударуды көздейтін (5-ӘЭС-те айқындалғандай); биологиялық әралуандықты сақтауға және тірі табиғи ресурстарды орнықты басқаруға әсер ететін (6-ӘЭС-те айқындалғандай); мәдени мұраға әсер ететін (8-ӘЭС-те айқындалғандай) немесе балалар еңбегін немесе мәжбүрлі еңбекті көздейтін қызметті;

      (d) Әлеуетті пайдалануды немесе кез келген су жолдарына төгуді болжайтын, Дүниежүзілік Банктің 7.50 Операциялық саясатына сәйкес айқындалған және қолданылатын инвестицияларды (немесе мұндай инвестицияларды егжей-тегжей жобалауды және инженерлік-геофизикалық зерттеуді), бұл ретте мұндай су жолдары Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада толығырақ сипатталуға тиіс;

      (e) жаңа бөгет салуды болжайтын немесе қолданыстағы немесе салынып жатқан бөгеттің жай-күйіне байланысты болатын қызметті; және

      (f) Банк пен Қарыз алушы келіскен және Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада жазылған кез келген басқа ерекшеліктерді қарастыратын қызметті білдіреді.

      8. "Жалпы шарттар" 2018 жылғы 14 желтоқсандағы "ХКДБ қаржыландыруы үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің Жалпы шарттары. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру" білдіреді (соңғы редакциясы 2023 жылғы 15 шілдедегі).

      9. "Интернет-қызметтерді беруші" немесе "ИҚБ" Қарыз алушының аумағында түпкілікті пайдаланушыларға Интернетов қол жеткізу қызметтерін ұсынуға тиісті түрде уәкілеттік берілген және Телекоммуникациялар комитетінде тіркелген заңды тұлғаны білдіреді. "ИҚБ берушілер" осындай Интернет-қызметтерді біреуден астам берушіні білдіреді.

      10. "Үлестік грант" Телекоммуникациялар комитеті кез келген осы Кіші жоба шеңберіндегі жұмыстарды, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, Күрделі шығындардың барлығын немесе бір бөлігін қаржыландыруды жүзеге асыру үшін Іріктелген ИҚБ-ға беретін грантты білдіреді; "Үлестік гранттар" біреуден астам осындай грантты білдіреді.

      11. "Үлестік грант туралы келісім" осы Келісімге 2-қосымшаның І.С. 2-бөлімінде және Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада жазылған талаптарға сәйкес Жобаны орындаушы мен Іріктелген ИҚБ арасында жасалуға тиісті келісімді білдіреді.

      12. "Үлестік гранттар жөніндегі нұсқама" осы Келісімге 2-қосымшаның І.С.1(с) бөлімінде көрсетілген, Банктің алдын ала жазбаша мақұлдауымен кезең-кезеңімен түзетулер енгізілуі мүмкін, Жобаны орындаушы қабылдаған, Банк үшін қолайлы нұсқаманы білдіреді.

      13. "ЦДИАӨМ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін немесе оның Банк үшін қолайлы кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.

      14. "Операциялық шығыстар" мониторинг пен бағалауды, байланысқа арналған шығыстарды, іссапар шығыстарын, визаға арналған және тәуліктік шығыстарды, Жобаны басқару тобының келісімшарт бойынша персоналының жалақысын (Қарыз алушының мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдарының жалақысын қоспағанда), Жобаны басқару тобының келісімшарт бойынша персоналы үшін Әлеуметтік аударымдарды, іс қағаздарын жүргізуге арналған шығыстар мен Банкпен келісу бойынша және Жылдық жұмыс жоспары мен бюджет негізінде Жобаны іске асырумен тікелей байланысты басқа да негізді шығыстарды қоса алғанда, Жобаны басқару тобының Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингтеуге байланысты шеккен ақылға қонымды қосымша шығыстарын білдіреді.

      15. "Жобаны орындаушы" Телекоммуникациялар комитетін білдіреді.

      16. "Жобаны орындаушыға қатысты заңнама" Телекоммуникация комитеті туралы ереже бекітілген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығын, сонымен қатар кез келген түзетулерді немесе одан кейінгі кез келген заңнаманы, сондай-ақ Жобаны орындаушыға қатысты кез келген басқа да тиісті заңға тәуелді актілерді және кез келген басқа да қолданылатын заңнаманы білдіреді.

      17. "Сатып алу қағидалары" Жалпы шарттарға Толықтырудың 85-тармағының мақсаттары үшін 2023 жылғы қыркүйектегі "ИЖҚ Қарыз алушылары үшін Дүниежүзілік Банктің сатып алу қағидаларын" білдіреді.

      18. "Жобалау келісімі" Жобаны іске асыруға қатысты, осы Келісіммен бір күнде жасалатын, кезең-кезеңімен түзетулер енгізілуі мүмкін Банк пен Жобаны орындаушы арасындағы келісімді білдіреді және бұл термин Жобалау келісіміне барлық қосымшалар мен келісімдерді қамтиды.

      19. "Жобаны басқару тобы" немесе "ЖБТ" осы Келісімге 2-қосымшаның І.А. 1-бөлімінде көрсетілген Жобаны басқару тобын білдіреді.

      20. "Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама" немесе "ЖІН" осы Келісімге 2-қосымшаның І.В бөліміне сәйкес Жобаны орындаушы қабылдаған нұсқаманы білдіреді, оған Банктің келісімімен кезең-кезеңімен түзетулер енгізілуі мүмкін.

      21. "Іріктеу жөніндегі комиссия" осы Келісімге 2-қосымшаның І.С.1(b) бөліміне сәйкес Жобаны орындаушы құратын іріктеу жөніндегі комиссияны білдіреді.

      22. "Іріктелген ИҚБ" іріктеу өлшемшарттарына сай келетін және Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада көрсетілгендей Кіші жобаны іске асыру арқылы Жобаның 1-бөлігін іске асыру үшін Іріктеу жөніндегі комиссия іріктеген Интернет-қызметтерді берушіні білдіреді. "Іріктелген ИҚБ-лар" біреуден астам осындай Іріктелген ИҚБ-ны білдіреді.

      23. "Қол қойылған күн" Қарыз алушы мен Банк осы Келісімге қол қойған екі күннің неғұрлым кешірегін білдіреді және мүндай анықтама Жалпы шарттардағы "Қарыз туралы келісім күні" деген барлық сілтемелерге қолданылады.

      24. "Әлеуметтік аударымдар" Қарыз алушының қолданатын заңнамасына сәйкес ЖБТ-ның келісімшарт бойынша персоналына берілетін кез келген төлемдерді, сыйлықақыларды немесе медициналық және әлеуметтік жеңілдіктерге жарналарды білдіреді.

      25. "Кіші жоба" Үлестік гранттар жөніндегі нұсқамада жазылған өлшемшарттарға сәйкес келетін, Жобаның 1-бөлігі шеңберінде кең жолақты байланыс инфрақұрылымын өрістету үшін жүзеге асырылуға тиіс өндірістік мақсаттағы кез келген инвестицияларды немесе қызметті білдіреді. "Кіші жобалар" біреуден астам осындай Кіші жобаны білдіреді.

      26. "Телекоммуникациялар комитеті" 141040019229 сәйкестендіру нөмірімен құрылған "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесін немесе оның Банк үшін қолайлы кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.

      Осымен 2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.

      Вице-министр Д.Кеңбейл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады