2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
| Бейресми аударма |
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
(2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., N 1, 2-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес
төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Жарғының 13-бабына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшылары не, егер оларға өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кіреді.";
б) алтыншы абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Кеңес өзгеше шешім қабылдамаса, онда аумағында Кеңестің кезекті сессиясы өтетін мемлекет атынан өкілдік ететін Кеңестің мүшесі Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) болып табылады.";
2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
| Армения Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін |
| Беларусь Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
| Қазақстан Республикасы үшін | Тәжікстан Республикасы үшін |
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.
|
ҚР СІМ Әкімшілік жұмыс және бақылау департаментінің Мемлекеттік тіл басқармасының бірінші хатшысы |
А.Бекбосынов |
