Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жекеше нотариус – нотариаттық іс-әрекетті нотариаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негізінде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әділет органында есепке алу тіркеуінен өткен Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеті;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
8) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
9) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
10) сақтанушы – сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус;
11) үшінші тұлға – жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тарапы болып табылмайтын, жекеше нотариус жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті нотариаттық іс-әрекеттер жасауға байланысты кәсіби міндеттерін жекеше нотариустың орындауы кезінде мүліктік мүдделеріне зиян келтірілген тұлға;
12) франшиза – сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі
Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтерді жасауы нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі (бұдан әрі - жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру) болып табылады, оларды жүзеге асыру үшін жекеше нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың жауапкершілігіне міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі - нотариаттық іс-әрекеттер) жасасуға міндетті.
4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері
1. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы нәтижесінде зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптері:
жекеше нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған жекеше нотариустың қызметін жүзеге асыру;
тараптардың жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндеттісақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
Ескерту. 1-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-2-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін қажет және оның салдары туралы ақпарат қолында бар әділет органдары, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Ескерту. 1-тарау 4-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жататын тұлғалар
1. Қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асыруына байланысты өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу
1. Жекеше нотариус жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай нотариаттық қызметтерді жасауға құқылы емес.
2. Қызметін жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын жекеше нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндеттісақтандыру саласында мемлекеттік қадағалау және бақылау
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік қадағалауды және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Жекеше нотариустың осы Заңның жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеттілігіне қатысты бөлігіндегі талаптарды орындауына мемлекеттік бақылау және осы талапты бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес әділет органдарына олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген құзыреті шегінде жүктеледі.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде мүліктік мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Жекеше нотариус өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын нотариаттық іс-әрекеттерді бастағанға дейін жасасуға міндетті.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы кезінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянның салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеуді және тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшін мұндай шартты жасасу міндетті болып табылады.
4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру полисін сақтандырушының электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
5. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының немесе үшінші тұлғалардың жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен үшінші тұлғалардың алдында осы Заңда белгіленген талаптар бойынша міндетті болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-1-бап. Цифрлық ресурстар алмасу арқылы жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) цифрлық жүйесі пайдаланылады.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
2) жағдайды реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (пайда алушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының жасалған жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (пайда алушының) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушының (пайда алушының):
жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар етуге;
келтірілген зиян мөлшерін айқындауға;
сақтандыру төлемін алуға;
осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеуге қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы
1. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзімін ұзартып төлеген кезде - бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енгізілген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңі жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімімен сәйкес келеді.
3. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;
3) сақтандырушы сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында белгіленген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асырғанда өзінің қолданылуын тоқтатады.
11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі, шарттары және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жарамсыздығы
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың шарттары, негіздері және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың талаптарын, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) сақтандырушының қаржылық есептілігімен танысуға;
2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
3) сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптар бойынша алуға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйлықақысын жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
2) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға осы Заңның талаптарына сәйкес мәліметтерді ұсынуға;
3) нотариаттық іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы үшінші тұлғаның талабы немесе талап-арызы келтірілгені туралы өзіне белгілі болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қолдан келетін тәсілмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;
4) басталуына орай сақтанушыда келтірілген зиянды өтеу міндеті туындаған оқиғаның себептері, барысы және салдары, сондай-ақ келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерлері туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін, өзінің қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға;
5) үшінші тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелерді реттеуге қатысуы үшін сақтандырушыға мүмкіндік жасауға;
6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөніндегі шараларды қолдануға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге;
8) сақтанушы нотариаттық әрекеттер жасау бойынша қызметтер көрсеткен тұлғаны жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттерді жасауы салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге міндетті.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті өзге де мәліметтерді беруін талап етуге;
2) сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы үшінші тұлғалардың талаптарына байланысты мәселелерді реттеуге қатысуға;
3) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
4) осы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарымен таныстыруға, оның жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
1-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын толық немесе ішінара қайтаруға;
2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттар бойынша жүргізуге;
3-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
3. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен белгіленеді және қызметін республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген - 1000, өзге нотариустар үшін - 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында айқындалған сақтандыру сомасының 4,5 процентінен көп болмауға тиіс.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудің тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісімімен белгіленеді.
2. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезекті сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегені үшін сақтанушы сақтандырушыға өзгенің ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
1. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген не сақтанушының үшінші тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарын негізді деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келіскен күннен басталған деп есептелінеді.
3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы үшінші тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың осы Заңның 8-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі заңды күшіне енуіне орай айқындайды.
4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажетті болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жұмсалса, егер тиісті шаралар тіпті сәтсіз болса да, сақтандырушының өтеуіне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерінде өтеледі, бірақ сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемінің жалпы сомасы жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерінде өтеледі.
5. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша франшизаның мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының бес процентінен аспауға тиіс.
Келтірілген зиянның мөлшері франшизаның белгіленген мөлшерінен асып кеткен жағдайларда сақтандыру төлемі толық мөлшерде жүзеге асырылады.
19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың талаптары және тәртібі
1. Сақтанушы не үшінші тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2) үшінші тұлғалардың зиянды өтеу туралы, келтірілген зиянды және оның мөлшерін растайтын құжаттар қоса берілген талабы немесе нотариаттық іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
3) пайда алушының жеке басы куәлігінің (жеке тұлға үшін) көшірмесі немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхат;
4) зиянды болдырмау және мөлшерін азайту жөнінде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге міндетті.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
5. Жекеше нотариустың жекелеген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы нәтижесінде зиян келтірілген үшінші тұлға, ал үшінші тұлға қайтыс болған жағдайда (қайта ұйымдастырылғанда) - оның мұрагерлері (құқық мирасқорлары) пайда алушы болып табылады.
Сақтанушы немесе үшінші тұлғаға (мұрагерлерге (құқық мирасқорларына) келтірілген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгіленген жауапкершілігі көлемінің шегінде өтеген және өз шығындарының сақтандырушыдан өтелуіне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табыла алады.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жасайды.
7. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе үшінші тұлғалар дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау айтылған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, не, егер сот шешімді шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуі тиіс.
8. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
19-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы) талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 4-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.20-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап құқығы
1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға төленген сома шегінде мынадай жағдайларда:
1) сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттер жасағанда;
2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;
3) сақтанушының зиянның мөлшерін азайту жөнінде қисынды және қол жетімді шараларды қасақана қолданбауы нәтижесінде зиянның мөлшері ұлғайғанда;
4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлағанда;
5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуі үшін қажетті сақтандыру құжаттарын беруден бас тартқанда кері талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген шығындар үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде ауысады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері
1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы:
1) үшінші тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттерінің;
2) үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің;
3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгіленген функциялары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруының;
4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметінің аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің салдарынан болса сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшін мыналар да:
1) сақтанушының шығынды келтіруге кінәлі тұлғадан шығынның тиісті өтемін алуы;
2) осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтірілген зиянның мөлшерін белгілеу кезінде сақтандырушыға кедергі келтіруі негіз болуы мүмкін.
3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы білгендігі дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәліметтердің болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетіне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы.
4. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтік уланудың әсері;
2) соғыс қимылдарының;
3) азамат соғысының, түрлі сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің салдарынан туындаса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы өтініш берген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
23-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
|
Қазақстан Республикасының Президентi |
