Киотода 1994 жылғы 14 қазанда жасалған Халықаралық электр байланысы
одағының Жарғысы мен Конвенциясына Түзету құжаттары бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Халықаралық электр байланысы
одағы өкілетті конференциясының
Қорытынды актілері
(Киото, 1994 ж.)
Халықаралық электр байланысы одағының
Жарғысына түзету құжаты
(Женева, 1992 ж.)
Халықаралық электр байланысы одағының
Конвенциясына түзету құжаты
(Женева, 1992 ж.)
ISBN 92-61-05524-9 Женева, 1995 ж.
ҚОРЫТЫНДЫ АКТIЛЕРДIҢ
ЖОЛАҚТАРЫНДАҒЫ НОТАЦИЯЛАРҒА
ТYСIНДIРМЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Жарғы мен Конвенция мәтiндерiнде (Женева, 1992 ж.) жасалған
өзгерiстердi түсiндiру үшiн мынадай шартты белгілер пайдаланылады:
ЖЕҚ = жаңа ереженi қосу
ӨЗГ = бар ереженi өзгерту
(ӨЗГ) = бар ереженi редакциялық өзгерту
ӨЗГ-СІЗ = өзгерiссіз ереже
Осы белгiлерден кейiн бар ереженiң нөмiрi келедi. Жаңа ереже (ЖЕҚ
белгiсi) соңынан әрiп келетiн көрсетiлген нөмiрге сәйкес келетiн, соның
орынға қосылады.
(C) ХЭО 1995
Барлық құқықтар сақталады. Бұл жарияланымның ешбiр бөлiгi ХЭО жазбаша
рұқсатынсыз ешқандай нысанда және ешқандай құралдармен - электрондық
немесе механикалық, оның iшiнде фотокөшiру және микрофильмге түсiру арқылы
қайта жариялануы мүмкiн емес.
Мазмұны
Халықаралық электр байланысы одағының
Жарғысына түзету құжаты
(Женева, 1992 ж.)
(Өкілетті конференция қабылдаған түзетулер
(Киото, 1994 ж.))
І бөлім Алғысөз
8-бап Өкілетті конференция
9-бап Сайлауға қатысты қағидаттар мен оларға
байланысты мәселелер
28-бап Одақтың қаржысы
ІІ бөлім Күшіне енетін күні
Қорытынды формула
Қолдар
Халықаралық электр байланысы одағының
Конвенциясына түзету құжаты
(Женева, 1992 ж.)
(Өкiлеттi конференция қабылдаған түзетулер
(Киото, 1994))
I бөлiм Алғысөз
4-бап Кеңес
7-бап Дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциялары
19-бап Одақ қызметiне әкiмшiлiктерден өзге бiрлестiктер мен
ұйымдардың қатысуы
23-бап Шақырушы үкiмет болған кезде Өкiлеттi
конференцияларға шақыру және қатыстыру
24-бап Шақырушы үкiмет болған кезде радиобайланыс
конференцияларына шақыру және қатыстыру
32-бап Конференциялардың және басқа да жиналыстардың
iшкi регламентi
33-бап Қаржы
ҚОСЫМША - Осы Конвенцияда және Халықаралық электр
байланысы одағының Әкiмшiлiк регламенттерiнде
пайдаланылатын кейбiр терминдердiң анықтамасы
II бөлiм Күшiне енетiн күнi
Қорытынды формула
Қолдар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ ОДАҒЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫНА ТҮЗЕТУ ҚҰЖАТЫ
(ЖЕНЕВА, 1992 ж.)
(Өкiлеттi конференция қабылдаған түзетулер
(Киото, 1994 ж.))
I БӨЛIМ. Алғысөз
Халықаралық электр байланысы одағы Жарғысының (Женева, 1992 ж.)
тиiстi ережелерiне атап айтқанда, Жарғының 55-бабындағы ережелерге орай
және оларды орындау үшiн Халықаралық электр байланысы одағының Өкiлеттi
конференциясы (Киото, 1994 ж.) осы Жарғыға мынадай түзетулер қабылдады:
8(Ж)-БАП
Өкiлеттi конференция
ӨЗГ 50 b) соңғы Өкiлеттi конференциядан кейiнгi уақыттағы
Одақтың қызметi және Одақтың стратегиялық
саясаты мен жоспарлауы туралы Кеңестiң есептерiн
қарайды;
ӨЗГ 57 i) осы Жарғының 55-бабындағы ережелерге және тиiсiнше
Конвенцияның тиiстi ережелерiне сәйкес
Одақ мүшелерi ұсынған осы Жарғыдағы және
Конвенциядағы өзгерiстер туралы ұсыныстарды
қарайды және қажет болған жағдайда қабылдайды;
ЖЕҚ 59А 3. Айрықша жағдайларда екi әдеттегi Өкілеттi
конференция арасында ерекше мәселелердi қарау
үшiн күн тәртiбi шектелген төтенше Өкiлеттi
конференция:
ЖЕҚ 59В а) алдындағы болған әдеттегi Өкiлеттi конференция
шешiмiмен;
ЖЕҚ 59С b) Одақ мүшелерiнiң үштен екiсiнiң Бас хатшыға жеке
өтiнiшi бойынша;
ЖЕҚ 59D с) Одақ мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi мақұлдаған
Кеңес ұсынысы бойынша шақырылуы мүмкін.
9(Ж)-БАП
Сайлауға қатысты қағидаттар
мен оған байланысты мәселелер
ӨЗГ 62 b) Бас хатшы, Бас хатшының орынбасары, Бюро
директорлары және Радиорегламентарлық
комитетiнiң мүшелерi Одақ Мүшелерi өз азаматтары
ретiнде ұсынған үмiткерлерiнiң iшiнен сайланады,
олардың барлығы Одақ Мүшелерi болып табылатын
әртүрлi елдердiң азаматтары болуы тиiс және оларды
сайлау барысында тиiстi дәрежеде әлем аймақтары
арасындағы географиялық үлестiң тепе-теңдiгi
ескерілуге тиiстi; сайланатын қызметкерлерге келсек,
осы Жарғының 154-тармағында жазылған қағидаттарды тиiстi
дәрежеде ұстану қажет;
ӨЗГ 63 с) Радиорегламентарлық комитеттің мүшелері жеке-жеке
сайланады; әрбiр Одақ Мүшесi бiр үмiткердi ғана ұсына алады.
ІІ БӨЛIМ. Күшiне енетiн күнi
Осы құжатта бар түзетулер, барлық жиынтығы бойынша және бiрыңғай
түзету құжаты түрiнде бекiту қабылдану немесе мақұлдану, немесе осы
құжатқа қосылу құжаттарын күшiне енетiн күнге дейiн сақтауға берген Одақ
Мүшелерi Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясының
тараптары арасында (Женева, 1992 ж.) 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап
күшiне енедi.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН тиiстi Өкiлеттi өкiлдер Халықаралық электр
байланысы одағы Конвенциясының (Женева, 1992 ж.) осы түзету құжатының
түпнұсқасына өз қолдарын қойды.
Киотода жасалды, 1994 жылғы 14 қазан
(Қойылған қолдар)
(Конвенцияның Түзету құжатындағы (1992 ж.) қойылған қолдар
4-22 беттерде қойылған қолдармен бiрдей)
28(Ж)-БАП
Одақтың қаржысы
ӨЗГ 163 (4) Жоғарыда 161-тармаққа немесе 162-тармаққа сәйкес әрбiр
Одақ Мүшесi таңдап алған жарна класы жоғарыда 161 немесе
162-тармақтарда аталған алты айлық уақыт кезеңi өткеннен
кейiнгi бiрiншi екi жылдық бюджетке қолданылады.
II БӨЛIМ. Күшiне енетiн күнi
Осы құжатта бар түзетулер, барлық жиынтығы бойынша және бiрыңғай түзету құжаты түрiнде бекiту, қабылдану немесе мақұлдану, немесе осы құжатқа қосылу құжаттарын күшiне енетiн күнге дейiн сақтауға берген Одақ Мүшелерi - Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясының тараптары арасында (Женева, 1992 ж.) 1996 жылдың 1
қаңтарынан бастап күшiне енедi.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ YШIН тиiстi Өкiлеттi өкiлдер Халықаралық электр
байланысы одағы Жарғысының (Женева, 1992 ж.) осы түзету құжатының
түпнұсқасына өз қолдарын қойды.
Киотода жасалды, 1994 жылғы 14 қазан
Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы атынан:
ALI HAMZA
Германия Федеративті Республикасы атынан:
ULRICH MOHR
EBERHARD GEORGE
Андорра Князьдігі атынан:
RICARD RODRIGO MONSONIS
Ангола Республикасы атынан:
VIRGILIO MARQUES DE FARIA
Сауд Аравиясы Корольдігі атынан:
SAMI S. AL-BASHEER
Аргентина Республикасы атынан:
OSCAR MARTIN GONZALEZ
EDUARDO ANGEL KATSUDA
GUILLERMO Е. NAZAR
Австралия атынан:
W.J. HENDERSON
С.L. OLIVER
Австрия атынан:
ALFRED STRATIL
WALTER KUDRNA
JOSEF BAYER
Багам Аралдарының Бірлестігі атынан:
BARRET А. RUSSEL
LEANDER А. BETHEL
JOHN А.М. HALKITIS
Бахрейн Мемлекеті атынан:
ABDUL SHAHEED AL-SATEEH
Бангладеш Халық Республикасы атынан:
FAZLUR RAHMAN
MAZHAR-UL-HANNAN
Барбадос атынан:
JACQUELINE WILTSHIRE-FORDE
Беларусь Республикасы атынан:
VALASHCHUK VASIL
Бельгия атынан:
ERIC VAN HEESVELDE
Бенин Республикасы атынан:
SEIDOU AMADOU
BACHABI FLAVIEN
VIGNON HONORE
Бутан Корольдігі атынан:
TSHERING DORJI
Боливия Республикасы атынан:
RAUL J. CAMPERO PAZ
Босния және Герцоговина Республикасы атынан:
OSMAN MUSIC
Ботсвана Республикасы атынан:
ARMANDO V. LIONJANGA
OLEBILE GABORONE
Бразилия Федерациялық Республикасы атынан:
JORGE DE MORAESJARDIM FILHO
LOURENCO NASSIB CHEHAB
Бруней-Даруссалам атынан:
НJ. MARSAD BIN НJ. ISMAIL
РG. НJ. MOHD ZAIN РG. НJ. ABD RAZAK
Болгария Республикасы атынан:
К. MIRSKI
N. DICOV
Буркина Фасо атынан:
BRAHIMA SANOU
Бурунди Республикасы атынан:
NGENDABANKA FERDINAND
NIYOKINDI FIACRE
Камбоджа Корольдігі атынан:
SO KHUN
Камерун Республикасы атынан:
DAKOLE DAISSALA
BISSEK HERVE GUILLAUME
ANGOULA DIEUDONNE
TALLAH WILLIAM
MAGA RICHARD
WANMI FRANCOIS
KAMDEM-KAMGA EMMANUEL
DJOUAKA HENRI
Канаданың атынан:
PIERRE GAGNE
Кабо-Верде Республикасы атынан:
ANTONIO PEDRO DE SOUSA LOBO
Орталық Африка Республикасы атынан:
JOSEPH-VERMOND TCHENDO
JOSEPH BOYKOTA ZOUKETIA
PHILIPPE MANGA-MABADA
Чилидің атынан:
MARIA ELIANA CUEVAS
Қытай Халық Республикасы атынан:
WUJICHUAN ZHAO XINTONG
Кипр Республикасы атынан:
LAZAROS S. SAVVIDES
Ватикан Қала-мемлекеті атынан:
PIER VINCENZO GIUDICI
Колумбия Республикасы атынан:
HECTOR ARENAS NEIRA
Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы атынан:
AHMED YAHAYA
Корей Республикасы атынан:
DONG-YOON YOON
SUNG-DEUK PARK
JONG-SOON LEE
SUNG-HAE LEE
YOUNG-KIL SUH
CHANG-HWAN PARK
MYUNG-SUN CHOI
Коста-Риканың атынан:
Кот д,Ивуар Республикасы атынан:
AKOSSI AKOSSI
YAO KOUAKOUJEAN-BAPTISTE
Хорватия Республикасы атынан:
DOMINIK FILIPOVIC
Кубаның атынан:
FERNANDEZ MAC-BEATH HUGO
Данияның атынан:
ERIK MOLLMAN
МЕТТЕJ. KONNER
HANS ERIKSEN
Джибути Республикасы атынан:
ABDOUSAZAK ALI ABANEH
Египет Араб Республикасы атынан:
MAHMOUD EL-NEMR
Эль-Сальвадор Республикасы атынан:
JEFFREY Н. SMULYAN
Біріккен Араб Эмираттары атынан:
ABLULLA AL MEHREZI
Эквадордың атынан:
ADOLFO LOZA ARGUELLO
Испанияның атынан:
JAVIER NADAL ARINO
Эстония Республикасы атынан:
JURI JOEMA
Америка Құрама Штаттары атынан:
JEFFREY Н. SMULYAN
Эфиопияның атынан:
FIKRU ASFAW
GELANEH TAYE
Фиджи Республикасы атынан:
TURAGANIVALU JOSUA
VADA MARIKA
Финляндияның атынан:
REIJO SVENSSON
Францияның атынан:
JEAN BRESSOT
DOMINIQIUE GARNIER
LUCIEN BOURGEAT
Габон Республикасы атынан:
JOCKTANE CHRISTIAN DANIEL
MASSIMA LANDJI JEAN JACQUES
ESSONGHE EWAMDONGO SERGE
Гамбия Республикасы атынан:
BAKARY К. NJIE
MOMODOU MAMOURJAGNE
Грузия Республикасы атынан:
К. MIRSKI
Гананың атынан:
DZANG С. К.
Грецияның атынан:
VASSILIOS COSTIS
ANASTASE NODAROS
Гвинея Республикасы атынан:
MAMADOU MAMAL DIALLO
SQUARE SOULEYMANE
SOW MAMADOU DIOULDE
BARRY MAMADOU PATHE
Гайананың атынан:
RODERICK SANATAN
Венгрия Республикасы атынан:
KALMAN KOVACS
Үндістан Республикасы атынан:
М.G. KULKARNI
А.М. JOSHI
R.J.S. KUSHVANA
Индонезия Республикасы атынан:
JONATHAN L. PARAPAK
DJAKARIA PURAWIDJIAJA
Иран Ислам Республикасы атынан:
HOSSEIN MAHYAR
Ирландияның атынан:
S. FITZGERALD
S. MAC MAHON
Исландияның атынан:
THORVARDUR JONSSON
Израиль Мемлекеті атынан:
R.Н. MEHACHEM OHOLY
Италияның атынан:
ANTONELLO PIETROMARCHI
Ямайканың атынан:
ROY R. HUMES
Жапонияның атынан:
YOHEI KONO
Иордан Хашимиттік Корольдігі атынан:
HUMOUD JABALI
Қазақстан Республикасы атынан:
ALIGOUJINOV SERIK
Кения Республикасы атынан:
DALMAS OTIENO ANYANGO
SAMSON К. CHEMAI
MURIUKI MUREITHI
ALICE KOECH
DANIEL К. GITHUA
REUBEN М.J.SНINGIRАН
SAMWEL OUMA OTIENO
WILSON NDUNGU WAINAINA
Кувейт Мемлекеті атынан:
ADEL AL-IBRAHIM
SAMI KHALED AL-AMER
MUSTAFA Н. HASHEM
ABDUL-RAHMAN А. AL-SHATTI
ABDUL WAHAB А.Н. AL-SANEEN
ABDULRAKIM Н. SALEEM
SAMEERA MOHAMD
Лаос Халық-Демократиялық Республикасы атынан:
KHAMSING SAYAKONE
Лесото Корольдігі атынан:
SELLO MOLUPE
Латвия Республикасы атынан:
GUNTIS BERZINS
JANIS LELIS
Бұрынғы Югославия Республикасы Македония атынан:
MAKSIM ANGELEVESKI
Ливанның атынан:
SAMIR CHAMMA
MAURICE GHAZAL
Ливия Араб Социалистік Халық Жамахириясы атынан:
HODA BUKHARI
GHERWI ALI MOHAMED
ZAKARIA EL-HAMMALI
AMER SALEM OUN
EL-MAHJOUB AMMAR
Лихтенштейн Князьдігі атынан:
FREDERIC RIEHL
Люксембургтың атынан:
PAUL SCHUN
CHARLES DONDELINGER
Мадагаскар Республикасы атынан:
ANDRIAMANJATO NY HASINA
Малайзияның атынан:
HOD PARMAN
ZAKARIA CHE NOOR
Малавидің атынан:
STEVENJILES FOSTER SMITH MIJIGA
MANSON MIKE MAKAWA
EWEN SANGSTER HIWA
Мальдив Аралдары Республикасы атынан:
HUSSAIN SHAREEF
Мали Республикасы атынан:
IDRISSA SAMAKE
Мальтаның атынан:
JOSEPH BARTOLO
GEORGE J. SPITERI
RONALD AZZOPARDI CAFFARI
Марокко Корольдігі атынан:
WAKRIM MOHAMED
Маврикий Республикасы атынан:
RAMESSH С. GOPEE
Мавритания Ислам Республикасы атынан:
SIDI OULD MOHAMED LEMINE
Мексиканың атынан:
LUIS MANUEL BROWN HERNANDEZ
Молдова Республикасы атынан:
ION CASIAN
ION COSHULEANU
Монако Князьдігі атынан:
Е.FRАNZI
Монғолияның атынан:
TSERENDASH DAMIRAN
Мозамбик Республикасы атынан:
RUI JORGE GOMES LOUSA
RUI JORGE LOURENCO FERNANDES
JOAO JORGE
Намибия Республикасы атынан:
MARCO MUKOSO HAUSIKI SACY AMUNYELA
Непалдың атынан:
PURUSHOTTAM LAL SHRESTHA
Нигер Республикасы атынан:
MALIKI AMADOU
TINNI ATE
SADOU MOUSSA
Нигерия Федерациялық Республикасы атынан:
TITILOLA ADEWALE ODEGBILE
Е.В. OJEBA
Норвегияның атынан:
JENS С. KOCH
Жаңа Зеландияның атынан:
IAN R. HUTCHINGS
MARK Е.НОLМАN
АLАNС.J.НАМILТОN
Оман Сұлтандығы атынан:
NOOR BIN MOHAMED ABDUL REHMAN
Уганда Республикасы атынан:
FRANCIS PATRICK MASAMBU
WILSON OTONYO WANYAMA
Өзбекстан Республикасы атынан:
RAKHIMOV К.R.
Пакистан Ислам Республикасы атынан:
NAZIR AHMED
Папуа-Жаңа Гвинеяның атынан:
AIWA OLMI
DAVID KARIKO
ROBERT TOVI
ANNESLEY DE SOYZA
Парагвай Республикасы атынан:
FEDERICO М. MANDELBURGER
Нидерланд Корольдігі атынан:
А. DE RUITER
Перудің атынан:
CHIAN CHONG CARLOS
Филлиппин Республикасы атынан:
JOSEFINA Т. LICHAUCO
KATHLEEN G. HECETA
Польша Республикасы атынан:
WOJCIECH MARIAN HALKA
Португалияның атынан:
FERNANDO ABILIO RODRIGUES MENDES
LUIS М.Р. GARCIA PEREIRA
LUCIANO S. PEREIRA DA COSTA
PAULO J. PONTES Т. DE OLIVEIRA
JOSE А. SILVA GOMES
CARLOS ALBERTO ROLDAO LOPES
Катар Мемлекеті атынан:
HASHEM А. AL-HASHEMI
ABDULWAHED FAKHROO
Сирия Араб Республикасы атынан:
SULIMAN MANDO
Қырғыз Республикасы атынан:
BEKTENOV Е.
Словак Республикасы атынан:
VANEK STANISLAV
Чех Республикасы атынан:
MARCELA GURLICHOVA
Румынияның атынан:
TURICU ADRIAN
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама
Корольдігінің атынан:
MICHAEL GODDARD
NEIL MCMILLAN
MALCOLM JOHNSON
SUSAN BISHOP
Ресей Федерациясы атынан:
VLADIMIR BOULGAK
Сан-Марино Республикасы атынан:
LUCIANO CAPICCHIONI
IVO GRANDONI
MICHELE GIRI
Сент-Винсент және Гренадина атынан:
JEREMIAH С. SCOTT
Батыс Самоа Тәуелсіз Мемлекеті атынан:
SAPA'U RUPERAKE PETAIA
Сенегал Республикасы атынан:
ABDOULAYE ELIMANE KANE
ALADJI AMADOU THIAM
CHEIKN А. TIDIANE NDIONGUE
SOULEYMANE MBAYE
Сингапур Республикасы атынан:
LIM CHOON SAI
LOO HUI SU
VALERIE D'COSTA
Словения Республикасы атынан:
ERICH-JANEZ GRIL
Судан Республикасы атынан:
MUSTAFA IBRAHIM MOHAMED
ABDELWAHAB GAMAL MOHAMED
Оңтүстік Африка Республикасы атынан:
PALLO JORDAN
Швецияның атынан:
CURT ANDERSSON
Швейцария Конфедерациясы атынан:
FREDERIC RIEHL
Суринам Республикасы атынан:
L.С.JОНАNNS
R.G. ADAMA
REGEMI F.СН. ERASER
М.ЕRWIN EMANUELS
Свазиленд Корольдігі атынан:
EPHRAIM S.F. MAGAGULA MA
BUEKILANGA S. MALINGA
ALFRED FANUKWENTE MANANA
BASILIO FANUKWENTE MANANA
Тәжікстан Республикасы атынан:
RAKHIMOV К.R.
Танзания Біріккен Республикасы атынан:
ADOLAR BARNABAS MAPUNDA
EMMANUEL NATHANIEL OLEKAM BAINEI
Чад Республикасы атынан:
HADJARO BARKAYE
DJASSIBE TINGABAYE
HAROUN MAHAMAT
Таиландтың атынан:
ASWIN SAOVAROS KITTI YUPHO
Того Республикасы атынан:
AYIKOE PAUL KOSSIVI ABLY-BIDAMON DEDERIWE
Тонга Корольдігі атынан:
SIONE KITE
Тунистің атынан:
RIDHA AZAIE
Түрікменстанның атынан:
VALASHCHUK VASIL
Түркияның атынан:
VELI BETTEMIR CENGIZANIK
Украинаның атынан:
KLIKICH ANATOLY
RESHETNYAK VOLODYMYR
Уругвай Шығыс Республикасы атынан:
JUAN DE LA CRUZ SIL VEIRA ZAVALA
LUAN JOSE CAMELO ABECEIRA
Венесуэла Республикасы атынан:
JOSE ANTONIO RODRIGUES
Вьетнам Социалистік Республикасы атынан:
MAI LIEM TRUC
Йемен Республикасы атынан:
ABDELGADER А. IBRAHIM
Замбия Республикасы атынан:
SYAMUNTU MUKULI MARTIN
Зимбабве Республикасы атынан:
LAMECH Т.D.МАRUМЕ
JOSHUA CHIDEME
DZIMBANHETE FREDSON MATAVIRE
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ ОДАҒЫНЫҢ
КОНВЕНЦИЯСЫНА ТҮЗЕТУ ҚҰЖАТЫ
(ЖЕНЕВА, 1992 ж.)
(Өкiлеттi конференция қабылдаған түзетулер
(Киото, 1994 ж.))
I БӨЛIМ. Алғысөз
Халықаралық электр байланысы одағы Конвенциясының тиiстi ережелерiне
(Женева, 1992 ж.), атап айтқанда Конвенцияның 42-бабындағы ережелерге орай
және оларды орындау үшiн Халықаралық электр байланысы одағының Өкiлеттi
конференциясы (Киото, 1994 ж.) осы Конвенцияға мынадай түзетулердi
қабылдады:
4(К)-БАП
Кеңес
ӨЗГ 50 1. Кеңес мүшелерiнiң санын төрт жылда бiр рет
өткiзiлетiн Өкiлеттi конференция анықтайды.
ЖЕҚ 50А 2. Бұл сан Одақ Мүшелерiнiң жалпы санының 25%-нан
аспауға тиiс.
ӨЗГ 80 (14) Жарғының 49 және 50-баптарында көрсетiлген
барлық халықаралық ұйымдармен үйлестiру iсiне
жауапты болады және осы мақсатта Одақ атынан
Жарғының 50-бабында және Конвенцияның 260 және
261-тармақтарында көрсетiлген халықаралық
ұйымдармен, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен
Халықаралық электр байланысы одағы арасындағы
Келiсiмдi орындау үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен
уақытша келiсiмдер жасасады; осы уақытша
келiсiмдердi Жарғының 8-бабының тиiстi ережелерiне
сәйкес келесi Өкiлеттi конференция ұсынады;
7(К)-БАП
Дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциялары
ӨЗГ 118 (2) Осы күн тәртiбiнiң жалпы шеңберi алдын ала
төрт жыл бұрын белгiленедi, ал түпкiлiктi күн
тәртiбiн Кеңес осы Конвенцияның 47-тармағының
ережелерiн сақтау шартымен Одақ Мүшелерiнiң
көпшілiгiмен келiсiм бойынша конференциядан екi
жыл бұрын белгiлегенi абзал. Күн тәртiбiнiң бұл екi
нұсқасы осы Конвенцияның 126-тармағының Ережелерiне
сәйкес дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциясының
ұсынымдарына негiзделетiн болады.
19(К)-БАП
Одақтың қызметiне әкiмшiлiктен
өзге бiрлестiктер мен ұйымдардың қатысуы
ӨЗГ 239 9. Жоғарыда 229 немесе 230-тармақтарда көрсетілген
бiрлестiк немесе ұйым, егер Одақ Мүшесi тиiстi
Бюроның директорына олар осыған уәкiлеттендiрiлгенiн
хабарласа, оларды таныған Одақ Мүшесi атынан
iс-әрекет жүргiзе алады.
23(К)-БАП
Шақырушы үкiмет болған кезде
Өкiлеттi конференцияларға шақыру және қатыстыру
ӨЗГ 258 3. Бас хатшы бақылаушы ретiнде мыналарды
шақырады:
ЖЕҚ 262А е) осы Конвенцияның 229-тармағында аталған
бiрлестiктер мен ұйымдар, сондай-ақ осы
бiрлестiктер мен ұйымдарды бiлдiретiн халықаралық
сипаттағы ұйымдар.
(ӨЗГ) 269 h) 259-262А тармақтарға сәйкес шақырылған
ұйымдар мен мекемелерден бақылаушылар.
24(К)-БАП
Шақырушы үкiмет болған кезде
Радиобайланыс конференцияларына шақыру
және қатыстыру
ӨЗГ 271 2. (1) Радиобайланыс конференцияларына, осы
Конвенцияның 262А тармағын қоспағанда, 256-265
тармақтары қолданылады.
32(К)-БАП
Конференциялар мен басқа да
жиналыстардың iшкi регламентi
ӨЗГ 379 (2) Дауысқа салуға жататын барлық маңызды
ұсыныстардың мәтiндерi оларды талқылауға дейiн
зерделеу үшiн конференцияның жұмыс тiлдерiнде
алдын ала таратылады.
33(К)-БАП*
Қаржы
ӨЗГ-СIЗ 275 4. 259-262 тармақтарда айтылған ұйымдардың және
осы Конвенцияның 19-бабының ережелерiне сәйкес
Одақтың қызметiне қатысуға құқылы
бiрлестiктердiң жарналарына қатысты мынадай
ережелер қолданылады.
* Конвенцияның 476-486 тармақтарының номерлерi ғана өзгертiлген.
(ӨЗГ) 476 (1) Осы Конвенцияның 259-262 тармақтарында
айтылған ұйымдар, Өкiлеттi конференцияға Одақ
Секторына немесе халықаралық электр байланысы
жөнiндегi дүниежүзiлiк конференцияға қатысатын
халықаралық сипаттағы басқа да ұйымдар, егер тек
оларды Кеңес өзара тiлектестiк негiзде босатпаса,
жағдайға байланысты төмендегi 479-481 тармақтарға
сәйкес конференциялардың немесе Сектордың
шығындарын жабуға қатысады.
(ӨЗГ) 477 (2) осы Конвенцияның 237-тармағында аталған
тiзiмдерде орын алған бiрлестiктер немесе ұйымдар
төмендегi 479 және 480-тармақтарға сәйкес
Сектордың шығындарын жабуға қатысады.
(ӨЗГ) 478 (3) Осы Конвенцияның 237-тармағында аталған
тiзiмдерде орын алған, радиобайланыс
конференциясына, халықаралық электр байланысы
жөнiндегi дүниежүзiлiк конференцияға немесе олар
мүшесi болып табылмайтын Сектор конференциясына
немесе ассамблеясына қатысушы бiрлестiктер немесе
ұйымдар төмендегi 479 және 481-тармақтарға сәйкес
конференцияның немесе ассамблеяның шығындарын
жабуға қатысады.
(ӨЗГ) 479 (4) 476, 477 және 478 тармақтарда сөз болып
отырған жарналар, тек қана Одақ Мүшелерiне
арналған 1/4, 1/8 және 1/16 бiрлiк жарна кластарын
қоспағанда (соңғы айрықшалықтың Электр байланысын
дамыту секторына қатысы жоқ), жоғарыда 468-тармақтағы
жарна бiрлiктерi шкаласының негiзiнде еркiн таңдалады;
таңдалып алынған класс туралы Бас хатшыға хабарланады;
кез келген бiрлестiк немесе ұйым кез келген уақытта
өздерi бұрын қабылдағаннан жоғары класты таңдай алады.
(ӨЗГ) 480 (5) Әрбiр Сектордың шығындарын төлеу жөнiндегi
жарна бiрлiгiнiң шамасы Одақ Мүшелерi жарналарының
1/5 бiрлiгi болып белгiленедi. Бұл жарналар Одақтың
кiрiсi ретiнде қаралады. Оларға пайыздар жоғарыдағы
474-тармақтың ережелерiне сәйкес есептеледi.
(ӨЗГ) 481 (6) Конференцияның немесе ассамблеяның
шығындарын төлеу бойынша жарналар бiрлiгiнiң
шамасы осы конференцияның немесе ассамблеяның
бюджетiнiң жалпы шамасын Одақтың шығындарын төлеу
үшiн Мүшелер енгiзетiн жарна бiрлiгiнiң жалпы
санына бөлу арқылы белгiленедi. Бұл жарналар Одақтың
кiрiсi ретiнде қаралады. Оларға мөлшерi жоғарыдағы
474-тармақта анықталған пайыздар шоттар
жiберiлгеннен кейiн алпысыншы күннен бастап есептеледi.
(ӨЗГ) 482 (7) Жарна бiрлiктерiнiң санын азайту тек Жарғының
28-бабының тиiстi ережелерiнде жазылған қағидаттарға
сәйкес мүмкiн болады.
(ӨЗГ) 483 (8) Қандай да бiр Сектордың жұмысына қатысудан
бас тарту немесе осындай қатысуды тоқтату
жағдайында (осы Конвенцияның 240-тармағына
қараңыз), жарна бас тарту немесе тоқтату күшiне
енген айдың соңғы күнiне дейiн төленедi.
(ӨЗГ) 484 5. Бас хатшы жарияланымдардың сатылу құнын, басу
мен тарату шығындары, әдетте, осы жарияланымдарды
сату арқылы өтелетiнiн ескере отырып, анықтайды.
(ӨЗГ) 485 6. Одақта негiзгi шығындарды жабуға мүмкiндiк
беретiн айналым капиталын құрайтын резерв қоры
және мүмкiндiгiнше заем алуға әкелмейтiн
жеткiлiктi қолма-қол резервтерi болуы тиiс. Резерв
қорының мөлшерiн Кеңес жыл сайын күтiлiп отырған
қажеттiлiктердi негiзге ала отырып белгiлейдi.
Әрбiр екi жылдық бюджеттiк кезеңнiң соңында,
жұмсалмаған немесе салынбаған бүкiл бюджеттiк
кредиттер резервтiк қорға салынады. Осы қор
туралы басқа егжей-тегжейлi мәселелер
Қаржылық регламентте көрсетiледi.
(ӨЗГ) 486 7. (1) Үйлестiру комитетiмен келiсе отырып, Бас
хатшы ерiктi жарналарға байланысты жағдайлар
Одақтың мақсаттар мен бағдарламаларына, сондай-ақ
конференция қабылдаған бағдарламаларға
сәйкес келедi және ерiктi жарналарды қабылдау
және пайдалану жөнiндегi айрықша ережелерi бар
Қаржылық регламентке сәйкес келедi деген
шартпен ерiктi жарналарды ақшамен немесе
өнiммен қабылдауы мүмкiн.
ӨЗГ-СIЗ 487 (2) Осындай ерiктi жарналар туралы Бас хатшы
Кеңеске ағымдағы қаржылық есепте, сондай-ақ
әрбiр шығу, ұсынылған пайдалану жағдайы және
әрбiр ерiктi жарнаға қатысты қабылданған iс-қимыл
қысқаша көрсетiлетiн құжатта хабарлайды.
(К) ҚОСЫМШАСЫ
ӨЗГ 1002 Бақылаушы: осы Конвенцияның тиiстi ережелерiне
сәйкес:
- Өкiлеттi конференцияның, Сектор конференциясының
немесе жиналысының жұмысына кеңесшi дауыс құқығымен
қатысу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының мамандандырылған мекемесi, Атом энергиясы
жөнiндегi халықаралық агенттiк, электр байланысының
аймақтық ұйымы немесе спутник жүйелерiн пайдаланатын
үкiметаралық ұйым,
- Сектор конференциясының немесе жиналысының жұмысына
кеңесшi дауыс құқығымен қатысу үшiн халықаралық ұйым,
- Аймақтық конференцияның жұмысына дауыс беру
құқығынсыз қатысу үшiн Одақ Мүшесiнiң үкiметi, немесе
- Конвенцияның 229-тармағында көрсетiлген бiрлестiк
немесе ұйым, немесе осындай бiрлестiктердi немесе
ұйымдарды бiлдiретiн халықаралық сипаттағы ұйым
жiберген тұлға.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.
