179-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне - заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған салықтар мен айыппұл санкцияларын төлеу
мерзімдері, осы Заңның 152-бабының ережелеріне қарамастан, өсім
есептелмей, 3 жыл мерзімге ұзартылады.
Осы тармақтың ережесі акцизделетін тауарларды өндіретін және (немесе)
импортқа шығаратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылмайды."
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Балабекова Г.Г.
