"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24771 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялағаннан кейін Ақжайық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақжайық ауданының әкімі | М. Сердалин |