"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 20-5/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9174-16 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы "Самар ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Самар ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Самар ауданы мәслихатының төрағасы | Г. Шаймарданова |
