ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Созақ аудандық мәслихатының төрағасы | О. Жәмиев |
| Созақ аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 244 шешіміне қосымша |
Созақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2019 жылғы 15 қарашадағы № 274 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5252 болып тіркелген) шешімі.
2. "Созақ аудандық маслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 274 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 22 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6196 болып тіркелген) шешімі.
3. "Созақ ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 19 наурыздағы № 99 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6483-13 болып тiркелген) шешімі.
