"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент қалалық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскурантын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 899 қаулысының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 2694 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 маусымда № 38979 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент қалалық мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскурантын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 899 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28318 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады