"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Б. Каметов |
| Атырау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 254-VIII шешіміне қосымша |
Атырау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген).
2. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 381-IV "Облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) "Құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2578 болып тіркелген).
3. Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 119-VIII "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5224-06 болып тіркелген).
4. Атырау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 152-VIII "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5262-06 болып тіркелген).
