"Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/123 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 ақпанда № 38048 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Алматы қаласы спортының басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/574 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1443 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2."Алматы қаласының Спорт басқармасы" комуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады