Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 "Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 322/41 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 сәуірде № 38384 болып тіркелді

      Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының "Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары"

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 177 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) ( бұдан әрі – Қағидалар) 4-1 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші есептейді.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қағидалар негізінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.";

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. "Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
      Н. Макраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады