Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 324/42 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Кожин

  Павлодар қалалық
мәслихатының 2026 жылғы
3 маусымдағы № 324/42
шешіміне қосымша

Павлодар қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы 65/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406-14 болып тіркелген);

      2. "Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 153/17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559-14 болып тіркелген);

      3. "Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 215/24 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7629-14 болып тіркелген);

      4. "Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Павлодар қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 240/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7657-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады