Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 135/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 313/41 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38398 болып тіркелді

      Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 135/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен анықталған, Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызмет берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін беру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.";

      көрсетілген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.";

      шешімнің 7 - тармағы алып тасталсын;

      шешімнің 11 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Павлодар қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғаннан кейін "Павлодар қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы
      К. Кожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады