"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 81 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7709 болып тіркелген).
2. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Федоров ауданының әкімі | Т. Исабаев |
