"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 119 "Кандидаттардың баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9204 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 287 "Әкімдіктің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 119 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9586 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қарабалық ауданының әкімі | Р. Халыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарабалық аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
