Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 55 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қыркүйекте № 40016 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Денисов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов аудандық мәслихатының төрағасы В. Шерер

  Денисов аудандық мәслихатының
  2026 жылғы 28 қыркүйектегі
  № 55 Шешіміне қосымша

Денисов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10094 болып тіркелген).

      2. "Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10154-10 болып тіркелген).

      3. "Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 қазандағы № 53 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10283-10 болып тіркелген).

      4. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 ақпандағы № 8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10377-10 болып тіркелген).

      5. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 32 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10445-10 болып тіркелген).

      6. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 19 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады