Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырда № 38655 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі К. Кеделбаев

  Амангелді ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 4 мамырдағы
  № 85 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi

      1. "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген).

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 41 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген).

      3. "Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген).

      4. "Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9837 болып тіркелген).

      5. "Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31475 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады