"Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 36 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 25 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 наурызда № 38107 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алтынсарин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 36 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7638 болып тіркелді).

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады