"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Осакаров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Осакаров ауданының әкімі | Р. Нурмуханбетов |
| Осакаров ауданы әкімінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 04 шешіміне қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 мусымдағы № 1 "Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23252 болып тіркелген);
2. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2022 жылғы 15 қырқүйектегі № 04 "Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29716 болып тіркелген);
3. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 07 "Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31412 болып тіркелген);
4. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2023 жылғы 8 қырқүйектегі № 03 "Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480-09 болып тіркелген);
5. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 04 "Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6502-09 болып тіркелген);
6. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 02 "Осакаров ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 "Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6643-09 болып тіркелген).
