Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы VIII-22/165 "Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6599-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен айқындалған Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарқаралы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарқаралы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Оспанов |
| Қарқаралы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 тамыздағы № VIII-57/443 шешіміне қосымша |
|
| Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 шешіміне 1қосымша |
Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшері және оны көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Қарқаралы ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):ағымдағы және жинақтау жарналарын;
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады
2-тарау. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және оны көрсету тәртібі
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленген шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті көрсетуші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "цифрлық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы және ағымдағы және жинақтау жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.
8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау Қарқаралы ауданының тиісті қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
10. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
