"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Панфилов ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" Панфилов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 7-8-46 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Шокпаров |
