Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақсу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 25-112 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №177-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Сулейменов |
