"Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қарашадағы № 310 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 261 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 қыркүйекте № 39926 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қарашадағы №310 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5113 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм ауданы әкімі Е. Карентаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады