Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 1043 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 наурызда № 38145 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 болып тіркелген);

      2) "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 2932 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214-17 болып тіркелген).

      2. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады