Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы № 60-202 шешімі және Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 179 бірлескен қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Ресупбликасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қонаев қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

      1) Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға;

      2) екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      3) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.

      2. Қонаев қаласының әкімдігі әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсетуге және жеңілдік берілген жолаушылар санаттарын тасымалдауға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын өтеуді қарастырсын.

      3. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласының әкімі А. Бердіханов
      Қонаев қаласы мәслихаты төрағасының м.а. А. Ракишева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады