"Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" бірлескен шешім мен қаулының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы № 60-201 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылы 12 наурызда № 38137 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 39-144 шешімі және Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 194 қаулысы "Қонаев қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6215-05 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен шешім мен қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен шешім мен қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қонаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Қонаев қаласы мәслихатының шешімі және Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласының әкімі А. Бердиханов
      Қонаев қаласы маслихаты төрағасының м.а. А. Ракишева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады