Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 542 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38540 болып тіркелді

      Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртбін айқындау туралы" 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";

      көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:

      1 тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      2 тармақ келесі мазмұңдағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 " Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-1- тармағына сәйкес есептеледі.";

      3-тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қағидалардың 3 тарауымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.";

      13 тармағы алынып тасталсын.".

      2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мұғалжар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы К. Ермагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады