Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 наурызда № 38069 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ырғыз ауданының әкімі Н. Қызбергенов

  Ырғыз ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 26 ақпандағы
  № 46 қаулысына қосымша

Ырғыз ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7404 болып тіркелген) қаулысы;

      2. "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 268 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25452 болып тіркелген) қаулысы;

      3. "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30681 болып тіркелген) қаулысы;

      4. "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8417 болып тіркелген) қаулысы;

      5. "Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 "Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 147 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8638-04 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады