Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 121 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39142 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Ақтөбе облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2026 жылғы 29 маусымдағы
№ 121 қаулыға қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 "Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27363 болып тіркелген).

      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 болып тіркелген).

      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 119 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8344 болып тіркелген).

      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 118 "Ақтөбе облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8346 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады