БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35924 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға БЕЖ ЭАЖ-да бәс тігуге қатысушылардан электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдау (жүзеге асыру) кезінде бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіруді Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Бәс тігуге қатысушымен іскерлік қатынастар орнату кезінде оның жасын, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізімінде, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде мүліктік өндіріп алулар туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болуы тұрғысынан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның не шартты түрде сотталудың болуы мәніне, сондай-ақ террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде болуы, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 12 және 12-1-баптарында көзделген жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты адамдардың тізбесіндегі терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты адамдардың тізбесінде тексеру жүзеге асырылады.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тізімдерге және (немесе) тізілімге және (немесе) деректер қорына және (немесе) тізбелерге енген тұлғалардан электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартады.
Оператор Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасын сақтай отырып, букмекерлік кеңсеге және тотализаторға бәс тігуге қатысушылар туралы, оның ішінде бәс тігуге қатысушылардың жасы туралы мәліметтерді ұсынады.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынған тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын цифрлық жүйелердің деректер қорларымен интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген адамдар туралы ақпаратты қамтитын цифрлық жүйелердің деректер қорларымен осы цифрлық жүйелер операторлары белгілеген қағидаларға сәйкес интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіру рәсімін оның жеке қатысуымен және оларға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, не қашықтан сәйкестендіру әдісімен СДАО-дан алынған негізіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіруді оператор және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлға және (немесе) оператордың және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғаның тапсырмасы бойынша өзге де қаржы мониторингі субъектісі шарт негізінде жүзеге асырады.
Сәйкестендіруден өту жөніндегі нұсқаулықтар бәс тігуге қатысушыға осы рәсімнен өтпей тұрып ұсынылады.
Бәс тігуге қатысушы сәйкестендіруден өткен кезде операторға және (немесе) төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартылған заңды тұлғаға қажетті сәйкестендіру деректерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес фотосуреттерді ұсынады.
Бәс тігуге қатысушының жеке басын қашықтықтан сәйкестендіру СДАО-дан алынған деректер қол жетімді көздердің негізінде жүзеге асырылады.
Егер бәс тігуге қатысушының жеке басы анықталса және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін қажетті мәліметтер расталса, бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіру сәтті өтті деп есептеледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Оператор БЕЖ арқылы осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты телекоммуникация желілері арқылы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйелеріне онлайн-режимде беруді қамтамасыз етеді.
Оператор БЕЖ арқылы осы Қағидалардың 16-тармағы екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген ақпаратты сот орындаушысының сұрау салуы бойынша телекоммуникациялар желілері арқылы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне беруді қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі