БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрдің м.а. |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрдің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 328-н/қ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында:
11, 12 және 13-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе Портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер өтініш берушінің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдарда сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;
3) осы тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұңғыма объектілерін сынау кезінде 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жойылғанға дейін тоқтатылады.
Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) өтініш беруші заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын өтініш беруші ұсынбаған жағдайларда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайтадан ұсынуды өтініш беруші көмірсутектер саласындағы уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін ұңғыма объектілерін сынау кезінде 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал кен орнын сынамалап пайдалану және шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган анықталған кемшіліктер осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
12. Өтініш беруші ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде рұқсат алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды 6 (алты) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген кен орнын сынамалы пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде рұқсат алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің дұрыстығы және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі кезінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша шикі газды факелде жағуға рұқсат беруді (бұдан әрі – рұқсат беру), осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде тыңдау өткізілмейді.";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекет жасауына (әрекетсіздік танытуына) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекет жасағаны (әрекетсіздік танытқаны) туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген арыз иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
96. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
";
реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
99. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша алып тасталсын.
2. "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
4, 5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Өтініш беруші теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.
Өтініш келіп түскен күні көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайтын құрылымдық бөлімшенің жауапты басшысына береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде, өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетілетін сұрау салуды туралы мәртебе портал арқылы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Уәкілетті орган жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер өтініш берушінің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдарда сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы тармақтың бесінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;
3) осы тармақтың бесінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 11 (он бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жойылғанға дейін тоқтатылады.
Бұл ретте осы тармақтың алтыншы бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтатады.
Өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын өтініш беруші ұсынбаған жағдайларда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайтадан ұсынуды өтініш беруші көмірсутектер саласындағы уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін 11 (он бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган анықталған кемшіліктер осы тармақтың алтыншы бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға, су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларына портал және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сұрау салуды дайындайды және жібереді, олар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде теңіз объектісінің көрсетілген географиялық координаттарын құру мен ауданда орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келіседі.
Келісуші уәкілетті органдар белгіленген мерзімде жауаптар ұсынбаған жағдайда сұрау салу ескертусіз келісілген болып есептеледі.";
6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына өтініштің сәйкес келуін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді не өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде тыңдау өткізілмейді.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
96. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
";
реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
99. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болған жағдайда) бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларына қағидаларына 4-қосымша алып тасталсын.
3. "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Талаптың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне рұқсат беру бақылауын жүргізуге сұрау салуды электрондық нысанда жібереді.
Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер өтініш берушінің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдарда мемлекеттік сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) өтініш беруші ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде – 12 (он екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жойылғанға дейін тоқтатылады.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті беруші ұсынбаған жағдайларда өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайтадан ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде 12 (он екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал лицензия және заңды тұлға бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Анықталған кемшіліктер осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";
9, 10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші қорытындыны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді бас тартуды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру арқылы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды не Талаптардың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша беру туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде тыңдау өткізілмейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) дара кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Талаптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделгенін тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдарда мемлекеттік сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде тыңдау өткізілмейді.
Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті беруші ұсынбаған жағдайларда өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайтадан ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде – 12 (он екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал лицензия және заңды тұлға бөліну және бөліп шығару түрінде қайта құрылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, өтініш беруші алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Анықталған кемшіліктер 7-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекет жасауына (әрекетсіздік танытуына) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметші алушы әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекет жасағаны (әрекетсіздік танытқаны) туралы көрсетілетін қызметті берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімін:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
";
реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
";
көрсетілген қағидаларға 3-қосымша алып тасталсын.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1- қосымша |
|
| Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |




