БҰЙЫРАМЫН:
1. "Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 31 тамыздағы № 325 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығымен бекітілген |
Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымдық кітап – белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер жиынтығы;
2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
3. Асыл тұқымдық кітапты (бұдан әрі – АТК) жүргізуді және басып шығаруды республикалық палаталардың атқарушы органдары (бұдан әрі – Палата) жүзеге асырады.
2. Асыл тұқымдық кітапты жүргізу тәртібі
4. Тұқымдар бойынша АТК Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануар мәртебесі берілген жануарларға қатысты жүргізіледі.
5. АТК-ны жүргізу Палатаның шешіміне сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорының жеке модулінде және (немесе) қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылады. АТК қағаз жеткізгіште жүргізілген жағдайда, АТК Палатаның шешімі негізінде басып шығарылады.
6. Палата АТК-ны жыл сайын есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 ақпанына дейін қалыптастырады.
7. АТК асыл тұқымды жануарлардың (бұдан әрі – жануарлар) әрбір тұқымы бойынша жүргізіледі. Жылқыларда АТК бір тұқымның ішіндегі таза қанды және таза тұқымды жануарлар үшін жеке-жеке жүргізіледі.
8. АТК бес бөлімнен тұрады.
9. Бірінші бөлімге АТК-ға енгізілген барлық жануарлар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) тиісті палата берген жануардың тіркеу нөмірі (бұдан әрі – тіркеу нөмірі);
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген жануардың жеке нөмірі (бұдан әрі – жеке нөмірі);
3) жануарға шаруашылықтың ішінде берілген түгендеу нөмірі (бұдан әрі – түгендеу нөмірі);
4) жануардың лақап аты (бар болса).
10. Екінші бөлімге асыл тұқымды тұқымдық жануарлар (бұдан әрі – тұқымдық мал) және олардың ұрпақтары туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) тұқымдық малдар туралы:
1.1) тіркеу нөмірі;
1.2) жеке нөмірі;
1.3) түгендеу нөмірі;
1.4) лақап аты (бар болса);
1.5) АТК-да тіркелген күні;
1.6) асыл тұқымды жануар мәртебесінің болуы туралы мәліметтер;
1.7) тұқымы;
1.8) тұқымдылығы;
1.9) түсі;
1.10) туған күні мен жері;
1.11) импортталған күні (импортталған тұқымдық малдар үшін);
1.12) иесі туралы мәліметтер;
1.13) бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныбы не индекстік бағалау нәтижесі;
1.14) жануар тегінің кемінде үш буыны бойынша мәліметтер (тіркеу нөмірлері (бар болса), жеке нөмірлері, түгендеу нөмірлері, лақап аттары (бар болса), бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныптары не индекстік бағалау нәтижелері көрсетіледі);
1.15) тұқымдық малдың өлген не әкетілген күні.
2) тұқымдық малдың ұрпағы бойынша:
2.1) туған күні мен жері;
2.2) түсі;
2.3) жынысы;
2.4) ұрпағының түгендеу нөмірлері;
2.5) ұрпағының лақап аты (бар болса);
2.6) енесінің жеке нөмірі;
2.7) енесінің лақап аты (бар болса).
11. Үшінші бөлімге АТК-ға енгізілген аналық мал басы және олардың ұрпақтары туралы мәліметтер енгізіледі:
1) аналық мал басы туралы:
1.1) тіркеу нөмірі;
1.2) жеке нөмірі;
1.3) түгендеу нөмірі;
1.4) лақап аты (бар болса);
1.5) АТК-да тіркелген күні;
1.6) жануар мәртебесінің болуы туралы мәліметтер;
1.7) тұқымы;
1.8) тұқымдылығы;
1.9) түсі;
1.10) туған күні мен жері;
1.11) импортталған күні (импортталған жануарлар үшін);
1.12) иесі туралы мәліметтер;
1.13) бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныбы не индекстік бағалау нәтижесі;
1.14) жануардың тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпараттың болуы (тіркеу нөмірлері (бар болса), жеке нөмірлері, түгендеу нөмірлері, лақап аттары (бар болса), бонитирлеу нәтижесі бойынша берілген сыныптары не индекстік бағалау нәтижелері көрсетіледі);
1.15) өлген күні не әкетілген күні.
2) аналық малдың ұрпағы бойынша:
2.1) туған күні мен жері;
2.2) түсі;
2.3) жынысы;
2.4) ұрпағының жеке нөмірі;
2.5) ұрпағының лақап аты (бар болса);
2.6) әкесінің жеке нөмірі;
2.7) әкесінің лақап аты (бар болса).
12. Төртінші бөлімге АТК-ға енгізілген импортталған және экспортталған жануарлар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) түгендеу нөмірі;
2) лақап аты (бар болса);
3) жануардың әкелінген не әкетілген жылы;
4) импорттаушы немесе экспорттаушы елдің атауы.
13. Бесінші бөлімге АТК-ға енгізілген өлген жануарлар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) жеке нөмірі;
2) лақап аты (бар болса);
3) өлген күні.
14. АТК-ның екінші және үшінші бөлімдеріне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды жануарлардың түрлері бойынша асыл тұқымды кітапқа енгізуге арналған мәліметтер тізбесінде көрсетілген мәліметтер қосымша енгізіледі.
15. Асыл тұқымды жануар мәртебесі тоқтатыла тұрған не күші жойылған жағдайда, мұндай жануар туралы мәліметтер АТК-да сақталады және тиісті мәртебесі, оны тоқтата тұру не күшін жою туралы шешімнің қабылданған күні көрсетіледі.
16. Осы Қағидалардың 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарында көзделген асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер жануардың бүкіл өмірінің бойында келіп түсуіне қарай АТК-ға енгізіледі.
| Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларына қосымша |