"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 1272, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 410, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 583 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 319 "Жыл сайынғы "Шапағат" конкурсын өткізу қағидаларын және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығының (Мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 17308 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне:
1) Бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
__________С. Нурбек__________Е. Нагаспаев__________Е. Аккенженов__________Е. Сарсембаев |
