Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына тағайындауға Ұлттық Банк туралы заңның 20-2-бабында көзделген жағдайларда жол берілмейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Конкурстық комиссия конкурстық комиссияның төрағасынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.
Конкурс өткізіліп жатқан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары (филиалдарда – филиал директоры не оның орынбасарларының бірі) конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері конкурстық комиссия мүшелерінің біріне жүктеледі.
Конкурстық комиссияның құрамына оның мүшелері ретінде кадр қызметінің (филиалдарда – филиалдың директоры айқындайтын қызметкер), конкурс өткізіліп жатқан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімшенің басшылары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар, сондай-ақ заң бөлімшесінің басшысы не оның орынбасарларының бірі (филиалдарда – заң кеңесшісі) кіреді.
Ұлттық Банктің орталық аппараты мен өкілдігінің бөлімшелерінде Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасатын кандидаттарға іріктеу жүргізу кезінде конкурстық комиссияның құрамына Ұлттық Банк Төрағасының аппараты бөлімшесінің басшысы кіреді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болып, Комиссияның төрағасын қоса алғанда, орталық аппарат пен өкілдік бөлімшелерінде – кемінде бес адамды, филиалдарда – кемінде үш адамды құрайды.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды тестілеуден өтуге жіберу туралы шешімді конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды, ол конкурстық комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Тестілеуден өтуге жіберілген кандидаттардың тізімдері Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімдері Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған және кадр резервіне есепке алынған кандидаттардың тізімдері Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.";
3-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1-тарау. Кадр резервін қалыптастыру
43-1. Кадр резерві конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардан және іріктеуден өткен адамдардан қалыптастырылады.
43-2. Кадр резервіне есепке алу үшін іріктеу өткізу туралы хабарландыру Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
43-3. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында түйіндеменің электрондық нұсқасын толтырады.
Түйіндемені қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап 1 (бір) айдан соң аяқталады.
43-4. Түйіндеме қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кадр қызметі түйіндеме ұсынған адамдардың тізімдерін қалыптастырады.
Кадр қызметі қалыптастырған адамдардың тізімі әңгімелесу жүргізу үшін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне жіберіледі.
Әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы ақпаратты кадр қызметі электрондық пошта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдарға жібереді.
43-5. Ұлттық Банктің бөлімшелері Ұлттық Банк бөлімшесі қызметінің бағытына сәйкес келетін салаларда білімі бар адамдарды анықтау мақсатында кадр қызметі қалыптастырған адамдардың тізімін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кадр қызметі қалыптастырған тізімдегі адамдармен әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің бөлімшелері әңгімелесуден ойдағыдай өткен адамдардың тізімін кадр қызметіне жібереді.
43-6. Кадр қызметі әңгімелесуден өткен адамдардың бірыңғай тізімін қалыптастырады және оны Ұлттық Банктің Төрағасына бекітуге жібереді.
Іріктеуден өткен адамдардың бекітілген тізімі Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
43-7. Кадр резервіне есепке алынған адамдар Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы болған жағдайда, Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына оларды кадр резервіне есепке алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде тағайындалады.
43-8. Адамдарды кадр резервінен шығару:
1) кадр резервіне есепке алынған адам кадр резервінен шығару туралы өтініш берген жағдайда;
2) кадр резервіне есепке алынған адам Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасқан жағдайда;
3) Қағидалардың 43-7-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайда жүзеге асырылады.
43-9. Ұлттық Банктің кадр резервін қалыптастыру және одан шығару жұмысы кадр қызметіне жүктеледі.".
2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
ӨТІНІШ
Маған Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ______________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(лауазымның, бөлімшенің атауы)
орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.
Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.
__________________ ______________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
САУАЛНАМА (өз қолымен толтырылады)
Тегі ___________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгертілген болса, себебін және қашан
өзгертілгенін көрсетіңіз _____________________________________
____________________________________________________________________
Азаматтығы ____________________________________________________
Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз ______________
____________________________________________________________________
Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _______________
Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________
________________________________________________________________
Шетелде оқу не жұмыс істеу
Барған елі ______________________________________________________
________________________________________________________________
Болу уақыты ____________________________________________________
_______________________________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны __________________________________________
_______________________________________________________________
Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті
қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________________
____________________________________________________________________
Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен жақын туыстық
немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары,
сондай-ақ, ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары)
қатынастарда барсыз ба
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
20___ жылғы "_____" _________________ _________
