БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 34250 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 451) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлік субъектілер әріптестік келісім жасасу үшін дербес деректерді қарғауды, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде, "Киберқауіпсіздік туралы" және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарда белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу кезінде әріптестік келісім жасасу үшін осы кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптардың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы Мемлекеттік корпорацияның жазбаша растамасын ескереді.".
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
