Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобаcын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидаларын бекіту туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 тамызда № 39623 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобаcын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 131 бұйрығымен
бекітілген

Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-4-бабына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) тізілімнің веб-порталы – www.e-Qazyna.kz электрондық мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

      4) объект – жергілікті атқарушы органдар ұйымға өтеусіз беретін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілері, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасы;

      5) ұйым – газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Құрылысы, жаңғыртылуы және (немесе) реконструкциясы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілері пайдалануға енгізілген күнінен бастап бір жыл ішінде ұйымға өтеусіз беріледі.

2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын ұйымдарға өтеусіз беру тәртібі

      4. Жергілікті атқарушы орган өтеусіз беруге жоспарланып отырған объект туралы ақпаратты құқық белгілейтін құжаттардың және объектіні өтеусіз беру үшін қажетті өзге де құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тізілімнің веб-порталында жариялайды.

      5. Ұйым осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ақпарат веб-порталда жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталы арқылы объектіні өтеусіз қабылдау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Өтініш еркін нысанда объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы көрсетіле отырып және мынадай құжаттар қоса беріле отырып ресімделеді:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың көшірмесі, түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін ұсына отырып, немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері, түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін ұсына отырып немесе көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері.

      6. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде объектіні ұйымның меншігіне өтеусіз беру туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) қабылдайды.

      7. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы жасаған баланстан үзінді көшірмемен немесе бағалау туралы есеппен объектінің құнын растайды.

      8. Беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын объектіні қабылдау-беру актісі (беру актісі) Шешім қабылданған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып ресімделеді.

      9. Қабылдау-беру актісінде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің жасалған орны мен күні;

      2) тараптардың мүдделерін білдіруге өкілдерге өкілеттік берілген құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) объектіні өтеусіз беру жүргізілетін шешімнің нөмірі мен күні;

      4) объектінің атауы, оның сипаттамалары, техникалық жай-күйі, орналасқан жері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады