"Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 296-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 тамызда № 39577 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Банктік салым кепілі көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға лицензия берген көмірсутектер саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі – құзыретті орган) атынан Қазақстан Республикасының пайдасына беріледі.";

      3-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      4, 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы (бұдан әрі – кепіл беруші) банктік салым кепілі бойынша кепіл беруші болады.

      5. Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға лицензия берген құзыретті орган атынан Қазақстан Республикасы банктік салым кепілі бойынша кепіл ұстаушы (бұдан әрі – кепіл ұстаушы) болады.";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде банктік салымның кепіл шартын жасасу";

      1-параграфтың жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепіл шартын жасасу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) кепіл беруші кепіл ұстаушыға жазбаша еркін нысанда береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес өтінішке қоса берілетін мәліметтер. Бұл ретте өтінішке қоса берілетін мәліметтердің ескертпесінде көзделген жағдайда, осы тармақшада келтірілген өтінішке қоса берілетін мәліметтердің 17-жолында тиісті ақпарат көрсетіледі;

      2) кепіл беруші мен банк қол қойған, Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес құзыретті орган бекіткен кепіл шартының үлгілік нысанына сәйкес келетін кепіл шарты жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасы (бұдан әрі – кепіл шартының жобасы);

      3) өтініш берілген күннің алдындағы күннен кейін берілген, кепілге берілетін банктік салым бойынша кепіл беруші ашқан банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме (түпнұсқа не көшірме);

      4) кепіл шартына (түпнұсқа не көшірме) қол қою кезінде кепіл беруші мен банктің атынан әрекет ететін тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Өтінішке қоса берілетін, осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және (немесе) орыс тілдерінде аудармамен бірге беріледі, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Нотариат туралы заң) 80-бабына сәйкес олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу";

      16-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепіл шартына қосымша келісім жасасу туралы өтінішке қоса берілетін мәліметтер;";

      Қағидаларға 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салымның кепіл шартын жасасу туралы өтінішке қоса берілетін мәліметтер";

      Қағидаларға 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салымның кепіл шартына қосымша келісім жасасу туралы өтінішке қоса берілетін мәліметтер";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанында:

      кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы құзыретті орган бекіткен банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) сақтай отырып, Салым сомасын өзгертуге жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанында:

      кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін Кодекстің 57-бабының 7-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы құзыретті орган бекіткен банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) сақтай отырып, Салым сомасын өзгертуге жол беріледі.";

      бұйрыққа 4-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы және қырқыншы абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е. Аккенженов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Атом энергиясы жөніндегі

      агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады