БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № ҚР ДСМ-30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22550 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 5 тамыздағы № 88 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № ҚР ДСМ-30 бұйрығымен бекітілген |
Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – Кодекс) 58-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және дербес медициналық деректердің жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;
2) дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер;
3) дербес медициналық деректер агрегаторы – уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыратын дербес деректер операторы;
4) дербес медициналық деректер – жеке тұлғаның денсаулығы мен оған көрсетілген медициналық қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын, электрондық, қағаз немесе өзге де материалдық жеткізгіштерде тіркелген дербес деректер;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) дербес деректерді қорғау саласында уәкілетті орган – дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) медициналық бейненің бірегей сәйкестендіру нөмірі – цифрлық жүйемен автоматты түрде қалыптастыратын, медициналық бейнеге немесе медициналық бейнелер жиынтығына берілетін, олардың бір мәнді сәйкестендірілуін, есепке алынуын, ізделуін және қайталануын болдырмауын қамтамасыз ететін әріптік-цифрлық код;
8) медицина қызметкері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
9) медицина қызметкерінің құпиясы – дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адам денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат және оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер;
10) медициналық ақпарат – медициналық көмек көрсету процесінде туындайтын және медициналық құжаттар мен медициналық ақпараттық жүйелерде көрсетілген пациенттер мен аурулар туралы ақпарат, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпарат;
11) медициналық цифрлық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
12) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
13) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді;
14) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі – цифрлық денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.
3. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауы, өңдеуі, сақтауы және беруі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес оларды қорғау қамтамасыз етілген жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау және ұсыну электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін медициналық деректер, Кодекстің 60-бабының 1-тармағына сәйкес пациенттің медициналық көмек алуға хабардар етілген келісімін ескере отырып, медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган медициналық статистиканы жетілдіруді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйым атынан дербес медициналық деректер агрегаторын айқындайды. Пайдаланылатын медициналық деректерді иесіздендірілген түрде біріктіру Кодекстің 75-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқау үшін жүзеге асырылады.
2-тарау. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинау тәртібі
5. Дербес медициналық деректерді жинау үшін цифрлық денсаулық сақтау субъектісі "Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21498 болып тіркелген) сәйкес пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің оған жатқызылған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін сұратады.
6. Пациент және (немесе) оның заңды өкілі дербес медициналық деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша нысанда, электрондық құжат нысанында немесе "цифрлық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті арқылы беру арқылы келісім береді.
7. Пациент және (немесе) оның заңды өкілі Заңның 24-бабының 2-тармағына сәйкес медициналық көмек көрсету мақсатында цифрлық денсаулық сақтау субъектісіне өзінің дербес медициналық деректерін ұсынады.
8. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісі дербес медициналық деректерді жинауды пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің айтуы бойынша, пациент және (немесе) оның заңды өкілі ұсынған құжаттар мен медициналық құжаттамадан және (немесе) цифрлық технологияларды және (немесе) цифрландыру объектілерін пайдалана отырып жүзеге асырады.
9. Медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкері медициналық цифрлық жүйелерге ақпаратты (электрондық медициналық жазбалар, пациенттің денсаулық жағдайы және диагнозы туралы ілеспе материалдар), оның ішінде медицина қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, медициналық көмек алуға пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің алынған хабардар етілген келісімін құжаттайды.
10. Медициналық бейнелерді сәйкестендіру үшін оларға медициналық бейненің бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі.
3-тарау. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді өңдеу және сақтау тәртібі
11. Дербес медициналық деректерді өңдеуді цифрлық денсаулық сақтау субъектісі пациенттің медициналық деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою арқылы жүргізеді.
12. Пациенттердің дербес медициналық деректерін өңдеуді цифрлық денсаулық сақтау субъектілері тек медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырады.
13. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісі пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің бастамасы бойынша тиісті құжаттармен расталған негіздер болған кезде өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пациенттің дербес медициналық деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
14. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері дербес деректер субъектілерін "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркеген жағдайда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде пациентті және (немесе) оның заңды өкілін дербес медициналық деректерді пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы "цифрлық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті арқылы автоматты режимде хабардар етуді қамтамасыз етеді.
15. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері талдамалық, статистикалық қызметті, ғылыми және өзге де зерттеулерді жүргізу кезінде Кодекстің 61-бабының 9-тармағына сәйкес дербес медициналық деректердің иесізденуін қамтамасыз етеді.
16. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімі болған кезде ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқу процесінде пайдалану үшін дербес медициналық деректерін құрайтын мәліметтерді беруді жүзеге асырады.
17. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісін дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру үшін пациент және (немесе) оның заңды өкілі дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.
18. Дербес медициналық деректерді жинау және өңдеу цифрлық денсаулық сақтау субъектісі дербес медициналық деректерді жинау, өңдеу шарттарын бұза отырып жүргізген дербес медициналық деректер пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің талап етуі бойынша Заңның 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жойылуға жатады.
19. Дербес медициналық деректерді сақтауды цифрлық денсаулық сақтау субъектілері "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 92-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған серверлерде жүзеге асырады.
20. Денсаулық сақтау ұйымдарының есептік медициналық құжаттама нысандарында дербес медициналық деректерді сақтау мерзімі "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тікеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 175 бұйрық) 7-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
21. Диагностикалық жабдықты қолдана отырып алынған медициналық бейнелерді сақтау мерзімі осы Қағидаларға қосымшада айқындалған.
22. Осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген сақтау мерзімі өткеннен кейін диагностикалық жабдықтан алынған медициналық бейнелер жойылуға жатады.
23. Осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген медициналық бейнелерді жинау және өңдеу "Процесс пен деректерді басқаруды қоса алғанда, медицинадағы цифрлық бейнелер мен коммуникация (DICOM)" ҚР СТ ISO 12052-2021 ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді қорғау және беру тәртібі
24. Дербес медициналық деректерді қорғау үшін цифрлық денсаулық сақтау субъектілері ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қолдану арқылы, сондай-ақ цифрлық жүйелер мен цифрландыру объектілерінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру арқылы дербес медициналық деректердің, цифрлық активтердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қорғауды қамтамасыз етеді.
25. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері цифрландыру объектілеріне қол жеткізуді бақылауды көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырған пайдаланушы туралы цифрлық ресурстарды орналастыру, өзгерту, алып тастау/жою уақыты мен фактілерін есепке алу журналдарында ақпаратты хаттамалау және журналдау арқылы жүзеге асырады.
26. Цифрлық денсаулық сақтау субъектілері № 175 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы сақтаудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес электрондық құжаттар нысанында медициналық құжаттаманың резервтік көшірмесін жасауды, сақтауды орындайды.
27. Пациент және (немесе) оның заңды өкілі өзінің дербес медициналық деректері туралы ақпаратты алу үшін цифрлық денсаулық сақтау субъектісіне еркін нысандағы өтінішті (сұрау салуды) жазбаша немесе электрондық құжат нысанында қолма-қол кеңсе арқылы, пошта арқылы немесе цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің электрондық мекенжайына жібереді.
28. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісі пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің сұрау салуы бойынша өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пациентке және (немесе) оның заңды өкіліне:
дербес медициналық деректердің болу фактісін растауды, дербес медициналық деректердің мақсаттарын, көздерін, жинау және өңдеу тәсілдерін қамтитын ақпаратты ұсынады;
дербес медициналық деректердің тізбесі;
дербес медициналық деректерді өңдеу мерзімдері, оның ішінде оларды сақтау мерзімдері.
29. Ақпарат беруден бас тартылған жағдайда, цифрлық денсаулық сақтау субъектісі өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пациентке және (немесе) оның заңды өкіліне дәлелді жауап береді.
| Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды,өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру қағидаларына қосымша |
Медициналық бейнелерді сақтау мерзімі
№ | Диагностикалық жабдық арқылы алынған медициналық бейнелердің түрлері | Медициналық бейнелерді сақтау мерзімі | |
Ересек |
Балалар** | ||
1 | Аудиожазбалар | 10 жыл | 15 жыл |
2 | Биомагниттік бейнелер | 10 жыл | 15 жыл |
3 | Компьютерлік томография | 10 жыл | 15 жыл |
4 | Түсті доплерлік карта жасау | 10 жыл | 15 жыл |
6 | Компьютерлік рентгенография | 10 жыл | 15 жыл |
7 | Сандық рентгенография | 10 жыл | 15 жыл |
8 | Қос доплерлік карта жасау | 10 жыл | 15 жыл |
9 | Диафанография | 10 жыл | 15 жыл |
10 | Электрокардиография | 10 жыл | 15 жыл |
11 | Жүрек электрофизиологиясы | 10 жыл | 15 жыл |
12 | Эндоскопия | 10 жыл | 15 жыл |
13 | Жалпы тағайындау микроскопиясы | 10 жыл | 15 жыл |
14 | Тамырішілік ультрадыбыстық | 10 жыл | 15 жыл |
15 | Ауыз қуысының рентгенографиясы | 10 жыл | 15 жыл |
16 | Беттік лазерлік сканерлеу | 10 жыл | 15 жыл |
17 | Магниттік-резонанстық томография | 10 жыл | 15 жыл |
18 | Маммография | 10 жыл | 15 жыл |
19 | Микроскопия | 10 жыл | 15 жыл |
20 | Рентгенофлюороскопия | 10 жыл | 15 жыл |
21 | Рентгенография | 10 жыл | 15 жыл |
22 | Панорамалық рентгенография | 10 жыл | 15 жыл |
23 | Позитрондық-эмиссиялық томография | 10 жыл | 15 жыл |
24 | Слайд-микроскопия | 10 жыл | 15 жыл |
25 | Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография | 10 жыл | 15 жыл |
26 | Термография | 10 жыл | 15 жыл |
27 | Дыбыстық зерттеулер | 10 жыл | 15 жыл |
28 | Рентгендік ангиография | 10 жыл | 15 жыл |
29 | Сыртқы фотосурет | 10 жыл | 15 жыл |
30 | Қатерлі ісікке күдікті пациенттердің гистологиялық үлгілерінің виртуалды слайдтары | 10 жыл | 15 жыл |
31 | Бейнемикроскопиялық сурет | 10 жыл | 15 жыл |
32 | Бейнефотографиялық сурет | 10 жыл | 15 жыл |
33 | Бейнеэндоскопиялық сурет | 10 жыл | 15 жыл |
34 | Ауызішілік суреттер | 10 жыл | 15 жыл |
35 | Денталды компьютерлік томограмма | 10 жыл | 15 жыл |
36 | Доплерография | 10 жыл | 15 жыл |
37 | Когеренттік лазерлік томограмма | 10 жыл | 15 жыл |
38 | Компьютерлік кератограмма | 10 жыл | 15 жыл |
39 | Остеоденситограмма | 10 жыл | 15 жыл |
40 | Пельвиометрия | 10 жыл | 15 жыл |
41 | Рентгенорадиофлуорограмма | 10 жыл | 15 жыл |
42 | Сонограмма | 10 жыл | 15 жыл |
43 | Сцинтиграмма | 10 жыл | 15 жыл |
44 | Трактограмма | 10 жыл | 15 жыл |
45 | Ультрадыбыстық доплерлік карта жасау | 10 жыл | 15 жыл |
46 | Кең бұрышты офтальмологиялық фотосурет координаттары бар 3D бейне | 10 жыл | 15 жыл |
47 | Кең бұрышты офтальмологиялық фотосурет. Стереографиялық проекциялық бейне | 10 жыл | 15 жыл |
48 | Эластограмма | 10 жыл | 15 жыл |
49 | Эхокардиограмма | 10 жыл | 15 жыл |
