"Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 шiлдедегi № 264-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 шiлдеде № 39347 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 21038 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында:

      30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Кодекстің 96-бабының 4-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер өтінішті шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.";

      42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті орган мен оператор аукционды дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.";

      2-қосымшаның 2-тармағының орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      3-қосымшада орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады