Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 414/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 шiлдеде № 39342 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) ұлттық тіркелімдердің тізбесі;

      2) ұлттық тіркелімдердің құрылымы, эталондық цифрлық деректер құрамы, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Ұлттық тізілімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 609/НҚ бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 609/НҚ "Ұлттық тізілімдердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 852/НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
Р. Коняшкин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрдің міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 414/НҚ Бұйрықпен
бектілген

Ұлттық тіркелімдер тізбесі

Ұлттық тіркелімнің атауы

Қызмет доменінің атауы

Ұлттық тіркелімнің меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы (егер ұлттық тіркелімнің меншік иесі және (немесе) иегері мемлекеттік орган болмаса, онда осы саланы (аясын) қадағалайтын мемлекеттік орган көрсетіледі)

Цифрлық жүйенің немесе цифрлық ресурстың атауы

1.

Автокөлік құралдарының тіркелімі

Көлік

ІІМ

СО АЦЖ

2.

Машиналарды/ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің электрондық тіркелімі (ББАЖ АШТМТ)

Көлік

АШМ

ББАЖ (АШТМТ)

3.

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының тіркелімі

Инфрақұрылым

КМ

КДҚ АТЖ

4.

Азаматтығы жоқ тұлғалардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ІІМ

КП ЦЖ

5.

Азаматтық және қызметтік қару мен оларға арналған патрондардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке тұлғалардың тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ІІМ, ЖИЦДМ

 "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ

6.

Азаматтық хал жазбалары бойынша тіркелімі

Әділет

ӘМ

"Азаматтық хал актілерінің жазбалары" МДБ ЦЖ

7.

Аккредиттеу субъектілерінің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

8.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ЕХӘҚМ

ӘҚП АЦЖ

9.

Асырап алушылар мен асырап алушыларға кандидаттардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ОМ

ЖБРДБ

10.

Ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелімі

Ауыл шаруашылығы

АШМ

АШЖБ

11.

Бажсыз сауда дүкені иелерінің тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

12.

Басқару жүйесі сертификаттарының тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

13.

Бастауыш және орта білім беру ұйымдарының тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

14.

Мектепке дейінгі, орта және ТжКБ ұйымдарының тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

15.

Газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың қысымымен жұмыс істейтін сұйылтылған мұнай газын сақтау үшін түтіктердің иелерінің тіркелімі

Энергетика

ЭМ

ТЖМ ИР орналастырылған

16.

Гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тіркелімі

Спорт және туризм

ТСМ

ТСМ ИР

17.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тіркелімі

Ғылым және инновация

ҒЖБМ

(https://academy-gp.kz/?page_id=1578&lang=ru)

18.

Ғылыми жобалар тіркелімі

Ғылым және инновация

ҒЖБМ

(https://nauka.kz/page.php?page_id=913&lang=1&parent_id=911), Гранттық жобалар тізбесі (https://www.nnc.kz/ru/activity/grantprojects.html)

19.

Ғылыми қызметтің аккредиттелген субъектілерінің тіркелімі

Ғылым және инновация

ҒЖБМ

(https://techreg.kezekte.kz/ru/acc/subjects), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің сайтында (тізбе)

20.

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының тіркелімі

Спорт және туризм

ТСМ

ҚР Туризм және спорт министрлігінің ИР және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ИР электрондық түрде жарияланады.

21.

Діни ғимараттардың (ғимараттардың) тіркелімі

Мәдениет, дін, БАҚ

МАМ

ЖМБМК

22.

Еңбек мигранттарының тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ЕХӘҚМ

"ШЖК" АЦЖ

23.

Еркін қойма иелерінің тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

24.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

БП ҚСжАЕК

ӘІЖБТ

25.

Әлеуметтік жәрдемақы алушылардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ЕХӘҚМ

"ОДБ" АЦЖ, "Е-Макет" АЦЖ

26.

Жалға алынған шетелдік кемелердің тіркелімі

Көлік

КМ

КДҚ АТЖ

27.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тіркелімі

Энергетика

ЭМ

ЭМ ИР сайтында word форматында жарияланған

28.

Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, лауазымды тұлғалардың борышкерлерінің және уақытша жүруі шектелген борышкерлердің бірыңғай тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ӘМ

АО МАЦЖ

29.

Жеке тұлғалар тіркелімі

Әділет

ӘМ

"Жеке тұлғалар" МДБ

30.

Жер кадастры

Табиғи ресурстар және экология

АШМ (ЖИЦДМ)

ЖМБМК

31.

Жетім балалардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ОМ

ЖБРДБ

32.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

БЖБП

33.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсушілер тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

БЖБП

34.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

БЖБП

35.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларының тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

БЖБП

36.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша түлектердің тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

 
"Болашақ" ЦЖ
(Болашақ түлектері бойынша) БЖБП

37.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дипломдарының тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

БЖБП

38.

Жүргізуші куәлігінің тіркелімі

Көлік

ІІМ

СО АЦЖ

39.

Жылжымалы құрамның жылжымалы мүлкі кепілінің мемлекеттік тіркелімі

 
Көлік

КМ

КДҚ АТЖ

40.

Жылжымалы құрамның мемлекеттік тіркелімі

 
Көлік

КМ

ИАС ТБД

41.

Заң консультанттары палаталарының бірыңғай тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ӘМ

"Е-Заң көмегі" ЦЖ

42.

Заңды тұлғалар тіркелімі

Әділет

ӘМ

"Заңды тұлғалар" МДБ

43.

Зергерлік бұйымдар бойынша сараптама тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

44.

Иммигранттарды есепке тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ІІМ

КП ЦЖ

45.

Инновациялық өнімдер мен шешімдер тіркелімі

Ғылым және инновация

ҒЖБМ

(https://astanahub.com/ru/l/innovativecompanies)

46.

Иондаушы сәулелену көздерінің тіркелімі

Атом энергетикасы

ЭМ

Иондаушы сәулелену көздерінің тіркелімі

47.

Стартаптар тіркелімі

Ғылым және инновация

ҒЖБМ

Стартаптар тізімі (https://startup.kase.kz/startup), сенімді бағдарламалық қамтамасыз етудің мемлекеттік тіркелімі, онлайн платформалар тіркелімі

48.

Бизнес серіктестердің тіркелімі

Бизнес

ҰЭМ

ABIS - Atameken Business Information Services https://kyc.kz/

49.

Кеден қоймалары иелерінің тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

50.

Кеден одағының бірыңғай нысанындағы берілген сәйкестік сертификаттарының тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

51.

Кеден одағының сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

52.

Кеден өкілдерінің тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

53.

Кедендік тасымалдаушылардың тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

54.

Кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелімі

Бизнес

ҰЭМ

КСТ АҚ

55.

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ӘМ

ӘМ ИР

56.

Қазақстан Республикасының туристік агенттіктерінің тіркелімі

Спорт және туризм

ТСМ

ТСМ ИР

57.

Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтардың тіркелімі

Бизнес

СИМ

ӘІЖБТ

58.

Қолданылуы тоқтатылған сәйкестік сертификаттарының және Кеден одағының бірыңғай нысанындағы сәйкестік туралы декларациялардың тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

59.

Қосымша білім беру объектілеріндегі білім алушыларды тіркеу журналы

Білім

ОМ

ҰББДБ

60.

Қосымша білім беру ұйымдарының тіркелімі (мектепке дейінгі, мектеп)

Білім

ОМ

ҰББДБ

61.

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіптік дипломдардың растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшасының тіркелімдері

Көлік

КМ

ТЖК

62.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

63.

Мектепке дейінгі білім беру объектілері тәрбиешілерінің тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

64.

Кәсіби өртке қарсы қызметтер тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ТЖМ

ҚР ТЖМ ИР-де орналастырылған

65.

Мемлекеттік кеме тіркелімі

Көлік

КМ

КДБ АЦЖ

66.

Мемлекеттік қызметшілердің тіркелімі

Мемлекеттік басқару

МҚІА

"Е-қызмет" ЫЦЖ статистикалық деректер бөлігінде (мемлекеттік қызметшілердің штат саны)

67.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тіркелімі

Бизнес

ҚМ

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

68.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тіркелімі

Бизнес

ҚМ

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

69.

Мемлекеттік сатып алуды өнім берушілерінің тіркелімі

Бизнес

ҚМ

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

70.

Мемлекеттік сот орындаушыларының тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ӘМ

АО МАЦЖ

71.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

72.

Мүгедектігі бар адамдардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ЕХӘҚМ

МОДБ АЦЖ

73.

Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші және мұнай өнімдерімен сауда жасайтын кәсіпорындардың тіркелімі

Энергетика

ЭМ

БМБЖ

74.

Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілерінің тіркелімі

Энергетика

ЭМ

"Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ, ЭМ ИР (Excel форматында)

75.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ӘМ

"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ/

76.

Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімі

Мемлекеттік басқару

ӘМ

"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ЦЖ

77.

Нормативтік-техникалық құжаттар тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

78.

Оқу орталықтарының тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

79.

Орта білім беру ұйымдары аттестаттарының тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

80.

Орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

81.

Орта білім беру ұйымдары түлектерінің тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

82.

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

83.

Өз тауарларын сақтайтын қойма иелерінің тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

84.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ТЖМ

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланады https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru"

85.

Өнертабыстардың мемлекеттік тіркелімі

Ғылым және инновация

ҒЖБМ

ҰЗМИ

86.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарының тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ТЖМ

ҚР ТЖМ ИР-де орналастырылған

87.

Пана іздеушілер мен босқын тұлғалардың тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ЕХӘҚМ

 "Қандас" АЦЖ

88.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ЖИЦДМ

"Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ

89.

Салық төлеушілер тіркелімі

Қаржы

ҚМ

БДҚ

90.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тіркелімі

Өнеркәсіп

ЖИЦДМ

ЖИЦДМ ИР (Excel форматында)

91.

Сәйкестік сертификаттарының және Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО декларациясының тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

92.

Сот актілерінің тіркелімі (азаматтық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша)

Әділет және қауіпсіздік

СӘ

ҚР СО ААТЖ

93.

Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптамалық мамандықтардың тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ӘМ

ӘМ ИР

94.

Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

БП ҚСжАЕК

СТБТ

95.

Сынақ есептерінің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

96.

Табысы аз адамдардың (отбасылардың) тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ЕХӘҚМ

"Әлеуметтік көмек" ЦЖ

97.

Тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған тұлғалардың тіркелімі

Әлеуметтік қамсыздандыру

ЕХӘҚМ

"Қандас" АЦЖ

98.

Тауардың сәйкестігін және шығу тегін растау бойынша сарапшы-аудиторлардың тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

99.

Инспекция есептерінің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

100.

Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

БП ҚСжАЕК

ТСОБТ

101.

Темір жол жылжымалы құрамының құрамдас бөліктерін сәйкестендіру актілерінің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

102.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

103.

Техникалық комитеттердің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

104.

Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өнімдердің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

105.

Техникалық регламенттер тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

106.

ТжКБ дипломдарының тіркелімі

Білім

ОМ

ҰББДБ

107.

Тіркелген ерікті сертификаттау жүйелерінің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

108.

Тіркелген халықтың тіркелімі

Денсаулық сақтау

ДСМ

ТТТ ЦЖ
(2011 жылдың 5 қаңтарынан бастап жұмыс істейді)

109.

Туристік маршруттар мен троптар тіркелімі

Спорт және туризм

ТСМ

Kazakhstan.travel Веб-порталы

110.

Туроператорлардың тіркелімі

Спорт және туризм

ТСМ

ТСМ ИР

111.

Тұру орындарының тіркелімі (отелдер, қонақ үйлер, хостелдер)

Спорт және туризм

ТСМ

"eQonaq" (e-Hotel)

112.

Тапсырыс беруші тіркелімі

Бизнес

ҚМ

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

113.

Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

114.

Уәкілетті экономикалық операторлардың тіркелімі

Қаржы

ҚМ

е-Терезе

115.

ҰБТ сертификаттарының тіркелімі

Білім

ҒЖБМ

ҰТО

116.

Ұлттық стандарттау жоспарына енгізу үшін өтінімдер мен ұсыныстар тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

117.

Ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің тіркелімі

Бизнес

СИМ

Техникалық реттеудің цифрлық жүйесі

118.

Хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдар туралы мәліметтер тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

БП ҚСАЕЖК

СДТБТ

119.

Шетелдік туристер тіркелімі

Спорт және туризм

ТСМ

"eQonaq" (e-Hotel)

120.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кіру және кету тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ҰҚК

Бүркіт БЦЖ

121.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсаттардың тіркелімі

Әділет және қауіпсіздік

ІІМ

 КП ЦЖ

122.

Электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің тіркелімі

Энергетика

ЭМ

КЕГОК

123.

Кеңістіктік деректер инфрақұрылымының тіркелімі

Геодезия, кеңістіктік деректер

ЖИЦДМ

ҰКДИ МГ

124.

Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету тіркелімі

Геодезия

ЖИЦДМ

МГҚ

125.

Жылжымайтын мүлік тіркелімі

Инфрақұрылым

ӨҚМ (ЖИЦДМ)

ЖМБМК

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "eQonaq" (e-Hotel) – турист лектерін жинау және тіркеу және көші-қонды бақылаудың цифрлық жүйесі

      "Е-лицензиялау" МДБ ЦЖ – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесі

      "Е-Макет" АЦЖ– "Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын электронды түрде тағайындау" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      "Қандас" АЦЖ - "Қандас" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      "ОДБ" АЦЖ – "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің орталықтандырылған деректер базасы" АЦЖ

      "ШЖК" АЦЖ – "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      ABIS – Atameken Business Information Services https://kyc.kz/

      АО МАЦЖ – Атқару органдарының мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      АО ҰАТ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

      АТЖ "е-Құрылыс" (тек мемлекеттік құрылыс жобалары үшін) – Е-Құрылыс құрылыс процесін басқарудың цифрлық-талдау жүйесі

      АШЖБ – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру цифрлық жүйесі

      АШМ –Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      АШТМТ – Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тіркелімі

      ӘІЖБТ – Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тіркелімінің цифрлық жүйесі

      ӘҚП АЦЖ- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      ӘМ – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

      ББАЖ – "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен секторларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі

      БДҚ – Бірыңғай деректер қоймасы

      Бүркіт БЦЖ – "Бүркіт" бірыңғай цифрлық жүйесі

      БЖБП – Бірыңғай жоғары білім платформасы

      БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      БМБЖ – Бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі

      БП ҚСАЕЖК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДБ – Деректер базасы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      е-Терезе – экспорт-импорт операциялары үшін бірыңғай терезе цифрлық жүйесі

      ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖБРДБ – "Әмбебап есеп жүйесі" бағдарламалық қамтылымы (Жетім балалардың республикалық деректер банкі)

      ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ЖМБМК – Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры

      ЖШС –Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      ИР – Интернет ресурстар

      КДҚ АТЖ – Көліктік деректер қоры ақпараттық-талдамалық жүйесі және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      КП ЦЖ – Көші-қон полициясының цифрлық жүйесі

      ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      ҚР СО ААТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі

      КСТ АҚ – Кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелімі АҚ

      ҚТЖ ҰК АО – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      МГҚ – "Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету" цифрлық жүйесі

      МДБ – Мемлекеттік деректер базасы

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      МҚҚК АЦЖ – "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      МҚҚ АЦЖ – Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      МОДБ АЦЖ – "Мүгедектердің орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      ОМ– Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      СӘ – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

      СИМ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

      СО АЦЖ – "Сервис орталығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесі

      СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      СТБТ – Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркелімінің цифрлық жүйесі

      СІМ –Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТЖК – Теңізшінің жеке куәлігі

      ТЖҚ БНА – Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

      ТСОБТ –Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тіркелімінің цифрлық жүйе

      ТТТ ЦЖ – Тіркелген тұрғындардың тіркелімінің цифрлық жүйесі

      ҰББДБ – Ұлттық білім беру деректер базасының цифрлық жүйесі

      ҰӘҚ – Ұлттық әл-ауқат қоры

      ҰЗМИ – Ұлттық зияткерлік меншік институты

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰКДИ МГ – "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталы" цифрлық жүйесі

      ҰТО – Ұлттық тестілеу орталығы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦЖ – Цифрлық жүйе

      ЦҮП – Цифрлық үкімет порталы

      ЫЦЖ "Е-қызмет" – "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйесі

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      ІІМ ҚАЖК – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

      ЭКП – Электрондық көлік паспорттары

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі № 414/НҚ
Бұйрықпен бектілген

Ұлттық тіркелімдердің құрылымы, эталондық цифрлық деректердің құрамы, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық тіркелімдердің құрылымы (бұдан әрі – Құрылым), эталондық цифрлық деректердің құрамы (бұдан әрі – Құрам), сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі –Талаптар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Құрылымда, құрамда және талаптарда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) қызмет доменінің атауы – өзара байланысты субъектілерді, есепке алу объектілерін, функцияларды және деректерді жалпы мәндік аймақ шеңберінде біріктіретін мемлекеттік органдардың қызмет саласы (аясы);

      2) цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері – тиісті ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін, ұлттық тіркелімдер үшін цифрлық деректердің ұстаушылары немесе көздері;

      3) эталондық цифрлық деректер – ұлттық тізілімде қамтылған және уәкілетті орган мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін ресми, анық және жалғыз ақпарат көзі ретінде таныған цифрлық деректер;

      4) ұлттық тіркелім – "цифрлық үкімет" архитектурасы шеңберінде айқындалған және мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін анық ақпараттың бірыңғай көзі ретінде пайдаланылатын, эталондық цифрлық деректерді қамтитын цифрлық ресурс түсініледі.

2-тарау. Ұлттық тіркелімдердің құрылымы

      3. Ұлттық тіркелімдердің құрылымы мыналарды қамтиды:

      1) ұлттық тіркелімнің атауы;

      2) қызмет доменінің атауы;

      3) ұлттық тіркелімнің меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы (егер ұлттық тіркелімнің меншік иесі және (немесе) иегері мемлекеттік орган болмаса, онда осы саланы (аясын) қадағалайтын мемлекеттік орган көрсетіледі);

      4) цифрлық жүйенің немесе цифрлық ресурстың атауы.

3-тарау. Эталондық цифрлық деректердің құрамы

      4. Эталондық цифрлық деректерге мыналар жатады:

      1) жеке тұлғалар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні);

      2) заңды тұлғалар туралы мәліметтер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қызмет атауы, түрлері);

      3) мекенжайлық және кадастрлық деректер (мекенжайлар, жылжымайтын мүлік объектілері, геокеңістіктік ақпарат, жер кадастры);

      4) көлік және инфрақұрылым деректері (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, кемелер, инфрақұрылым объектілері);

      5) әлеуметтік-демографиялық және тіркеу деректері (мүгедектігі бар адамдар, азаматтық хал актілері, жетімдер, асырап алушылар);

      6) рұқсат беру қызметі және реттелетін субъектілер туралы деректер (лицензиялар, аккредиттеу, қару айналымы саласындағы субъектілер);

      7) мемлекеттік басқару және қызмет көрсету салаларындағы деректер (мемлекеттік қызметшілер, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік сатып алу);

      8) техника-экономикалық және салалық деректер (техникалық реттеу, стандарттар, энергетика, туризм, спорт).

4-тарау. Ұлттық тіркелімдерді жүргізу талаптары

      5. Ұлттық тіркелімдерді жүргізу олардың меншік иелері және (немесе) иегерлері тарапынан "цифрлық үкімет" архитектурасы шеңберінде жүзеге асырылады және мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) эталондық цифрлық деректердің ашықтығы, қолжетімділігі, жаңартылуы, толықтығы, олардың цифрлық үйлесімділігі және эталондық цифрлық деректердің еркін алмасуы;

      2) эталондық цифрлық деректердің дереккөздерімен міндетті синхрондау;

      3) қолжетімділік құқықтарын шектеу;

      4) біркелкілік;

      5) киберқауіпсіздік;

      6) цифрлық ортадағы мінез-құлықтың этикалық стандарттарын сақтау.

5-тарау. Эталондық цифрлық деректерді жаңартып отыру талаптары

      6. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері эталондық цифрлық деректерді тұрақты және үздіксіз түрде жаңартып отыруды, мынадай талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етеді:

      1) эталондық цифрлық деректердің сапасы – мақсатына сай пайдалану үшін эталондық цифрлық деректердің толықтығын, дәлдігін қамтамасыз ету;

      2) жаңартылу – эталондық цифрлық деректерді уақтылы жаңарту;

      3) пайдалану міндеттілігі – ұлттық тіркелімде эталондық цифрлық деректер болған кезде, мұндай деректерді пайдаланатын мемлекеттік цифрлық объектілер оларды тиісті ұлттық тіркелімнен алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады