"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 752 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 шiлдеде № 39282 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындайтын құжат Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат, әскери қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – әскери билет болып табылады.";

      11-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасы Құрылтай депутатының, мәслихат депутатының өкілеттіктерін жүзеге асыру;".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Д. Косанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады