БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес әзірленді және пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.";
10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. Пошта операторлары цифрлық жүйе болған кезде пошта саласындағы көрсетілетін қызметтерді автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық, цифрлық жүйелер арқылы көрсетеді, сондай-ақ оларды пошта саласындағы қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру үшін пайдаланады.";
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құндылығы жарияланған бандерольдерде – "... теңгеге құндылығы жарияланған бандероль", ішіне салым тізімдемесімен құндылығы жарияланған бандерольдерге, оған қоса – "Тізімдеме жасалған";
2) құндылығы жарияланған хаттарға – "... теңгеге құндылығы жарияланған" немесе "Жабық... теңгеге құндылығы жарияланған", салым тізімдемесімен, құндылығы жарияланған хаттарға, оған қоса - "Тізімдеме жасалған";
3) үстеме төлемді пошта жөнелтілімдеріне – "...теңгеге үстеме төлем";";
8) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"құндылығы жарияланған – "... теңгеге құндылығы жарияланған";";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, цифрлық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету жолымен жүзеге асырылады. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері кері қайтару мекенжайы міндетті түрде көрсетіліп, қабылданады.
Тіркелетін пошта жөнелтілімінің буып-түюінде: пошта операторының қабылдайтын өндірістік объектісінің атауы және пошталық тіркеу нөмірі (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) жазылады.
Тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдауды пошта операторы осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда пошта жөнелтілімі бланкісін толтыра отырып жүргізеді.
Тізім бойынша қабылданған пошта жөнелтілімдеріне қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растайтын бір құжат беріледі.";
34-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) салым тізімдемесімен және құндылығы жарияланған тіркелетін пошта жөнелтілімдерінде – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шетел валютасының ақша белгілері (банкноттары мен монеталары). Жөнелтуші пошта жөнелтілімдерін жөнелту кезінде осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті толтырады.";
36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құндылығы жарияланған хаттар мен жөнелтілімдерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және кассалық операцияларын Ұлттық пошта операторының арнайы пошта байланысы қызметі арқылы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар жіберетін банкноттар, монеталар және құндылықтар.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Қазақстан Республикасының ішінде жіберілетін пошталық ақша аударымының сомасына, егер Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, шектеу қойылмайды.";
49, 50-тармақтар және 51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Пошта операторының гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша қызмет көрсетуі жөнелтілімді кейінгі кезеңдерде тіркелетін немесе тіркелмейтін хат (пошталық карточка) түрінде жеткізілетін және бастапқы кезеңде цифрлық жүйелерде, интернет-ресурстарда немесе электрондық жеткізгіштерді қолдану арқылы тіркелуден өткен пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға электрондық хат (хабар) нысанында жіберу не кейінгі кезеңдерде электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне цифрлық жүйелерді, интернет-ресурстарды және басқа да электрондық жеткізгіштерді қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хатты (пошталық карточканы) бастапқы кезеңде жіберу арқылы жүзеге асырылады.
50. Бастапқы кезеңде пошта операторының цифрлық жүйесін қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында жіберілетін тіркелетін немесе тіркелмейтін хаттарға (пошта карточкасына) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 52-бабына сәйкес куәландырушы орталықта алған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және олар ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар сақталып жіберіледі.
51. Пошта операторының цифрлық жүйесіне пошта жөнелтілімі түрінде әрі қарай жеткізу үшін жолданған электрондық хат (хабар) қосымша құралдар мен әдістерді пайдаланбай-ақ қабылдау үшін қолжетімді түрде алынған электрондық хаттың (хабардың) мазмұны жазылған қағаз жеткізгіште басып шығарылады.";
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Пошта операторының цифрлық жүйесі жөнелтушіге тіркелетін хат (пошта карточкасы) қабылданғаны, жеткізілгені, табыс етілгені немесе қайтарылғаны туралы немесе электрондық хат (хабар) нысанында жіберілетін тіркелмейтін хат (пошта карточкасы) қабылданғаны туралы электрондық нысанда хабарлама жібереді.
54. Бастапқы кезеңде жіберілетін және кейінгі кезеңде цифрлық жүйелерді, интернет-ресурстарды қолдану арқылы электрондық хат (хабар) нысанында электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жеткізілетін хаттар (пошта карточкасы) жеткізілгені не адресат хатты (пошта карточкасын) оқығаны туралы хабарламаны алған кезде адресатқа жеткізілген болып есептеледі.";
56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Адресаттан немесе оның заңды өкiлiнен немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенім білдірілген адамынан не үшінші тұлғадан адресаттың пин-код енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған жағдайда тіркелген хатты (пошталық карточканы) алғаны туралы хабарлама электронды түрде қалыптасады және цифрлық жүйеге немесе пошта операторының цифрлық жүйесінде жеткізілгені (табыс етілгені) туралы тиісті мәртебе пайда болғаннан кейін пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік жәшігіне жіберіледі.
57. Қайтару кезінде гибридтік жөнелтілімдер жасалған шартта өзге талап айтылмаса, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының цифрлық жүйесіне қайтару туралы мәртебені қабылдағаны туралы растауды алғаннан кейін жойылуы тиіс.";
69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланыла отырып немесе келісім алуды растайтын өзге де тәсілмен автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықтарды пайдаланыла отырып электрондық түрде немесе "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы цифрлық жүйелер арқылы не қол қойғызып қағаз жеткізгіште таңдалады.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Пошта операторлары пошта жөнелтілімін табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе келісім алуды растайтын өзге тәсілмен автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықтарды пайдалана отырып электрондық түрде немесе "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы цифрлық жүйелер арқылы не қол қойғызып қағаз жеткізгіште таңдалады.
Тіркелетін пошта жөнелтілімін беру не табыс ету пошта жөнелтілімінде көрсетілген тікелей адресатқа (алушыға) немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адамына не үшінші тұлғаға адресаттың пин-код енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Мыналарды:
1) алушылардан пошта жөнелтілімдерін алуға арналған сенімхатты қағаз жеткізгіште не электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық нысанда ұсынуды;
2) адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімін қоспағанда, тіркелетін пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімінде көрсетілмеген адамға берілмейді не табыс етілмейді.
Жөнелтуші дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыға пошта жөнелтілімін табыс етпейді.";
112-3, 112-4 және 112-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"112-3. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алушы (адресат) пошта байланысы операторының цифрлық жүйесі арқылы алушының өзі жасаған және жіберген пин-кодты немесе штрих-кодты үшінші тұлғаға береді.
112-4. Үшінші тұлға пин-кодты айтады немесе пошта операторының цифрлық жүйесінде алушы (адресат) жіберген штрих-кодты оқуға ұсынады.
112-5. Тіркелетін пошта жөнелтілімін үшінші тұлғаға пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып алушы (адресат) үшін пошта операторының цифрлық жүйесінде жасалған пин-кодты немесе штрих-кодты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";
112-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112-8. Сәтті верификациядан кейін тіркелетін пошта жөнелтілімін табыс ету туралы мәртебе үшінші тұлғаға табыс ету белгісі көрсетіле отырып, цифрлық жүйеде тіркеледі.";
112-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112-11. Жасалған пин-кодтың немесе штрих-кодтың жарамдылық мерзімі оны көрсету үшін пошта операторының цифрлық жүйесінде ашқан сәттен бастап 3 (үш) минутты құрайды, содан кейін ол автоматты түрде жаңартылады.";
112-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112-14. Үшінші тұлға туралы ақпарат пошта операторының цифрлық жүйесінде сақталмайды.";
144-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылым негіздерін күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;";
147-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылым негіздерін күшпен өзгерту, тұтастығына қол сұғу, мемлекет қауіпсіздігін бұзу, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық артықшылық, қаталдық, зорлық және порнография насихатталатын немесе үгіттелетін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;";
150-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес мәдени құндылықтар (Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығаратын кезде) – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары беретін, мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына берілетін куәлік негізінде;";
181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"181. "Үкіметтік" - "Правительственное" қосымша жазбасы (белгісі) бар пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының мына лауазымды тұлғаларынан қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Вице-Президенті;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
4) Құрылтай Төрағасы және Төрағасының орынбасарлары;
5) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы және Төрағасының орынбасары;
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы;
9) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы;
10) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуроры және Бас прокурорының орынбасары;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші органдардың басшылары;
13) Қазақстан Республикасының министрлері, орталық атқарушы органдардың ведомство басшылары;
14) Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері.
"Үкіметтік" - "Правительственное" разрядындағы пошта жөнелтілімдері бірінші кезекте өңделеді және жеткізіледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға 3.1-қосымша сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Өтініш
Мен,____________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), анық) мекенжайы бойынша тұратын:
___________________________ осы арқылы мен бұл туралы мәлімдеймін
_________________________________,
(пошта жөнелтілімінің түрі мен санатын көрсету) алушының мекенжайына
жіберілетін _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол боған жағдайда), анық) тіркелетін пошта
жөнелтілімдерінде салынған банкноттар, монеталар.
Тіркелетін пошта жөнелтіліміне салынымының тізімдемесі және сомаға жарияланған
құндылығы бар________________ (________________________) теңге салынды.
__________________________________ саны _____________________дана:
(монеталарды немесе банкноттарды көрсету)
1)______________________________________________
(дайындаушының елін, шығарылған жылын, номиналын көрсету);
(әрбір монетаға немесе банкнотқа жеке толтырылады)
2)______________________________________________
(дайындаушының елін, шығарылған жылын, номиналын көрсету);
(әрбір монетаға немесе банкнотқа жеке толтырылады)
3)___________________________________________
(дайындаушының елін, шығарылған жылын, номиналын көрсету).
(әрбір монетаға немесе банкнотқа жеке толтырылады)
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
_______________________________ (күні)
