ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында:
2-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтарына) айына ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарына) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақы төленбейтін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5-тен 10 пайызға дейін белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 5-тармағына сәйкес астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары айқындайды.";
тармақшалар 5), 6), 7), 8) және 9 мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) ағымдағы жарналар бір шаршы метр үшін жүз теңгеден аспайды;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 3-тармағына сәйкес жинақтау жарналары;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.";
5-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-қосымшаның бірінші жолдарына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми оның алғашқы жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
