ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. Қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:":
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды".;
3 және 4- тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында масс-медиа саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскен жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші теле-, радиоарнаны тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.
Тыңдау хаттамасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекінің 74-бабына сәйкес рәсімделіп, көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ауызша тыңдаудың хаттамасын жүргізеді.".
9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
"Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1, 2 және 4-қосымшалар бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші, және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интелект және цифрлық
даму министрлігі
Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін заңды тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________
Қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
________________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)
Заңды тұлғаның мекен жайы _______________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта ______________________________________________________
Телефондар ______________________________________________________________
Факс ____________________________________________________________________
Банктік шот ______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы __________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
____________ парақ қоса беріледі.
Осы өтінішпен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы "____" _______
(қолы)
Басшы ______________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөрдің орны, Толтырылған күні: 20 __ жылғы "____" ______
(ол болған жағдайда)
Лицензия алу (қайта ресімдеу) үшін жеке тұлғаның өтініші
________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
__________________________ қызметін_жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
_________________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін (түрлерін) көрсету)
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондар _______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Банктік шот _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
__________ парақ қоса беріледі
Осы өтінішпен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып
табылатындығы расталады.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________ 20 __ ж. "____" _______
(қолы)
Жеке тұлға ________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөрдің орны (ол болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__жылғы "_" ____
Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің |
Қазақстан Республикасы |
4 | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрінің (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрінің (бар болса) көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 11 (он бір) |
6 | Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрінің (бар болса) көрсету нысаны |
Цифрлық (ішінара |
7 |
Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрі (бар болса) | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру (бұдан әрі – лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Салық кодексі 616-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін мөлшерлемелері: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан және олардың кіші түрі (бар болса) талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу); осы |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет және олардың кіші түрлері (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
