Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 77 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39194 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 9) және 23) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 51) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша күші жойылған деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 77 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 9) және 23) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 51) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін (бұдан әрі – алтын-валюта активтері), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін (бұдан әрі – зейнетақы активтері) сыртқы басқарушыларды таңдау және активтерді сыртқы басқаруға беру тәртібі айқындалады.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) активтерді белсенді басқару – портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелігінің мәні (tracking error) (трекинг эррор) 2 (екі) пайыздан асатын басқару түрі;

      2) активтерді жетілдірілген индекстік басқару – портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) (трекинг эррор) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан 2 (екі) пайызға қоса алғанда дейін болатын басқару түрі. Активтерді Жжетілдірілген индекстік басқару кезінде эталондық портфельдің негізгі көрсеткіштерінен бірқалыпты ауытқу болжанады;

      3) активтерді пассивті (индекстік) басқару – портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) (трекинг эррор) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан аспайтын басқару түрі;

      4) ақпараттық коэффициент (information ratio) (информейшн рейшио) – үстеме кірістілік деңгейінің кірістіліктің ауытқу өзгермелігіне (tracking error) (трекинг эррор) қатынасы;

      5) арнайы мандат – активтердің жекелеген сыныптары, басқару түрлері, елдер мен өңірлер деңгейінде бірегей инвестициялық тәсілдерді болжайтын инвестициялау стратегиясын қолдану арқылы активтерді әртараптандыру мақсатында сыртқы басқаруға берілетін мандат;

      6) әртараптандыру – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгілеген талаптарға сәйкес алтын-валюта активтерін, Ұлттық қор активтерін және (немесе) зейнетақы активтерін (бұдан әрі – Активтер) жоғалу тәуекелін төмендету мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына орналастыру;

      7) балама құралдар – ұзақ мерзімді перспективада кірістілікті арттыруға арналған активтердің сыныптары (кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds) (Хай Йилд Бондс), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return) (Абсолют Ритерн), хедж-қорлар (Hedge Funds) (Хедж Фандс), хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) (Фанд оф Хедж Фандс) және қорлардың қорлары (Fund of Funds) (Фанд оф Фандс), жеке капитал (Private Equity) (Прайвит Эквити), жеке борыш (Private Credit) (Прайвит Кредит), артқан тәуекелі бар бағалы қағаздар (Distressed Securities) (Дистрест Секьюритиз), жылжымайтын мүлікке инвестициялар (Real Estate) (Риэл Эстейт), инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure) (Инфрастракче), тікелей инвестициялар (Strategic investments and co-investments) (Стратеджик инвестментс энд ко-инвестментс), шетелдік цифрлық активтер);

      8) басқарушылық бақылау – бір заңды тұлғаның шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындау және (немесе) басқа заңды тұлғаға қатысуға (иеленуге) байланысты осындай заңды тұлға қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі;

      9) биржа нарығы – сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдаланумен қатынастар жиынтығы;

      10) жаһандық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, өңірдің) шеңберінен шығатын портфель;

      11) инвестициялық дью-дилидженс – сыртқы басқарушының инвестициялық қызметінің тиімділігін жан-жақты тексеруге және бағалауға бағытталған талдамалық іс-шаралар кешені;

      12) инвестициялық стратегиялар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 23 қазандағы № 82 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы;

      13) институционалдық инвестор – ақшаны қаржы құралдарына инвестициялайтын заңды тұлға;

      14) консультациялық қызмет көрсетудегі активтер – сыртқы басқарушы активтерді инвестициялық басқару бөлігінде клиентке консультация беретін сыртқы басқарушының басқаруындағы активтер;

      15) кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) (трекинг эррор) – портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатысты портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқуының өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіш;

      16) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;

      17) маржалық шот – клиринг ұйымында ашылатын және мәмілелер бойынша қамтамасыз етуді орналастыру және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізу мақсатында пайдаланылатын туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге арналған шот;

      18) операциялық дью-дилидженс – сыртқы басқарушының операциялық қызметінің тиімділігін жан-жақты тексеруге және бағалауға бағытталған талдамалық іс-шаралар кешені;

      19) Өкілетті өкіл – Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіктеріне Ұлттық Банктің атынан Ұлттық қорды сенімгерлік басқару жөнінде шұғыл шешімдер қабылдау кіретін арнайы лауазымды (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі) адам;

      20) өңірлік мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, өңірдің) шеңберінде шоғырландырылған портфель;

      21) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде ақша;

      22) портфель менеджері – клиенттердің активтерін басқаруға жауап беретін адам;

      23) сыртқы басқару – Активтердің бір бөлігі сыртқы басқарушының инвестициялық басқаруына берілетін активтерді басқару түрі;

      24) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды арнайы жүргізетін және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған банк немесе ұйым;

      25) сыртқы транзиттік басқару – сыртқы басқарушыны таңдағанға және (немесе) активтерді тиісті мандат бойынша бекітілген сыртқы басқарушыға бергенге дейін берілетін активтердің құрылымындағы өзгерістерге байланысты тәуекелдерді барынша азайту мақсатында активтер сыртқы транзиттік басқарушыға берілетін кездегі активтерді басқарудың түрі;

      26) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін сыртқы транзиттік басқаруды арнайы жүргізетін және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған банк немесе ұйым;

      27) транзиттік кезең – инвестициялық стратегияларда белгіленген параметрлерге сәйкес келтіру мақсатында Қағидаларға сәйкес белгіленетін, портфельге қолданылатын уақыт кезеңі;

      28) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің Активтерді басқаруды және олардың мониторингін жүзеге асыратын бөлімшесі;

      29) Ұлттық Банктің лауазымды адамы – Ұлттық Банк Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;

      30) үстеме кірістілік деңгейі – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;

      31) форекс операциялары – биржа және биржадан тыс нарықтарда шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату;

      32) эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүддесін көрсететін құралдар жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезіндегі шама болады. Эталондық портфель ретінде әлемнің жетекші қаржы компаниялары не Ұлттық Банк әзірлеген және бақылайтын индекстер пайдаланылады.

      3. Қағидаларда сыртқы басқарушыларды таңдау және алтын-валюта активтерінің, Ұлттық қор активтерінің және зейнетақы активтерінің балама құралдар портфельдерінің активтерін, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының бағдарламалары шеңберінде алтын-валюта активтерінің дамушы нарықтары портфелінің активтерін сыртқы басқаруға беру тәртібі, мұндай басқару Ұлттық Банк Басқармасы бекітетін тиісті инвестициялық стратегиямен көзделген жағдайда, айқындалмайды.

      4. Сыртқы басқаруға берілетін алтын-валюта активтерінің жалпы рұқсат етілген көлемі алтын-валюта активтерінің жалпы көлемінің 30 (отыз) пайызынан аспайды.

      Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін алтын-валюта активтерінің жалпы рұқсат етілген көлемі алтын-валюта активтерінің жалпы көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.

      5. Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін Ұлттық қор активтерінің жалпы рұқсат етілген көлемі Ұлттық қор активтерінің жинақ портфелі көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды.

      6. Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін зейнетақы активтерінің жалпы рұқсат етілген көлемі шетел валютасындағы зейнетақы активтерінің портфелі көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды.

      7. Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген лимиттен артқан кезде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушы қосылған жағдайда, уәкілетті бөлімше осындай артудың туындаған күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде сәйкессіздікті жояды.

      8. Активтер:

      1) Активтерді басқару түрлеріне байланысты тәуекелдер деңгейін төмендету;

      2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдамалық материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдалану есебінен Активтерді басқарудың кірістілігін ұлғайту;

      3) сыртқы басқарушылардан алынған активтерді басқару саласындағы сараптамалар мен консультацияларды қолдану есебінен Активтерді басқару тиімділігін арттыру;

      4) Активтерді дербес басқаруда тәжірибесі жоқ активтердің жаңа сыныптарын енгізу мақсатында сыртқы басқаруға беріледі.

      9. Сыртқы басқарушы үшін активтерді басқару түрін (белсенді, жетілдірілген индекстік немесе пассивті (индекстік)) және эталондық портфельді таңдау инвестициялық стратегияларда көзделген Активтерді басқару мақсаттары мен шектеулерге сәйкес нарықтағы жағдайға байланысты жүзеге асырылады.

      10. Сыртқы басқарушыға немесе сыртқы транзиттік басқарушыға инвестициялық сыртқы басқару туралы келісімге (бұдан әрі – инвестициялық басқару туралы келісім) немесе инвестициялық сыртқы транзиттік басқару туралы келісімге (бұдан әрі – транзиттік басқару туралы келісім) сәйкес белгіленген комиссиялық сыйақы және (немесе) басқару нәтижелеріне байланысты комиссиялық сыйақы төленеді.

2-тарау. Алтын-валюта активтерін, Ұлттық қор активтерін және зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібі

      11. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушыларды таңдау рәсімін ұйымдастырады.

      12. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында сыртқы басқарушыны жоспарланып отырған таңдау туралы ақпаратты жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, көрсетілген ақпаратты оларға жібереді, сондай-ақ әлеуетті сыртқы басқарушылар үшін қолжетімді шетелдік ақпараттық-талдамалық ресурстарда (Bloomberg (Блумберг), Reuters (Рейтерс), Financial Times (Файнэншл Таймс) сияқты) осы ақпаратты жариялау үшін сұраныстар жолдайды.

      Әлеуетті сыртқы басқарушының Қағидалардың 30-тармағында көзделген шарттарды инвестициялық басқару туралы келісімге енгізуге берген келісімі оның ұсынысын қараудың міндетті шарты болып табылады.

      13. Әлеуетті сыртқы басқарушы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әлеуетті сыртқы басқарушыдан сұратылатын ең аз ақпаратты электрондық түрде электрондық пошта арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынады. Уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы басқарушылардың қызметін талдауға қажетті ақпаратты инвестициялық және (немесе) талдамалық деректер базасы бар ақпараттық-талдамалық жүйелерден (eVestment (иВестмент), Morningstar (Морнингстар), MercerInsight (Мерсер Инсайт) және өзге де ұқсас жүйелер сияқты) алуына жол беріледі.

      14. Уәкілетті бөлімше әлеуетті сыртқы басқарушылардың барлық түскен ұсыныстарын қарайды және олардың Қағидалардың 15 немесе 16-тармақтарында көзделген міндетті өлшемшарттарға сәйкестігін тексереді.

      Міндетті өлшемшарттарға сәйкес келетін әлеуетті сыртқы басқарушылар арасынан уәкілетті бөлімше алтын-валюта активтерінің, Ұлттық қор активтерінің және (немесе) зейнетақы активтерінің әлеуетті сыртқы басқарушыларының тізімін (бұдан әрі — толық тізім) қалыптастырады және Қағидаларға 2-қосымшада көзделген бағалау өлшемшарттары негізінде ұсыныстардың салыстырмалы талдауын жүргізеді.

      Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарының салыстырмалы талдауын жүргізу кезінде Активтердің қолданыстағы сыртқы басқарушыларының басқару нәтижелері туралы деректерді пайдалануға жол беріледі.

      Әлеуетті сыртқы басқарушы ұсынған ақпаратты нақтылау мақсатында уәкілетті бөлімшенің осындай әлеуетті сыртқы басқарушыға қосымша сұраулар жіберуіне жол беріледі. Әлеуетті сыртқы басқарушы қосымша сұралатын ақпаратты тиісті өлшемшарт бойынша ұсынбаған жағдайда 0 (нөл) балл қойылады.

      15. Жаһандық мандаттар бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау үшін мыналар:

      1) Активтерді инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі, одан жарияланған мандат бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі, не егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында тек осыған ұқсас өңірлік мандаттар болса – жаһандық мандатта қамтылғанның кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі міндетті өлшемшарттар болып табылады.

      Әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесін әлеуетті сыртқы басқарушымен бір тұлғаның басқарушылық бақылауындағы заңды тұлғалардың жұмыс тәжірибесін ескере отырып есептеуге рұқсат етіледі;

      2) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің жиынтық мөлшері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтер) – 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы;

      3) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы қаралатын мандат бойынша клиенттер активтерінің жиынтық мөлшері – 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы не, егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында тек қана осыған ұқсас өңірлік мандаттар болса – жаһандық мандатта қамтылғанның кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы міндетті өлшемшарттар болып табылады.

      16. Арнайы мандаттар бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау үшін мыналар:

      1) әлеуетті сыртқы басқарушының Активтерді инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл, одан жарияланған мандат бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі, не егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында тек осыған ұқсас өңірлік мандаттар болса – жаһандық мандатта қамтылғанның кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі міндетті өлшемшарттар болып табылады.

      Әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесін әлеуетті сыртқы басқарушымен бір тұлғаның басқарушылық бақылауындағы заңды тұлғалардың жұмыс тәжірибесін ескере отырып есептеуге рұқсат етіледі;

      2) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің жиынтық мөлшері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтері) – 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы;

      3) қаралып отырған мандат бойынша әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің жиынтық мөлшері – 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмауы міндетті өлшемшарттар болып табылады.

      Бұл ретте бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі осындай сыртқы басқарушының басқаруындағы қаралатын мандат бойынша инвестициялық басқарудағы активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан аспайды.

      17. Уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы басқарушының клиенттеріне клиенттер активтерін басқарудың нәтижелері мен сапасы туралы сұратумен жүгінуіне рұқсат етіледі.

      18. Уәкілетті бөлімше дайындаған толық тізімге енгізілген әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы түрде талдауды және оларды таңдау жөніндегі ұсынымдарды қамтитын қорытынды Ұлттық Банк Төрағасының, ал Ұлттық қор активтеріне қатысты — Өкілетті өкілдің қарауына ұсынылады.

      Қорытындыны қарау нәтижесі бойынша Ұлттық Банк Төрағасы не Өкілетті өкіл бағалау өлшемшарттары бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін (бұдан әрі — іріктелген тізім) уәкілетті бөлімшенің қорытындысына бұрыштама қою арқылы мақұлдайды.

      Уәкілетті бөлімше іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен сыртқы басқарушылар ұсыныстарының шарттарын жақсарту мақсатында келіссөздер жүргізеді.

      19. Уәкілетті бөлімше Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы түрде талдау үшін іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес қосымша бағалау жүргізеді.

      Ұлттық қор және зейнетақы активтерінің портфельдері үшін іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың балдарының жиынтық сомасы тең болған кезде іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында өз кеңсесін жергіліктендіруге келісім білдірген ұсынысы басымдыққа ие болады.

      20. Инвестициялық және операциялық дью-дилидженсті жүргізген кезде инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы басқарушылармен кездесулер өткізуіне және олардың офистеріне баруына рұқсат етіледі.

      21. Таңдау үшін ұсынылатын әлеуетті сыртқы басқарушы Активтердің сыртқы басқарушысы болып табылмайтын жағдайда, уәкілетті бөлімше қызметкерінің оның офисіне баруы міндетті шарт болып табылады.

      22. Активтерді сыртқы басқарушыларды таңдау туралы шешімді Ұлттық Банктің Басқармасы қабылдайды.

      Сыртқы басқарушының құқықтық мирасқорына осы сыртқы басқарушыны қайта ұйымдастыруға байланысты инвестициялық басқару туралы келісімнен туындайтын құқықтар мен міндеттер ауысқан жағдайларда, сондай-ақ сыртқы басқарушы инвестициялық басқару туралы келісімнен туындайтын өз құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға (компанияға) берген жағдайларда, оның кандидатурасы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбестен, сыртқы басқарушы ретінде Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығарылады.

      23. Егер кемінде 3 (үш) жылдық кезеңде ұқсас мандат бойынша басқарудың оң нәтижесін көрсеткен алтын-валюта активтерін және (немесе) Ұлттық қор активтерін және (немесе) зейнетақы активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы Қағидалардың 15 немесе 16-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келсе, онда Ұлттық Банк Төрағасының, Ұлттық қордың активтеріне қатысты Өкілетті өкілдің шешімі бойынша оның кандидатурасы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбестен, сыртқы басқарушы ретінде бекіту үшін Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығарылады.

      24. Бір мандат шеңберінде (бірақ басқарудың бір түрі емес) сыртқы басқарудағы активтердің шоғырлану тәуекелдерін төмендету үшін жұмыс істейтін сыртқы басқарушылардың саны кемінде 2 (екі) сыртқы басқарушы болады.

      25. Жаңа сыртқы басқарушыларды жедел таңдауды және қолданыстағы сыртқы басқарушыларды ауыстыруды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті бөлімшенің іріктелген тізімге енгізілген әлеуетті сыртқы басқарушылар арасынан резервтік сыртқы басқарушылардың тізбесін қалыптастыруына жол беріледі.

      Резервтік сыртқы басқарушыларды Ұлттық Банктің Басқармасы бекітеді.

      26. Уәкілетті бөлімше жыл сайын резервтік сыртқы басқарушылардың қызметіне мониторинг жүргізеді және инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберіндегі ақпаратты жаңартады.

      27. Активтерді сыртқы басқарушыға және (немесе) резервтік сыртқы басқарушыға беру мәселелері Ұлттық Банк Басқармасымен Қағидалардың 37-тармағында көзделген сыртқы басқарушылардың басқару нәтижелері туралы есепті бекіту шеңберінде қаралады.

      Активтерді сыртқы басқарушыға және (немесе) резервтік сыртқы басқарушыға беру жөніндегі шұғыл шешімдерді:

      1) алтын-валюта активтеріне қатысты Ұлттық Банк Төрағасы;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қатысты Өкілетті өкіл;

      3) зейнетақы активтеріне қатысты "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық комитеті қабылдайды.

      28. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген рәсімдерді қолдана отырып таңдалған сыртқы басқарушыны бекіткен күнінен бастап 3 (үш) жылдан артық уақыт өтпесе және осындай сыртқы басқарушы алтын-валюта активтерінің және (немесе) Ұлттық қор активтерінің және (немесе) зейнетақы активтерінің портфелінде кемінде 18 (он сегіз) күнтізбелік ай ішінде басқарудың оң нәтижесін көрсетсе, оның кандидатурасын Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбестен, жоғарыда көрсетілген портфельдердің кез келген басқасы шеңберінде ұқсас мандат бойынша сыртқы басқарушы ретінде бекіту үшін Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығаруға жол беріледі.

      29. Уәкілетті бөлімше инвестициялық басқару туралы келісімді жасауға байланысты іс-шараларды және оның шарттарын одан әрі орындауға мониторингін жүзеге асырады.

      30. Инвестициялық басқару туралы келісімде мына:

      1) Ұлттық Банктің мына:

      сыртқы басқарушы эталондық портфельмен салыстырғанда портфельді басқару бойынша үстеме кірістілікке қол жеткізбеген;

      сыртқы басқарушы инвестициялық стратегияларда белгіленген шектеулерді бұзған;

      инвестициялық стратегияларға өзгерістер енгізілген;

      сыртқы басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және инвестициялық басқару туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып, Ұлттық Банктің лауазымды адамының, Ұлттық қор активтеріне қатысты Өкілетті өкілдің шешімі немесе Ұлттық Банк Басқармасының шешімі болған жағдайда, инвестициялық басқару туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу құқығы болуы туралы;

      2) Ұлттық Банктің өз қалауы бойынша сыртқы басқарудағы Активтерді кез келген уақытта толықтыру (кері қайтарып алу) құқығының болуы туралы;

      3) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты өз персоналының орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беруі туралы;

      4) шот бойынша операцияларды тексеру мақсатында Ұлттық Банк қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың сыртқы басқарушыға баруы туралы, сондай-ақ сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдер мониторингінің рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу туралы;

      5) сыртқы басқаруға берілген активтермен мәмілелер бойынша сыртқы басқарушымен үлестес тұлғаларды брокерлер немесе контрәріптестер ретінде тартуға тыйым салу туралы;

      6) инвестициялық стратегияларда белгіленген кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің (ex-ante tracking error) (экс-анте трекинг эррор) лимитін бұзғаны үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі туралы;

      7) сыртқы басқарушының және (немесе) инвестициялық басқару туралы келісім шеңберінде тартылған үшінші тұлғалардың тарапынан ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Ұлттық Банкке келтірілген ықтимал шығын үшін олардың жауапкершілігі туралы;

      8) сыртқы басқарушының Активтерді басқаруды және мониторингтеуді жүзеге асыратын Ұлттық Банктің қызметкерлеріне консультация беру, оларды оқыту немесе тағылымдамадан өткізу міндеті туралы;

      9) сыртқы басқарушының тұрақты негізде Ұлттық Банкке инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес мынадай есептерді:

      алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы есепті;

      портфельді бағалауды туралы есеп (Активтерді валютаның әртүрлі сыныптары мен түрлері бойынша бөлу, портфельдің есепті айдың соңындағы құрамы, активтердің есепті айдың соңындағы нарықтық құны);

      портфельдегі қозғалысты туралы есеп (есепті тоқсанда жасалған, түрлі сыныптар және валюталар, өтеу мерзімі, дивидендтерді төлеу және жинақталған пайыздар бойынша сұрыпталған барлық мәмілелердің тізбесі);

      портфельді басқару нәтижелерін талдауды қамтитын есеп (қол жеткізген кірістілік, портфель тәуекелі көрсеткіші және эталондық портфельмен салыстырғанда кірістілік ауытқуның өзгермелігі деңгейі (tracking error) (трекинг эррор) бөлігінде портфельді басқарудың ай сайынғы, тоқсандық жалпы нәтижелері);

      тиісті қаржы нарықтардың жай-күйі және олардың портфельдің құрылымы мен құнына ықпалы және (немесе) макроэкономикалық шолуға ықпалы туралы есепті;

      инвестициялық стратегияға шолу және портфельдің құрылымына енгізілген өзгерістердің сипаттамасы;

      инвестициялаудың ағымдағы стратегиясын;

      активтерді белсенді басқару үшін әртүрлі факторлардың портфель кірістілігіне қосқан үлесін ұсыну міндеті туралы;

      10) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес кастодиан банктің (кастодиан банктердің) деректерімен әрбір айдың соңында немесе транзиттік кезең аяқталған күні салыстырып тексеруі туралы;

      11) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілген операциялар туралы ақпаратты шоғырландырылған есепке жауапты кастодиан банкке беруі туралы;

      12) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушының брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері туралы ақпаратты, құжаттарды ұсынуы туралы;

      13) сыртқы басқарушының заңсыздық пен мүдделер қайшылығы тәуекелін төмендететін, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы басқарушының тәуекелдерді басқарудың ішкі саясаттары мен рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты ұсынуы туралы;

      14) сыртқы басқарушының Активтерді басқару нәтижелерін ұсыну үшін уәкілетті бөлімшемен жылына бір реттік кезеңділікпен кездесулер өткізуі туралы, инвестициялық шектеулерді сақтау, нарықтық жағдайды бағалау және оның портфельге және Активтерді басқару бойынша инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы;

      15) сыртқы басқарушының қадағалау органдары қолданған шаралар мен сот талқылауларына қатысуы бойынша ақпарат беруі туралы;

      16) сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке кастодиан банкпен (кастодиан банктермен) салыстырып тексерілген инвестициялық басқару туралы келісімді бұзу күніне портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы туралы;

      17) қазақ, орыс тілдерінде және тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілде инвестициялық басқару туралы келісімге қол қоюы туралы;

      18) екі тараптың жазбаша келісімі бойынша инвестициялық басқару туралы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар ықтимал енгізу туралы шарттар қамтылады.

      31. Ұлттық Банк инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес Активтерді Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) сыртқы басқаруға арналған шоттарына ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды аудару арқылы сыртқы басқаруға береді. Сыртқы басқаруға берілетін Активтер Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) шоттарында және клирингтік брокердің маржалық шотында сақталады.

      32. Активтерді сыртқы басқаруға берген кезде Ұлттық Банк белгілеген нысаналы параметрлерге сәйкес портфельді қалыптастыру үшін транзиттік кезең есепке алынады. Транзиттік кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      33. Активтерді сыртқы басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше инвестициялық басқару туралы келісімде белгіленген шектеулердің сақталуын тексеру, сыртқы басқарушы жасайтын мәмілелердің мониторингін жүзеге асыру, сыртқы басқарудағы тәуекел және портфель кірістілігінің көрсеткіштерін бағалау арқылы сыртқы басқарушының қызметіне күн сайынғы мониторинг жүргізеді.

      34. Уәкілетті бөлімше инвестициялық басқару туралы келісімге сәйкес жылына бір реттен сиретпей сыртқы басқарушымен кездесу өткізеді не бейне- немесе телеконференция ұйымдастырады, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулерді сақтау туралы есеп береді, нарықтық жағдайға және оның портфельге және Активтерді басқару бойынша инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсерін бағалайды.

      35. Жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушылардың жұмыс тиімділігі жыл сайын Қағидаларға 4-қосымшада көзделген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі негізінде бағаланады.

      Сыртқы басқарушының жалпы алғанда және активтер сыныптары бойынша 3 (үш), 5 (бес) жыл және басқаруды бастаған күннен бері кезеңдегі жұмысының тиімділігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің лауазымды адамы Активтерді толықтыру (алу) немесе осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру (тоқтату), не осы мәселені Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығару туралы тиісті шешім қабылдайды.

      36. Ұлттық Банктің лауазымды адамының шешімі бойынша Активтерді толықтыру, алу немесе сыртқы басқарушымен инвестициялық басқару туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалауды жүргізбестен жүзеге асырылады.

      37. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушылардың басқару нәтижелері туралы есепті жылына 1 (бір) реттен сиретпей Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығарады.

3-тарау. Алтын-валюта активтерін, Ұлттық қор активтерін және зейнетақы активтерін сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау тәртібі

      38. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау үшін уәкілетті бөлімше әлеуетті транзиттік басқарушыларға қамту нарығы, транзиттік басқару стратегиялары және құралдар мен нарықтар сыныптары бөлігінде қызмет құны бойынша ақпарат беру туралы сұрату жібереді және келіп түскен ұсыныстарды талдайды.

      39. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау үшін – кемінде 5 (бес) жыл активтерді транзиттік басқару тәжірибесі міндетті талап болып табылады.

      Активтерді сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау туралы шешімді Ұлттық Банк Төрағасы, Ұлттық қор активтеріне қатысты Өкілетті өкіл қабылдайды.

      40. Уәкілетті бөлімше инвестициялық транзиттік басқару туралы келісім жасауға байланысты іс-шараларды және оның талаптарының орындалуына одан әрі мониторингті жүзеге асырады.

      41. Инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімде мына:

      1) Ұлттық Банктің мына:

      сыртқы транзиттік басқарушы инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімнің талаптарын бұзған;

      Ұлттық Банк Төрағасының, Ұлттық қор активтеріне қатысты Өкілетті өкілдің шешімі болған жағдайда, инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу құқығы болуы туралы;

      2) егер әрекеттер Активтердің аяқталмаған кез келген сыртқы транзиттік басқаруын қозғамаса, Ұлттық Банкте өз қалауы бойынша кез келген уақытта сыртқы транзиттік басқарудағы Активтерді толықтыру (қайтарып алу) құқығы болуы туралы;

      3) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқаруға берілген Активтерін басқаруға жауапты өз қызметкерлерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беруі туралы;

      4) Ұлттық Банк қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы транзиттік басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерге мониторинг жүргізу рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сыртқы транзиттік басқарушыға баруы туралы;

      5) сыртқы транзиттік басқарушы тарапынан ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Ұлттық Банкке келтірілген ықтимал шығын үшін сыртқы транзиттік басқарушының жауапкершілігі туралы;

      6) сыртқы транзиттік басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және оны растау рәсімдері аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей сыртқы транзиттік басқарушының шоғырландырылған есепке жауапты кастодиан банкке жүргізілген операциялар туралы ақпаратты беруі туралы;

      7) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқарушының брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері жөніндегі ақпаратты, құжаттарды ұсынуы туралы;

      8) заңсыздық пен мүдделер қақтығысы тәуекелін азайтатын, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы транзиттік басқарушының тәуекелдерін басқарудың ішкі саясаттары мен рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты сыртқы транзиттік басқарушының ұсынуы туралы;

      9) сыртқы транзиттік басқарушының транзиттік кезең аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімге сәйкес Ұлттық Банкке мынадай есептерді ұсыну міндеті туралы:

      транзиттік кезең ішінде сыртқы транзиттік басқарушы, оның үлестес брокерлері (дилерлері), сондай-ақ фьючерстік мәмілелер бойынша брокерлері жасаған бағалы қағаздармен барлық мәмілелер бойынша есеп;

      сыртқы транзиттік басқарушы жасаған мәмілелерді орындаудың күтілетін және нақты құны арасындағы айырма, брокерлердің комиссиялық сыйақысының мөлшері, нарықтық факторлардың ықпалы, форекс-операциялар бойынша валютаны сатып алу және сату бағамдарының айырмасы, сондай-ақ транзиттік кезең аяқталған күнгі жағдай бойынша төленген салықтардың сомасы мен ұтыс жоғалту туралы мәліметтерді қамтитын Активтерді сыртқы транзиттік басқару нәтижелері туралы есеп;

      тиісті қаржы нарықтарының жай-күйі және олардың портфельдің құрылымы мен құнына ықпалы туралы есеп;

      инвестициялық стратегияға шолу және портфельдің құрылымына енгізілген өзгерістердің сипаттамасы;

      10) сыртқы транзиттік басқарушының қадағалау органдары қабылдаған шаралар және сот талқылауларына қатысуы жөніндегі ақпаратты ұсынуы туралы;

      11) транзиттік кезең аяқталған кезде сыртқы транзиттік басқарушының инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімге сәйкес кастодиан банкпен (кастодиан банктермен) салыстырып тексерілген транзиттік кезең аяқталған күні портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы туралы;

      12) қазақ, орыс тілдерінде және тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілде инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімге қол қою туралы;

      13) тараптардың келісуі бойынша инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы талаптар қамтылады.

      42. Ұлттық Банк инвестициялық транзиттiк басқару туралы келiсiмге сәйкес Ұлттық Банктiң кастодиан банктегi (кастодиан банктердегi) сыртқы транзиттiк басқаруға арналған шоттарына ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды аудару арқылы Активтердi сыртқы транзиттiк басқаруға берудi жүзеге асырады.

      Активтер сыртқы транзиттік басқарушыға 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      43. Сыртқы транзиттік басқаруға берілетін Активтер Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегi) шоттарында және клирингтік брокердегі маржалық шотында сақталады. Инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімде осындай шот бойынша операциялар жүргізу талаптары болған кезде Активтерді үшінші тұлғада ашылған сыртқы транзиттік басқарушының маржалық шотында орналастыруға рұқсат беріледі.

      44. Активтерді сыртқы транзиттік басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше инвестициялық транзиттік басқару туралы келісімде көрсетілген шектеулердің сақталуын, сыртқы транзиттік басқарушы жасайтын мәмілелерге мониторингі жүзеге асыру арқылы сыртқы транзиттік басқарушының қызметіне күн сайынғы мониторинг жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
алтын-валюта активтерін,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
активтерін және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақы активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
және активтерді сыртқы
басқаруға беру қағидаларына
1-қосымша

Әлеуетті сыртқы басқарушыдан сұратылатын ең аз ақпарат

      1. Қаралатын мандат түрі бойынша әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесі.

      2. Әлеуетті сыртқы басқарушының соңғы 5 (бес) жылда басқаруындағы (басқаруында болған) клиенттер активтерінің көлемі, оның ішінде:

      1) басқарудағы (басқаруында болған) жалпы активтердің көлемі;

      2) қаралатын мандат түрі бойынша активтердің көлемі;

      3) институционалдық инвесторлар активтерінің көлемі (орталық банктердің активтерін қоса алғанда);

      4) бөлек шоттар бойынша активтер көлемі.

      3. Портфельдік менеджерлер мен сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты болатын клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер туралы ақпарат.

      4. Соңғы 10 (он) жылда сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты әлеуетті сыртқы басқарушының персоналының (портфельдік менеджерлер, талдаушылар және трейдерлер) қозғалысы туралы ақпарат.

      5. Инвестициялық процестің, портфельді басқару әдістерінің, нарықты зерттеудің, пайдаланылатын ақпарат көздерінің және қаржы құралдарын бағалау модельдерінің толық сипаттамасы.

      6. Белсенді нарықтық тәуекелді модельдеу, мониторингтеу және басқару қалай жүзеге асырылады (егер қаралып отырған мандат түрі активтерді белсенді басқаруға жататын болса).

      7. Тәуекелдер мониторингі және оларды басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның болуы.

      8. Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері соңғы 5 (бес) жыл ішінде ұқсас мандат бойынша ұқсас немесе түрі бойынша соған жақын эталондық портфельмен симуляцияланған портфельдерді есепке алмай ұсынылуы тиіс. Бұл ретте эталондық портфель активтерінің елдер (өңірлер) бойынша бөлінуі тиісті мандаттың эталондық портфелінің құрылымына жақын болуға тиіс.

      9. Қаржылық және талдамалық есептілікте қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымның сипаттамасы.

      10. Ішкі корпоративтік басқарудың қысқаша сипаттамасы.

      11. Сыртқы басқарушының инвестициялық сыртқы басқару туралы келісімге сәйкес талаптар бұзылған жағдайда Ұлттық Банк алдындағы жауапкершілігі, оның ішінде кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің лимитін (ex-ante tracking error) (экс-анте трекинг эррор) бұзғаны үшін және сыртқы басқарушы тарапынан ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Ұлттық Банкке келтірілген ықтимал шығын үшін жауапкершілігі.

      12. Клиентті сыртқы басқарушының қателерінен қорғау үшін пайдаланылатын сақтандыру түрлері туралы ақпарат.

      13. Оқытуды ұйымдастыру талаптары.

      14. Сыртқы басқару үшін комиссиялық сыйақының болжамды деңгейі туралы ақпарат.

      15. Әлеуетті сыртқы басқарушының соңғы қаржы жылындағы аудиттелген қаржылық есебі.

      16. Сыртқы басқарушының теріс пайдалану тәуекелін және мүдделер қақтығысын төмендету мәселелерін регламенттейтін ішкі саясаты мен рәсімдері, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы және әділ бөлуді қамтамасыз ету, сыртқы басқарушының брокерлерінің, агенттері мен қарсы әріптестерінің тізімін және бекіту рәсімдерін тексеру.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
алтын-валюта активтерін,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
активтерін және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы
қорының зейнетақы активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
және активтерді сыртқы
басқаруға беру қағидаларына
2-қосымша

Алтын-валюта активтерін, Ұлттық қордың активтерін және зейнетақы активтерін әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы түрде талдау үшін бағалау өлшемшарттары

1-кесте. Алтын-валюта активтерін әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы түрде талдау үшін бағалау өлшемшарттары

Бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттарға берілетін балл (көрсеткіштің мәні пайызбен анықталды)



Жаһандық мандат

Арнайы мандат

Өңірлік мандат

1.

Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру кезінде көрсеткіштер тиісті мандатпен қамтуға байланысты нормаланады)

40 балл

40 балл

40 балл

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық үстеме кірістілік (егер кезеңдегі үстеме кірістілік көрсеткіші 5 (бес) жылдан аз оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)

40 пайыз

40 пайыз

40 пайыз

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы ақпараттық коэффициент (information ratio) (информейшн рейшио) (егер кезеңдегі ақпараттық коэффициенттің (information ratio) (информейшн рейшио) көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жылдағы кезеңге қатысты нормаланады)

60 пайыз

60 пайыз

60 пайыз

2.

Ұйым және активтер

15 балл

15 балл

15 балл

қызметкерлердің ұйым капиталының құрылымына қатысуы

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы активтердің орташа жылдық өзгеруі (пайызбен) (соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жыл аралығындағы немесе басқарудың басынан бастап әкетілулер мен әкелінулер)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы жалпы активтерге қатысты осы қаралатын мандат бойынша активтер көлемінің пайызы (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру кезінде өңірлік мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормаланады)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы жалпы активтерге институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің үлесі

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

3.

Команда

20 балл

20 балл

20 балл

тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

жалпы компания бойынша инвестициялық блок қызметкерлерінің (портфельдік менеджерлер, талдаушылар, трейдерлер) арасында қызметкерлердің қозғалысы (ең аз мәні ескеріледі)

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

4.

Сыртқы басқарушының іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен клиенттердің мүдделерін сақтандыру түрінің болуы

5 балл

5 балл

5 балл

5.

Басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы деңгейі

10 балл

10 балл

10 балл

базалық комиссиялық сыйақының деңгейі (ең аз мәні ескеріледі)

75 пайыз

75 пайыз

75 пайыз

сыртқы басқарушының басқаруды бастаған күнінен бастап (net new high basis since inception) (нет нью хай бейсис синс инсепшн) өткен кезеңдердегі ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме кірістілікке қол жеткізілген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақы төлеу қағидатын қабылдау

10 пайыз

10 пайыз

10 пайыз

сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме кірістіліктің ең төменгі шегі бойынша базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес талапты қабылдау

15 пайыз

15 пайыз

15 пайыз

6.

Ұлттық Банк қызметкерлерін оқыту

10 балл

10 балл

10 балл

қысқа мерзімді оқыту ұзақтығы 1 (бір) – 2 (екі) апта

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

ұзақтығы 1 (бір) айдан басталатын тағылымдамадан және (немесе) секонденттен өту мүмкіндігін беру

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

2-кесте. Ұлттық қор активтері мен зейнетақы активтерін әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы түрде талдау үшін бағалау өлшемшарттары

Бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттарға берілетін балл (көрсеткіштің мәні пайызбен анықталды)

Жаһандық мандат

Арнайы мандат

Өңірлік мандат

1.

Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (өңірлік мандатпен маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау кезінде көрсеткіштер тиісті мандатпен қамтуға байланысты нормаланады)

40 балл

45 балл

45 балл

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы үстеме кірістілік (5 (бес) жылдан аз кезеңдегі үстеме кірістілік көрсеткіші оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жыл кезеңіне қатысты нормаланады

40 пайыз

40 пайыз

40 пайыз

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы ақпараттық коэффициент (information ratio) (информейшн рейшио) (егер 5 (бес) жылдан аз кезеңдегі ақпараттық коэффициент (information ratio) (информейшн рейшио) көрсеткіші оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жыл кезеңіне қатысты нормаланады)

60 пайыз

60 пайыз

60 пайыз

2.

Ұйым және активтер

15 балл

15 балл

15 балл

қызметкерлердің ұйым капиталының құрылымына қатысуы

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы активтердің орташа жылдық өзгеруі (пайызбен) (соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы немесе басқару басталғаннан бергі әкетілу мен әкеліну)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

осы қаралып отырған мандат бойынша басқарудағы жалпы активтерге активтер көлемінің пайызы (өңірлік мандаттарға маманданған және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау кезінде өңірлік мандаттар бойынша активтер көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормаланады)

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

басқарудағы жалпы активтерге институционалдық инвесторлар активтері көлемінің үлесі

25 пайыз

25 пайыз

25 пайыз

3.

Команда

15 балл

15 балл

15 балл

тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфель менеджерлері мен талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

жалпы компания бойынша сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты қызметкердің қозғалысы (портфель менеджерлері, талдаушылар, трейдерлер) (ең аз мәні ескеріледі)

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

4.

Клиенттердің мүдделерін сыртқы басқарушының әрекетінен немесе әрекет етпеуінен сақтандыру түрінің болуы

5 балл

5 балл

5 балл

5.

Басқару үшін комиссиялық сыйақы деңгейі

10 балл

10 балл

10 балл

базалық комиссиялық сыйақының деңгейі (ең аз мәні ескеріледі)

75 пайыз

75 пайыз

75 пайыз

сыртқы басқарушы басқаруды бастаған күннен бастап өткен кезеңдердегі ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме табыстылыққа қол жеткізген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақы төлеу қағидатын қабылдау (net new high basis since inception) (нет нью хай бейсис синс инсепшн)

10 пайыз

10 пайыз

10 пайыз

сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме табыстылықтың ең төмен шегі бойынша базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес шартты қабылдау

15 пайыз

15 пайыз

15 пайыз

6.

Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту

8 балл

10 балл

10 балл

ұзақтығы 1 (бір) – 2 (екі) аптаға созылатын қысқа мерзімді оқыту

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

ұзақтығы 1 (бір) айдан басталатын тағылымдамадан және (немесе) секонденттен өту мүмкіндігін беру

50 пайыз

50 пайыз

50 пайыз

7.

Тиісті қаржылық қызметті жүзеге асыру мақсатында "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында заңды тұлға құру немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы міндеттеме-хатты ұсыну не әлеуетті сыртқы басқарушының халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде қаржылық қызметті жүзеге асырғаны туралы растау-хатты ұсыну

7 балл

0 балл

0 балл

      Ескертпе:

      1. Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес барлық бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың сомасымен анықталады.

      2. Балдарды есептеу үшін әрбір көрсеткіш барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылып отырған өлшемшарттағы ең жақсы көрсеткішке қатысты нормалануға жатады.

      Бұл ретте әлеуетті сыртқы басқарушының нормаланған көрсеткіші – бұл сыртқы басқарушы көрсеткішінің қарастырылып отырған критерий бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.

      3. Егер сыртқы басқарушы басқа мандат шеңберінде жарияланған мандат бойынша активтерді басқарса, басқа мандат шеңберінде осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады.

      4. Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқытуды бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады: 

Көрсеткіш (қызметкерлерді оқыту талаптары)

Көрсеткішке берілетін балл

Сыртқы басқарушы ұшып бару-келу, тұру, тамақтану ақысын төлейді

1

Сыртқы басқарушы тұру, тамақтану ақысын төлейді

0.5

Сыртқы басқарушы тұру ақысын төлейді

0.2

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
алтын-валюта активтерін,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
және бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы
активтерін сыртқы
басқарушыларды таңдау және
активтерді сыртқы басқаруға
беру қағидаларына
3-қосымша

Инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы түрде талдау үшін бағалау өлшемшарттары

1-кесте. Сандық талдау

Бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттарға берілетін балдар
(көрсеткіштің мәні пайызбен анықталады)

Активтерді белсенді басқару

Активтерді жетілдірілген индекстік басқару

Активтерді пассивті (индекстік) басқару

1.

Тәуекелі есепке алынған тарихи кірістілік көрсеткіштері

35 балл

45 балл

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық үстеме кірістілік (5 (бес) жылдан аз кезеңдегі үстеме кірістілік көрсеткіші оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жыл кезеңіне қатысты нормаланады)

15 пайыз

20 пайыз

30 пайыз

соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы ақпараттық коэффициент (information ratio) (информейшн рейшио) (егер 5 (бес) жылдан аз кезеңдегі артық кірістілік көрсеткіші оң болған жағдайда, көрсеткіш 5 (бес) жыл кезеңіне қатысты нормаланады)

30 пайыз

30 пайыз

50 пайыз

Шарп коэффициенті

15 пайыз

25 пайыз

20 пайыз

Сортино коэффициенті

40 пайыз

25 пайыз

-

2.

Тарихи нәтижелердің тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері

25 балл

Кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) (трекинг эррор) деңгейі

20 пайыз

40 пайыз

50 пайыз

Эталондық портфельден асу коэффициенті

30 пайыз

40 пайыз

50 пайыз

Эксцесс коэффициенті (kurtosis)

10 пайыз

-

-

Үстеме кірістілік көрсеткішінің ауқымы
(абсолютті мәні)

20 пайыз

-

-

Эталондық портфельге қарсы портфель нәтижелерінің асып кету ұзақтығы (айлармен)

20 пайыз

20 пайыз

-

3.

Төмендеу тәуекелінің көрсеткіштері

25 балл

15 балл

Кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) (трекинг эррор) ең төменгі шекті мәннен де төмен

10 пайыз

10 пайыз

-

Орташа шығын

10 пайыз

15 пайыз

25 пайыз

Эталондық портфельге қарсы портфельдің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің ұзақтығы (айлар бойынша)

25 пайыз

15 пайыз

-

Ең көп шығын

15 пайыз

20 пайыз

25 пайыз

Портфель құнының неғұрлым төмен түсуі

30 пайыз

20 пайыз

25 пайыз

Портфель нәтижелерін қалпына келтіру ұзақтығы

10 пайыз

20 пайыз

25 пайыз

4.

Комиссиялық сыйақы көрсеткіштері

15 балл

Базалық комиссиялық сыйақының деңгейі (ең төменгі мән ескеріледі)

75 пайыз

75 пайыз

75 пайыз

Сыртқы басқарушы басқаруды бастаған күннен бастап өткен кезеңдер бойынша ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме кірістілікке қол жеткізген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақы төлеу қағидатын қабылдау (net new high basis since inception) (нет нью хай бейсис синс инсепшн)

10 пайыз

10 пайыз

10 пайыз

Сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме кірістіліктің ең төменгі шегі бойынша шартты базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес деңгейде қабылдау

15 пайыз

15 пайыз

15 пайыз

2-кесте. Сапалық талдау

Бағалау өлшемшарттары

Қанағаттанарлық (қанағаттанарлықсыз)

1. Инвестициялық процесс

1.1. Инвестициялық портфельді құру

ұсынылып отырған инвестициялық өнімнің инвестициялық стратегиясының тиісті шектеулерін және лимиттерін бағалау


талдамалық зерттеулерді пайдалану және инвестициялық идеяларды ендіру


портфельді басқару нәтижелерінің мәлімделген стильге сәйкес келуін бағалау


1.2. Қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бойынша шешімдер қабылдау барысы

шешімдер қабылдау моделі


қаржы құралдарын сату кезінде түсінікті және жүйелі тәртіптің, сондай-ақ шығынның шектеулерін белгілеу бойынша рәсімдердің болуы


2. Мониторинг жүргізу мен бақылаудың ішкі рәсімдері

2.1. Тәуекелдерді басқару барысы

портфель тәуекелдерін басқару бойынша сыртқы басқарушы жұмысының ішкі тәртібі немесе регламенті


портфель тәуекелдеріне мониторинг жүргізу және оларды басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның болуы


2.2. Сауда мәмілелерін жүзеге асыру барысы

контрәріптестерді және сауда алаңдарын таңдау мен бекіту рәсімдерін қоса алғанда, мәмілелерді неғұрлым жақсы орындау саясатының болуы


комплаенс және деректерді салыстырып тексеру рәсімдерінің болуы


бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу


      Ескертпе:

      1. Іріктелген тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес 1-кестеде келтірілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың сомасымен анықталады.

      2. Балдарды есептеу мақсатында әрбір көрсеткіш іріктелген тізімдегі барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылып отырған өлшемшарттардағы неғұрлым жақсы көрсеткішке қатысты нормасы белгіленуі тиіс. Бұл ретте нормаланған көрсеткіш – іріктелген тізімдегі сыртқы басқарушы көрсеткішінің қарастырылып отырған өлшемшарттар бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.

      3. Сапалық талдау шеңберінде инвестициялық процесті және әлеуетті сыртқы басқарушыны бақылау мен мониторингтің ішкі рәсімдерін бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады, олардың өлшемшарттары 2-кестеде келтірілген:

Көрсеткіш

Көрсеткішке берілетін балл

Қанағаттанарлық – әлеуетті сыртқы басқарушының процесі және (немесе) рәсімдері мәлімделген мәртебеге сәйкес келеді, түсінікті, әрі жеңіл түсіндіріледі.

1

Қанағаттанарлықсыз – әлеуетті сыртқы басқарушының процесі және (немесе) рәсімдері мәлімделген мәртебеге сәйкес келмейді, тиімді, бірақ шешімдерді компания ішінде іске асыру бөлігінде проблемалар бар

0

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
алтын-валюта активтерін,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
активтерін және
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының
зейнетақы активтерін сыртқы
басқарушыларды таңдау
және активтерді сыртқы
басқаруға беру қағидаларына
4-қосымша

Сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі

      1. Осы Сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме) Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, Ұлттық қордың активтерін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін (бұдан әрі – Активтер) сыртқы басқарушыларға жыл сайын бағалау жүргізу және одан әрі өзара іс-қимыл бойынша шешімдер қабылдау тәртібі айқындалады.

      2. Сыртқы басқарушылардың тиімділігін бастапқы бағалау Әдістеменің 1-кестесіне сәйкес сандық және сапалық өлшемшарттардың (бұдан әрі – Бастапқы бағалау) жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.

      3. Бастапқы бағалау шеңберінде сыртқы басқарушының қорытынды жиынтық балы әртүрлі уақыт аралығы бойынша нәтижелерді саралап бағалау ретінде айқындалады. Соңғы 3 (үш) жылдағы нәтижелерге 3 коэффициентті салмақ, соңғы 5 (бес) жылдағы нәтижелерге – 2 коэффициентті салмақ, басқару басталған күннен бері нәтижелерге – 1 коэффициентті салмақ беріледі.

      Бұл ретте қорытынды балды есептеу қолжетімді уақыт аралықтарына тепе-тең жүзеге асырылады. Жекелеген кезеңдер үшін деректер болмаған жағдайда, олардың салмағы жиынтық салмағы 100 (жүз) пайызды құрайтындай етіп, нақты қолжетімді кезеңдер арасында қайта бөлінеді. Басқарудың қысқа тарихы бар сыртқы басқарушылар үшін қорытынды балл басқару басталғаннан бері алынған нәтижелер негізінде ғана айқындалуы мүмкін. Бұл ретте, басқару мерзімі 1 жылдан кем болатын сыртқы басқарушыларды бағалау жүргізілмейді.

1-кесте. Сандық және сапалық өлшемшарттар

Бағалау өлшемшарттары

Сипаты

Балл

Активтерді белсенді басқару

Активтерді жетілдірілген индекстік басқару

Активтердіпассивті (индекстік) басқару

Сандық өлшемшарттар

1.

Комиссияларды шегергенде портфельдің есептелетін жылдық үстеме кірістілігі

М жоғары

30 балл

30 балл

0 балл

М тең

20 балл

20 балл

0 балл

0-ден бастап М-ға дейін

5 балл

5 балл

0 балл

0 төмен

0 балл

0 балл

0 балл

2.

Ақпараттық коэффициент (information ratio) (информейшн рейшио)

0,5 жоғары

30 балл

30 балл

0 балл

0-ден бастап 0,5-ке дейін

15 балл

15 балл

0 балл

0-ден төмен

0 балл

0 балл

0 балл

Сапалық өлшемшарттар

3.

Инвестициялық команда құрамының тұрақтылығы мен сабақтастығы

Жоғары
Инвестициялық команданың негізгі құрамында өзгерістердің болмауы не инвестициялық процеске және команда ішінде рөлдерді бөлуге әсер етпеген өзгерістер

15 балл

15 балл

40 балл


Орташа
Команда ішінде өкілеттіктерді беруді және негізгі функцияларды сақтауды қоса алғанда, бақыланатын сабақтастық қамтамасыз етілген инвестициялық команда құрамында бір жолғы өзгерістер

10 балл

10 балл

30 балл


Төмендетілген
Рөлдерді, жауапкершілікті бөлуде немесе инвестициялық шешімдерді қабылдау процесінде белгісіздікпен ілесетін инвестициялық команда құрамындағы өзгерістер

5 балл

5 балл

20 балл


Төмен
Инвестициялық процестің бұзылуына немесе инвестициялық шешімдердің қабылдануын бақылауды жоғалтуға әкеп соғатын негізгі қызметкерлердің кетуін қоса алғанда, инвестициялық команданың құрамындағы елеулі немесе қайталанатын өзгерістер

0 балл

0 балл

0 балл

4.

Инвестициялық шектеулерді және комплаенс-тәртіпті сақтау

Жоғары
Инвестициялық шектеулерді, комплаенс-талаптарды және операциялық оқыс оқиғаларды бұзудың болмауы

15 балл

15 балл

40 балл


Орташа
Бір жолғы операциялық қателер немесе жедел жойылған елеусіз ауытқулар

10 балл

10 балл

30 балл


Төмендетілген
Жиі байқалатын ауытқулар немесе қаржы нарықтарындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты туындаған ауытқулар

5 балл

5 балл

20 балл


Төмен
Бұзушылықтарды уақтылы немесе толық жоймау жағдайларын қоса алғанда, басқарушының кінәсінен инвестициялық шектеулерді, комплаенс-талаптарды және белгіленген лимиттерді елеулі немесе қайталап бұзу

0 балл

0 балл

0 балл

5.

Өзара іс-қимыл сапасы және есептілік

Жоғары
Есептілікті уақтылы және толық ұсыну, проактивті және ашық коммуникация, хабарлау мерзімдерін сақтау, бетпе-бет кездесулерді қоса, тұрақты өзара іс-қимыл

10 балл

10 балл

20 балл


Қанағаттанарлық
Ақпаратты ұсыну мерзімдеріне немесе өзара іс-қимыл сапасына жекелеген ескертулер болған кезде жалпы есептілік пен коммуникацияға қойылатын талаптар сақталады

5 балл

5 балл

10 балл


Төмен
Есептіліктің сапасы тиісті болмауы, уақтылы емес немесе толық емес коммуникация, хабарлауды жүйелі түрде кідірту және өзара іс-қимыл деңгейінің жеткіліксіздігі

0 балл

0 балл

0 балл

      Мұнда М – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерінің және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің ұқсас мандаты бойынша сыртқы басқарушылардың үстеме кірістілігінің оң мәндерінің медианасы.

      4. Бастапқы бағалау шеңберінде бағалау нәтижелері бойынша шешімдер Әдістеменің 2-кестесінде көрсетілген қорытынды жиынтық балл аралықтарына сәйкес сыртқы басқарушының қорытынды жиынтық балы негізінде қабылданады.

      2-кесте. Қорытынды балдар бойынша шешім.

Шешім

Қорытынды бал

Активтерді белсенді басқару

Активтерді жетілдірілген индекстік басқару

Активтерді пассивті (индекстік) басқару

Мандаттың жалғасы

60-100

50-100

50-100

Байқау парағына енгізу

0-59

0-49

0-49

      5. Егер қорытынды жиынтық балл 50 балдан кем болса не егер Әдістеменің 1-кестесінде көрсетілген сапалық өлшемшарттардың кемінде біреуі бойынша қорытынды жиынтық балға қарамастан, "Төмен" деген баға берілсе, активтерді пассивті (индекстік) басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушылар үшін байқау парағына қосу жүзеге асырылады.

      6. Бастапқы бағалау нәтижелері бойынша байқау парағына енгізілген сыртқы басқарушылар бойынша нашар сипаттарды анықтау үшін Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес инвестициялық дью-дилидженс шеңберінде қосымша талдау жүргізіледі.

      7. Егер сыртқы басқарушы екі және одан да көп жүйелі есепті кезеңдер ішінде Бастапқы бағалау негізінде байқау парағына енгізуді көздейтін нәтижелерді көрсеткен жағдайда, мынадай шаралар қолданылады:

      1) алдыңғы есепті кезеңнің нәтижесімен салыстырғанда Бастапқы бағалаудың қорытынды балының оң динамикасы болған кезде сыртқы басқарушы байқау парағында болуын сақтайды және активтерді ішінара алу жүргізілмейді;

      2) алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда Бастапқы бағалаудың қорытынды балының оң динамикасы болмаған кезде уәкілетті бөлімше басқарудағы активтерді ішінара алу және (немесе) өзге де шаралар, оның ішінде сыртқы басқарушының комиссияларын төмендету, сыртқы басқарушымен келісу бойынша белгілі бір мерзімге комиссиялар төлеуді алып тастау туралы мәселені қарауға бастамашылық жасайды.

      8. Егер сыртқы басқарушыға 2 (екі) және одан да көп жүйелі есепті кезеңдер ішінде Әдістеменің 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген шаралар қолданылған жағдайда, уәкілетті бөлімше Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына активтерді қосымша ішінара алу немесе сыртқы басқарушының мандатын тоқтату туралы мәселені енгізуге бастамашылық жасайды.

      9. Активтердің инвестициялық стратегияларында көзделген лимиттер мен шектеулер, Активтерді әртараптандыруға қойылатын талаптар, шоғырлану лимиттері мен Активтердің инвестициялық стратегияларымен белгіленген өзге де шектеулер бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лауазымды адамының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қатысты Өкілетті өкілінің және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық комитетінің зейнетақы активтеріне қатысты шешімдері негізінде Әдістеменің 4, 7 және 8-тармақтарында көзделген шаралардан өзге шараларды қолдануға рұқсат етіледі.

      10. Неғұрлым төмен тиімді сыртқы басқарушылардан активтерді алу есебінен сыртқы басқарушылардың активтерін толықтыру немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерінің немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрамындағы портфельдер арасында активтерді қайта бөлу шеңберінде толықтыру туралы шешімдер сыртқы басқарушыға берілген қорытынды балды ескере отырып қабылданады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 77 Қаулыға
қосымша

Күші жойылған деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20243 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20249 болып тіркелген).

      3. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20909 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 29 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 143 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21917 болып тіркелген).

      5. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 144 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21916 болып тіркелген).

      6. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34349 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 56 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35131 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады