ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысаны (бұдан әрі – нысан) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет–ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап нысанның 5-тармағының 3) тармақшасы мынандай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"3) электрондық тәсілмен "цифрлық үкімет" веб–порталы арқылы:
_______________________________________________________ұсынылады."
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 маусымдағы № 69 Бұйрығымен бекітілген |
|
| Нысан |
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным
20___ жылғы "___" __________ №________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
1. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабына сәйкес Сізді хабардар етеді
________________________________________________________________
(бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
2. Объектінің орналасқан жері:_________________________________
___________________________________________________________________
(индексі, облыс, қала, мекенжайы)
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды:
Реттік нөмір | Нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына, тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы | Бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары |
(Бұзушылықтардың әрбір фактісі жеке тармақпен белгіленеді және нормативтік құқықтық актінің ережелері бұзылған бабына, тармағына және тармақшасына сілтеме жасала отырып, бұзушылықтардың сипаттамасымен көрсетіле отырып тәртібімен нөмірленеді. Бұзушылықтар сипаттамасында бұзушылықттарды растайтын құжаттардың атауы мен деректемелеріне сілтеме жасалады).
4. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабына сәйкес:
1) _______________________________________________________________
2) _________________________________________________________ұсынады.
Осы ұсынымды орындау қажет мерзімі: 20__ жылғы "___" _______________.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы осы ұсынымда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат (растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) электрондық мекенжайға: _________________________________________;
2) қолма-қол немесе пошта арқылы мекенжайға хабарламасы бар тапсырыс
хатпен:______________________________________________________________
3) электрондық тәсілмен "электрондық үкімет" веб–порталы арқылы: _______
_________________________________________________________ұсынылады.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның
аумақтық бөлімшесінің басшысы (басшының орынбасары)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Ұсыным___________________________________________________________
___________________________________________________________ берілді:
(медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы аумақтық мемлекеттік
органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы,
күні)
Ұсынымды алды (қолма-қол алған жағдайда): _____________________________
(бақылау мен қадағалау субъектісінің уәкілетті тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы, күні)
Ұсыным____________________________________________________жіберілді:
(жіберілгенін және (немесе) алынғанан растайтын құжат)
