БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет қағидалары "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамдарға "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (балалар және сот 2 әрекетте қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) көрсетілетін қызметті алушыға "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) осы Қағидаларға қосымшада көзделген мемлекеттік қызметін көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес жеке жүгінген кезде құжаттар топтамасын береді.
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбенің 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, аталған мерзім мемлекеттік қызметкөрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ШТҚ ТП орталық торабына ресімделген электрондық формулярды береді.
Электрондық формуляр орталық торапқа түскеннен кейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың Полиция департаменттерінің көші-қон қызметтері басқармаларының (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкері бір жұмыс күні ішінде электрондық формулярды толтырудың дұрыстығына және негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.
Тізбенің 11-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет бас тарту негіздері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті деректерін цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіпте цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы енгізуді қамтамасыз етеді.;
21. Цифрлық жүйе бұзылған жағдайда, байланыс арнасы болмаған немесе хабарламаларды жөнелтеуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлінісі техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін дереу шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін).
Хабарламаларды жөнелтуді бір сағаттан астам кешіктіруге әкеп соғатын апатты жағдайдың әрбір оқиғасын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлінісінің жауапты орындаушысы арнайы журналда тіркейді.";
"Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 30 маусымдағы № 461 бұйрығына қосымша |
|
| "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымша |
Мемлекеттік қызметін көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі. | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Жол жүру құжатын беру". |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1. Жол жүру құжатын беру. |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 17 жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минут; Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 минут. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Жол жүру құжатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алынады, ол Қазақстан Республикасының "Салық кодексінің" 667-бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары. |
1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде немесе порталда "жеке кабинет" арқылы алу мүмкіндігі бар; |
