Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидаларын, оның нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39166 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 117-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 340 бұйрығымен
бекітілген

Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысаны

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылыс кезеңіне құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигінің келісу қағидалары, оның нысаны (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 117-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органымен құрылыс кезеңіне құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібін, нысанын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады;

      2) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы –мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) объектіге барудың график-жоспары – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаға қоса берілетін, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне келісілген график бойынша баруына тапсырыс берушінің ерікті келісімін растайтын құжат.

2-тарау. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібі, оның нысаны

      3. Тапсырыс беруші "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал және цифрлық жүйелер (бұдан әрі-Портал) арқылы құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигін (бұдан әрі - Жоспар-графигі) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органына (бұдан әрі – бақылау және қадағалау органы) келісу үшін жолдайды.

      4. Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаға қоса беріледі.

      Жоспар-графигі Жоспар-графигінде көрсетілген барлық уақыт кезеңі ішінде әрекет етеді.

      5. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс беруші құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигін бақылау және қадағалау органымен құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмас бұрын келіседі.

      6. Бақылау және қадағалау органы Жоспар-графикті алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың ережелеріне және құрылыс объектісінің құрылымдық, көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және технологиялық көрсеткіштері бойынша Жоспар-графикте қабылданған шешімдерге сәйкестігіне салыстыруды жүзеге асырады.

      7. Жоспар-графикті оң салыстыру кезінде Бақылау және қадағалау органы порталда электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімін куәландырады.

      8. Жоспар-графикті теріс салыстыру кезінде Бақылау және қадағалау органы алдын ала шешімді Порталға анықталған сәйкессіздіктерді толық сипаттай отырып қоса береді.

      Бақылау және қадағалау органы әкімшілік рәсімге қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес алдын ала шешімде өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

      9. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша, дәлелді бас тарту алынғаннан кейін, осы Қағидалардың 5-тармағының шарттары сақталған жағдайда, Жоспар-графикті келісу үшін қайтадан жүгінеді..

      10. Бақылау және қадағалау органы осы Қағидаларға сәйкес Жоспар-графикті қайта салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      11. Тапсырыс беруші құрылыс мерзімдерін өзгерту қажеттілігіне байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы қайта хабарлама берген кезде Тапсырыс беруші Порталға түзетілген Жоспар-графикті енгізеді.

      12. Бақылау және қадағалау органы Жоспар-графигі негізінде баратын объектілерге мыналар жатады:

      - Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салынып жатқан құрылыс объектілері;

      - қаржыландыру көздеріне қарамастан көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы объектілер.

  Құрылыс кезеңінде құрылыс
объектісіне барудың
жоспар-графигін келісу
қағидалары, оның нысанына
қосымша

Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигінің нысаны

      Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигі

      Толтырылған: __________________________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә.)
_______________________________________________________________________
(Ұйым басшысының Т. А. Ә.)
Нысан: ________________________________________________________________
(бекітілген жобаға сәйкес объектінің атауы)
Жоба сараптамасының оң қорытындысы: 20__жылғы "__"
__________________________________________________________
(қорытындының№ және күні, сараптама ұйымының атауы)
Хабарлама: 20__ жылғы "__" _________ (күні)
Мердігер: ____________________________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә., лицензияның № және күні)
Техникалық қадағалау: _________________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә., № және аккредиттеу күні)
техникалық қадағалау мамандары: _______________________________________
_____________________________________________________________________
(Мамандардың т. а. ә., сертификаттардың № және күні)
Авторлық сүйемелдеу: _________________________________________________
(ұйымның атауы немесе маманның Т. А. Ә., сертификаттың № және күні)
Жоспар-графигі бағытының кезеңі: _____________

р/с №

Жұмыс, монтаждау түрлерінің атауы

Жұмыстардың, монтаждаудың аяқталу мерзімі

Құрылыс объектісіне бару күнінің басталуы

Жауапты тұлға

1

2

3

4

5

      Ескерту:

      Тапсырыс беруші осы Қағидалардың ережелерінің сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның құрылыс объектісіне баруына келісім береді.

      Бару кезеңі жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес құрылыс объектісінің жауапты конструкцияларын, іске қосу кешендерін, ғимараттары мен құрылыстарын қабылдау кезеңдерін ескере отырып жасалуға тиіс;

      Құрылыс объектісіне алғашқы бару хабарлама жіберілген сәттен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмей белгіленеді;

      Құрылыс объектісіне бару саны кемінде 3 (үш) ретті (құрылыс мерзімі 150 (жүз елу) күннен кем объектілерді қоспағанда), бірақ тоқсанына кемінде 1 (бір) ретті құрайды. Барулар арасындағы кезең 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспауға тиіс;

      Объектіні пайдалануға қабылдау алдында құрылыс объектісіне міндетті түрде бару барудың жалпы санында ескеріледі, бұл ретте қабылдау кезінде бару мен алдыңғы бару арасындағы уақыт 90 күннен аспауы тиіс.

      Келісілді:
      Қызметкер _____________________________________________________
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Ескерту:
      Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың Жоспар-графигін толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Құрылыс кезеңінде құрылыс
объектісіне барудың
жоспар-графигі
нысанына қосымша

Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда Жоспар-графигіне сәйкес құрылыс объектісіне барған кезде жүзеге асырылатын жұмыстар, монтаждау түрлерінің толық атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда жұмыстарды аяқтау және 2-бағанда көрсетілетіндерді монтаждау мерзімі көрсетіледі.

      4. 4-бағанда баруға кедергінің жоқтығын ескере отырып, құрылыс объектісіне барудың басталу күні көрсетіледі.

      5. 5-бағанда құрылыс объектісіне бару кезінде Бақылау және қадағалау органына ілесіп жүретін жауапты тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады