"Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 264 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 ж. "19" мамырдағы
№ 172 бұйрығымен
бекітілген

Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілері үшін қарыз және саудалық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      Осы Қағидалар шеңберінде сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушы) жасаған АӨК-дегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 80% мөлшерінде сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) АӨК-дегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) –Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын АӨК саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің құрамына кіретін акционерлік қоғам;

      2) АӨК-дегі цифрлық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – цифрлық сақтандыру жүйесі) – АӨК-дегі электрондық сақтандыру шарттарын жасауды, белгілі бір уақыт сәтінде тараптарды сәйкестендіруді және жасалған АӨК-дегі электрондық сақтандыру шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығын) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;

      3) АӨК-ні дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – АӨК-ні дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) дербес шот – субсидиялауға арналған өтінімдердің цифрлық тізілімінде тіркелген пайдаланушы туралы, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты көрсететін, цифрлық сақтандыру жүйесінде ашылатын шот;

      5) жеке кабинет – цифрлық сақтандыру жүйесінде пайдаланушының (сақтанушының, сақтандырушының, оператордың) жеке веб-парақшасы;

      6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын цифрлық сақтандыру жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      7) цифрлық сақтандыру жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, цифрлық сақтандыру жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      8) сақтандыру өнімі - оператор немесе сақтандырушы әзірлеген, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген және оператор бекіткен, АӨК-дегі сақтандыру кезінде АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шеңберінде субсидиялауға жататын қаржы өнімі;

      9) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға соңғысы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;

      10) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау –сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін оның екінші бөлігін сақтанушы төлеген жағдайда, төлеуге бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны;

      11) сақтандыру шарты – сақтанушының АӨК саласындағы қызметі шеңберінде оның мүліктік мүдделерін сақтандыру мақсатында сақтандырушы мен сақтанушы арасында жасалатын шарт;

      12) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы;

      13) субсидиялауға арналған өтінімдердің цифрлық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ сақтанушылар, сақтандырушылар туралы мәліметтер жиынтығы және цифрлық сақтандыру жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      14) субсидиялауға арналған өтінім – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеуге сақтандырушының цифрлық өтінімі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жеке кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

      16) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

      4. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау жөніндегі іс шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті орган мен оператор арасында тиісті қаржы жылына оператордың қызметтерін көрсету шарты жасалады.

      5. Операторға уәкілетті орган мен оператор арасында жасалатын шарт негізінде уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылады.

      6. Қаржы жылының соңында қолма-қол ақшаның ағымдағы бақылау шотындағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және сәйкесінше бюджетке қайтарылуы тиіс.

      Қолма-қол ақшаны бақылау шотында сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін субсидиялауға қаражат жетіспеген жағдайда, сақтандырушының өтінімі келесі қаржы жылында қаралады.

      7. Оператор цифрлық сақтандыру жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және оны сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялауға көзделген бюджет қаражаты болған кезде веб-порталда және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.

      8. Субсидиялар сақтандырушыларға төленеді.

2-тарау. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау тәртібі

      9. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) тізілімде оператор бекіткен сақтандыру өнімін сатып алу мәні болып табылатын қолданыстағы сақтандыру шартының болуы;

      2) сақтанушының цифрлық сақтандыру жүйесі мен банктік төлем жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидиялау мөлшеріне сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлегенін растауы;

      3) сақтандырушының веб-портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігінің субсидияларын алуға арналған өтінім (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінім) беруі.

      10. Цифрлық сақтандыру жүйесіне қолжетімділік беру үшін сақтанушылар мен сақтандырушыларда ЭЦҚ болуы қажет.

      Оператор көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар қызметкерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

      Тізілімнің деректеріне қолжетімділік уәкілетті органға онлайн-режимінде өтеусіз негізде беріледі.

      11. "Жеке кабинетте" тіркелу үшін сақтанушы мен сақтандырушы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының аты және әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде сақтанушы мен сақтандырушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде "жеке кабинетке" енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.

      12. Сақтанушы цифрлық сақтандыру жүйесі арқылы таңдалған сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасады және осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидия мөлшеріне сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлейді.

      13. Субсидиялауға арналған өтінімді сақтандырушы сақтанушыдан төлем алғаннан кейін береді.

      Сақтандырушының субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай тәртіппен "жеке кабинетте" төлегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі:

      1) сақтандырудың цифрлық жүйесінің субсидиялау шарттарын тексеру үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, субсидиялауға арналған өтінім қалыптастырылады;

      2) субсидиялауға арналған өтінім сақтандырушының ЭЦҚ-мен қол қоюы арқылы цифрлық сақтандыру жүйесінде тіркеледі және оператордың "жеке кабинетінде" қолжетімді болады. Оператордың электрондық мекенжайына субсидиялауға арналған өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабархат жіберіледі.

      14. Оператор субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, өтінім берілген күннен кейінгі күннен бастап цифрлық сақтандыру жүйесінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) ЭЦҚ пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растау. Бұл хабарлама сақтандырушы мен сақтанушының "жеке кабинеттерінде" қолжетімді болады;

      2) субсидиялауға арналған өтінім бойынша шешім қабылдау.

      Оператор субсидиялауға арналған өтінім бойынша шешім қабылданғаннан кейін Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді мақұлдау туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуді мақұлдау туралы хабарлама) не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы шешімнің қабылданғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама) жібереді.

      Мақұлдау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында сақтандырушы цифрлық сақтандыру жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ сақтандырушының цифрлық сақтандыру жүйесіндегі жеке кабинетіне жіберіледі.

      14-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      14-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

      2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.

      14-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:

      1) осы Қағидалардың 12-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

      2) осы Қағидалардың 14-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      14-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:

      1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұрады.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мақұлданған жағдайда, оператор цифрлық сақтандыру жүйесінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

      16. Цифрлық сақтандыру жүйесін пайдалануға Заңның 10-1-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі.

      17. Оператор тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Оператордың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым оператор басшысының атына беріледі.

      Оператор шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қарайды.

      Өтініш беруші шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген не шағым бойынша шешім қабылданбаған жағдайда өтініш беруші белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

      19. Уәкілетті органның мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) оператордың, сақтанушының, сақтандырушының шағымы орталық мемлекеттік орган басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл әкімінің атына, көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, уәкілетті орган шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Оператордың, сақтанушының, сақтандырушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, оның қаралуын ұзартудың негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, қаралуға тиіс.

  Сақтандыру сыйлықақыларын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігіне субсидиялар алуға арналған өтінім

      Кімге ____________________________________________________________________
(оператордың толық атауы) кімнен
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеуге _____________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.
атауы ___________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________
мекенжайы: _____________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:____________________________________________________
2. Сақтандырушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері:
БСН ___________________________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________________
банк деректемелері: _____________________________________________________
банктің атауы: _________________________________________________________
банктік сәйкестендіру коды ______________________________________________
жеке сәйкестендіру коды ________________________________________________
Кбе __________________________________________________________________
3. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру шартының мәліметтері:
шарттың нөмірі _______________________________________________________
шарттың жасалған күні ________________________________________________
сақтанушы бойынша мәліметтер _________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және
заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ жеке деректерді
және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіріп алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ___________ сағат _______-де қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Оператор 20__ жылғы "__" __________
сағат _________-де өтінімді қабылдады:

  Сақтандыру сыйлықақыларын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ұсынылады: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Әкімшілік нысанның атауы: Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ОСТ нысаны

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ___ тоқсан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан ды ұсынатын тұлғалар тобы: агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі



      Жинау әдісі: электрондық түрде

Сақтанушының/сақтандырушының атауы

Сақтанушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру шартының нөмірі және күні

Сақтандыру сыйлықақысының сомасы, теңге

Төленген субсидиялар сомасы, теңге

Оператордың арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы, теңге

1

2

3

4

5

6

7























Жиыны:






      Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық почтасы _________________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы
адам ________________________________________________________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
      Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшасында келтірілген.

  Әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған "Агроөнеркәсіптік
кешенде сақтандыруды
дамытуды мемлекеттік қолдау
шеңберінде берілген сақтандыру
шарттары бойынша
субсидиялардың нақты
пайдаланылғаны туралы есеп"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында сақтанушының/сақтандырушының атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында сақтанушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында сақтандыру шартының нөмірі және күні көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында оператордың арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы көрсетіледі.

  Сақтандыру сыйлықақыларын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Цифрлық сақтандыру жүйесі

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Оператор субсидиялауға арналған өтінім берілген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді мақұлдау туралы хабарлама не бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: цифрлық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) платформа – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Субсидия алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандырушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігіне субсидиялар алуға арналған өтінім беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) субсидиялар алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыы еместігінің анықталуы;
2) субсидиялар алу үшін ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты платформадағы "жеке кабинет" және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары платформада көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі байланыс орталығы: 1408.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) цифрлық сақтандыру жүйесінде
2) мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстардың бірыңғай платформасында орналастырылған.

  Сақтандыру сыйлықақыларын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуді мақұлдау туралы хабарлама

      Құрметті _________________________________________________________________
(сақтандырушының атауы)
Сіздің 20 ___ "_" _______№ ________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді
мақұлдау туралы шешім қабылданды.
Осымен Сіздің № __________есеп айырысу шотыңызға _ _ _ _ _ _ _ теңге мөлшерінде
субсидия сомасы аударылатынын хабарлаймыз.

  Сақтандыру сыйлықақыларын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________
(сақтандырушының атауы)
Сіздің 20 ___ "_" _______№ ________өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден
бас тартылды, себебі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады